Информационное письмо


Дәріс 2 Бағдарлама мазмұны



бет9/33
Дата15.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470835
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Жанартылған билим УМКД

Дәріс 2
Бағдарлама мазмұны

  1. Бағдарламаның міндеті

  2. Бағдарламның модульдері

Бұл Бағдарламаның негізгі міндеті – болашақ мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіріп бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері оқытушының күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады. Осы Бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Яғни, студенттер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми (зерттеу) материалдармен танысатын болады. Мұндай жұмыс тыңдаушылар Бағдарламаға енгізілген оқыту мен оқудағы стратегиялар мен тәсілдерді қарастыру (таңдау, зерттеу, танысу т.б.) барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет. Оқуға арналған негізгі материалдар «Студентке арналған нұсқаулық» және үлестірме материалдар болып табылады. Құрылымдалған үлестірме материалдар мен қосымша онлайнматериалдар тиісті сабақтар барысында беріліп отырады. Бағдарлама мен жоғарыда аталған материалдар Үшінші деңгей бағдарламасының біртұтас оқу-әдістемелік кешенін құрайды. Сонымен қатар қажет болған жағдайда және кәсіби қажеттіліктеріне қарай тыңдаушылар Үшінші деңгей бағдарламасында пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттерді өз беттерінше оқи алады. «Студентке арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Бағдарламаның модульдері: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. 3. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 7. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет