Дәріс5
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Оқу мазмұны мен тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауды ескеру
Метатану және қалай оқу керектігін үйрету
Білім беру мазмұнын жоспарлауда негізге алынған тәсілдемелер
Оқу үшін бағалауды пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың алға қойған мақсатына жету үшін таңдаған стратегияларының табыстылығын ескере отырып, кері байланыс ұсыну арқылы оларға өз білімін қадағалауға және бағалауға көмектеседі. Оқушылар мұндай білім мен дағдыларды меңгергенде, олар үшін бұл әдеттегі философияға айналып, олардың оқу үлгерімі жоғарылайды. Егер мұғалімдер оқу үдерісін оқушылар бағдарламаның мазмұнын игеріп қана қоймай, оқуға деген өз қабілетін дамыта алатындай етіп құра алса, бұл тиімдірек оқуға мүмкіндік береді. Педагогикалық стратегия ретінде оқу үшін бағалау арқылы метатануды дамытуға болатындығы ғылыми дәлелденген және ол мектептер, жоғары оқу орындары, сонымен қатар ғылым салаларындағы көптеген жүйелерде қолданылады. Сондықтан тестілеу нәтижелерінде болсын, қалай оқу керектігін үйренуде болсын алға қойылған мақсаттарға жетудегі табыстылықты осы метатанудың ықпалы деп түсіндіруге болады. Оқу қағидаттарын түсінуде оқушыларға көмектесу үшін мұғалімдердің айналысаты- нының айтарлықтай бөлігі метатану әлеуетін, атап айтқанда, олардың қалай ойлайтынын әрі оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін дамытудан тұрады. Бұл оқуды даралаудың (жекешелендірудің) ең басты идеясы болып табылады. Бір жағынан бұны метатанудың дараланған оқудың оқу үшін бағалау сияқты компоненттерін кеңінен қолданатындығымен түсіндіруге болады. Метатану дағдыларының өрістеуі білім алушыларға ондай қабілеттері айқындалмаған оқушылармен салыстырғанда жаңа тақырыптарды, пәндерді және пән салаларын жылдамырақ оқуға және мұғалім тарапынан қосымша назар аударуды талап етпеуге жол ашатын ерекше мүмкіндіктер береді. Басқаша айтқанда, метатанымдық қабілеттер оқушыларға білім алуында тәуелсіздік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |