«Индикаторлар жүйесі және диагностика» курсына кіріспе


Индикаторлар жүйесінде мынадай құрылым бар



бет4/12
Дата29.08.2022
өлшемі59.07 Kb.
#460068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
«Индикаторлар ж йесі ж не диагностика» курсына кіріспе (1)

Индикаторлар жүйесінде мынадай құрылым бар:
көрсеткіш - белгілі бір жас кезеңінде бала дамуының күтілетін нәтижесі, ол педагогтарды, ата-аналарды балалардың құзіретті даму параметрлері туралы бастапқы ақпаратпен, сондай-ақ
балалардың бір жас кезеңінен басқасына өтуіне көмектесетін негізімен қамтамасызетеді; білім беру саласы – білім беру мазмұнын анықтайтын категория; қосымша сала - білім беру саласының құрамдасы, ол оның мазмұны туралы неғұрлым дәл түсінік береді; стандарт - тәрбиелеу мен
оқыту сапаларын бағалаудың эталоны ре-тінде. '-Индикаторлар жүйесі құзіреттілік дамуының 3 деңгейінің болғанын көздейді:
бала ересектермен бірге немесе үлгі бойынша қандай да бір іс-әрекеттерді қабылдайды (1 балл, жеткіліксіз қузіретті);
бала өзінің не істегенін түсінеді, білімнің белгілі бір қорына ие болған, алай-да дербес әрекет етпейді (2 балл, жеткілікті құзіретті);
бала өзі білетін нәрсені қолданады және ересектердің көмегінсіз дербес, шығармашылықпен және стандарты емес жағдаяттарда орындай алады (3 балл, құзіретті).
1-кезең. индикаторлар - бұл педагогке баланың білім беру траекториясы бойынша алға жылжуын бағалау үшін қажетті категориялар. ҚДК-нің басты сипаттамасы жас серпіні болып табылады,
сондықтан 2-3 жастағы баланың даму деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер 3-4
жастағы балалар үшін қайталанбайды, өйткені олар бұл көрсеткіштерді жас
шекаралары шектерінде қолдану деңгейін меңгерулері тиіс. Егерде бұл орын
алмаса, онда бұл бағыттағы жұмыс келесі жас кезеңінде жалғастырылады, жұмыстың жаңа тәсілдері мен әдістері іріктеліп алынады.
Педагогтар балалардың көрсеткіштер бойынша даму үдерісін көзбен шолу-мен жылына 3 рет: жылдың бас кезінде, ортасында және соңында (қыркүйек -бастапқы бақылау, қаңтар – аралық және мамыр - қорытынды бақылау) жүргізуі, нәтижелерін «Бақылаулар парақтарына» балл қойып, жазулары тиіс
Егер жылдың соңында бала көрсеткіштердің 80 %-ын қолданатын болса, онда оның құзіретін жеткілікті деп есептеуге болады.
Педагогтар «Бақылаулар парақтарындағы» көрсеткіштердің негізінде нәтижелерді әрбір бала бойынша жеке, балалардың бүкіл тобы бойын­ша өңдеулері және жинақ ведомостеріне (кестелерге) енгізулері тиіс
2-кезең.
Алынған мәліметтердің негізінде «баланың жуырдағы даму аймақтары» есепке алына отырып, бала дамуының жеке картасы толтырылады. «Жуырдағы даму аймағы» ретінде
бала дербес қолдана алатын, іс-әрекеттің меңгерілген тәсілі мен ол әзірше
ересек адаммен ынтымақтастықта ғана орындай
алатын тәсілдің арасындағы айырмашылықты түсіну қажет. Тәрбиеші педагогикалық үдеріс тиімділігінің біртұтас картинасын жасау мақсатымен топтағы барлық
балалар үшін кестелер мен график-тер толтырады Әдіскер МДҰ-ның барлық топтары үшін мектепке
дейінгі білім беру сапасының диагностикалық кестелерін және бүкіл МДҰ
шеңберінде білім беру салалары бойынша мек­тепке дейінгі білім беру сапасының
диагностикалық кестелерін толтырады.
3-кезең.
«Карта» мен бақылау «Парағы» бала дамуының жеке білім беру траекториясын құруға мүмкіндік береді, мұнда педагог бала үшін диагностиканың әрбір кезеңінен
кейінгі педагогикалық үдерістің міндеттері мен мазмұнын белгілейді
Әдіскер мектепке дейінгі білім беру сапасының қорытынды кестесін толтырады, МДҰ сапа көрсеткіштері серпінінің графигі түпкілікті ресімделеді,диагностикалық жұмыстың қорытындылары шығарылады, құзіреттің төменгі деңгейін көрсеткен балалар дамуына түзетімдер енгізу жөнінде жұмыс жоспарланады.

Дәріс 4 Педагогикалық құбылыстардың жалпы принциптері мен зерттеу дәрежелері. Диагностикалық мәліметтердің өлшенуі мен ұсынылуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет