Информационное письмо


Дәріс 14 Оқушыларды өлшемді бағалау жүйесі: әлемдік тәжірибе аясындағы қазақстандық білім беру мазмұны



бет17/33
Дата15.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470835
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
Жанартылған билим УМКД

Дәріс 14
Оқушыларды өлшемді бағалау жүйесі: әлемдік тәжірибе аясындағы қазақстандық білім беру мазмұны

  1. Бағалаудың түрлері

  2. Критериалды бағалау жүйесі бойынша әлемдік тәжірибені зерделеу

Оқытылатын пәндердің базалық мазмұнмен меңгеруді қамтамасыз ету қажеттілігі және жеті негізгі құзіреттіліктер бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру өлшемдер бойынша жаңа бағалау жүйесін әзірлеуді талап етеді.
Педагогикалық ғылымда бақылаудың мынадай негізгі түрлерін атап көрсетуге болады: ағымдағы, кезеңдік және қорытынды.
Ағымдағы бақылау сабақтарда немесе белгіленген тақырыптарды аяқтау бойынша жүзеге асырылады және критериалды бағалау режимінде форматты бағалауға сәйкес келеді.
Кезеңдік бақылау ірі тарауды толық аяқтаған кезде тоқсанда, жартыжылдықта өткізіледі. Қорытынды бақылау оқушыны келесі сыныпқа немесе оқытудың келесі деңгейіне көшіру қарсаңында өткізіледі және қорытынды аттестаттаудың маңызды түрі болып табылады. Бұл бақылаудың екі түрі критериалды бағалау режимінде құрылымдық бақылауға сәйкес келеді.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру деңгейін бағалаудың жаңа тұжырымдамалық тәсілі құзыреттіліктің әрбір түрі бойынша және барлық оқу пәндерінің мазмұны бойынша арнайы әзірленген бағалау өлшемдеріне негізделеді.
Құрылымдық (кезеңдік және қорытынды) бақылау функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың міндеттерін есепке ала отырып, бағалаудың жаңа жүйесін әзірлеуді талап етеді.


Дәріс 15
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың нәтижесі ретіндегі оқушы портфолиосы

  1. Портфолио

  2. Оқушылардың портфолиосын бағалау

Портфолионы [26]. Бұл педогогтың жетекшілігімен жүргізілетін оқушының өзінің шығармалық үдерісі. Мұғалім кеңесшінің рөлін атқарады және жеке даму траекториясының дұрыс жоспарлауына ықпал ете отырып, оқушыны қажетті бағытқа жетелейді. Мұғалім мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартын, мектептің білім беру үдерісінің стратегиясын басшылыққа алуы тиіс, ал бұл оқушы портфолиосындағы білім беру үдерісінің мазмұны оның жасына, жеке қабілеттеріне, қызығушылығына сәйкес келуіне әсерін тигізеді. Портфолионы құру кезінде білім берудің барлық субъектілері – оқушылардың, педогогтардың, оның ішінде психологтардың, ата-аналардың, қамқорлық көрсететін білім беру ұйымы әкімшілігінің қатысуы керек.
Портфолионы құру үдерісіне мыналар кіреді:
- оқушының өзі жеке дамуы үшін портфолионы құрудың маңыздылығын саналы түрде сезінуі;
- портфолионың мазмұнын айқындауда педогогтың бағыт берушілік рөлі;
- пән мұғалімінің жетекшілігімен пән мазмұнын ескере отырып, тоқсан, жартыжылдық және жыл аяғында оқушы өзінің жеке портретін жасауы (пәндік нәтижелерге бағдарлау) және сынып жетекшісінің, пән мұғалімі мен ата-анасының басшылығымен жеке тұлғалық даму мазмұны;
- мақсаттар қоюда педогогикалық жетекшілік және олардың күтілетін нәтижелер өлшемдеріне сәйкестігі;
- педогогтың алдын ала портретті жасауда түрлі формаларды елестетуі (эссе, сурет, коллаж, сызба және т.б.) және де оқушының ұнаған форманы өз бетінше таңдауы;
- педогогтың «Жинақтаушы» деген білім мазмұнын ашып беруі, онда оқушының жұмыс кезінде пән бойынша пайдаланатын материалдары – оқулықтар, қосымша әдебиеттер тізімі,үлгі ретінде басқа оқушылардың жұмыстары, негізгі теориялық ережелер, глоссарий, статистикалық деректер, ақпараттың басқа да дереккөздерінің болуы;
- осы аталған бөлімді құруда мұғалімнің көмегі;
- ақпаратты іздеу негіздерін үйрету, оның топтамасын, жазылуын, конспектілеуін үйрету;
«Жұмыс материалдары» бөлімінің типтік мазмұнын ашу, оған оқушының міндетті және қосымша жұмыстары кіреді;
- ұжымдық жұмысқа оқушылардың жеке үлесін көрсету;
- «Жетістіктер» бөлімінің мазмұнын түсіндіру, онда пән бойынша (білімдік, когнитивтік) мақтау қағаздары, сертификаттар, рефлексивтік талдау, рейтингтік бағалау парақшалары салаларындағы жеке тұлғалық, азаматтық, басқарушылық, ақпараттық, коммуникативтік, технологиялық, әлеуметтік құзыреттіліктер, сыныптастар тарапынан өзара бақылау негізіндегі мінездемелер, мұғалімдердің, ата-аналардың және де қандай да бір жұмысты орындау барысында оқушының өзара әрекет еткен басқа мекемелердің мінездемесі кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет