Бақылау сұрақтары:
Көркем поэзия тілінде фразеологимдердің қолданылуын мысалмен түсіндір.
Көркем проза тілінде фразеологизмдердің қолданылуын мысалмен түсіндір.
№ 12 дәрістің тақырыбы: Көркем мәтіндегі грамматикалық тұлғалардың қызметі.
Мәтіндерді сөз таптарының жұмсалу ерекшелігіне қарай талдау.
Сұраулы сөйлем табиғаты мен стилистикалық ерекшеліктері.
Қазақ тілінің бірыңғай мүшелерінің стильдік қызметі.
Дәрістің мақсаты: Көркем мәтіндегі грамматикалық тұлғалардың қызметін түсіндіру.
Мәтіндерді сөз таптарының жұмсалу ерекшелігіне қарай талдау. Мәтіндегі сөз таптарының арақатысын анықтау. Олардың шығармада айтылатын ойға қатысы. Бір сөз табынан екінші сөз табына мағыналық ауысу құбылысына мән беру. Бір сөз табынан екінші сөз табына мағыналық ауысу құбылысына мән беру. Мәтін талдауда өлең мәтінін түзетін тілдік бірліктердің грамматикалық категорияларының қызметі туралы ғана айту жеткіліксіз. Прозалық мәтін құрайтын сөздер мен сөз тіркестері, сөйлемдерден өлең мәтінін құрайтын бірліктердің синтаксистік көп струкциялар ретіндегі қызметі өзгеше. Проза мәтінінде ой тұтас тығы бір күрделі синтаксистік тұтастықтан көрінсе, өлеңде бір шумақ немесе одан да көп шумақтан соң ой тұтастығы бай қалады.
Өлең мәтіндерінің лексикалық ерекшеліктері оны құрайтым сөздік қорға байланысты. Тіл байлығы, әр сөздің мағыналылығы, бейнелілігі, сөздің символикалық-поэтикалық қасиеттері, мәнерлілік, әуезділік сияқты сипаттары өлең мәтінін талдауда ескеріледі.
Өлең мәтінінде лексикалық, грамматикалык, бірліктер белгілі бір жүйе, рет бойынша қайталанып отырады. Ал өлеңнің семантикалық құрылысы бір-бірімен жүйелі сатылы байланысады, шумақтардың орнын ауыстыруға болмайды. Өлең мәтінінің әр тармақтарындағы мағыналық жағынан өзара бір-біріне тәуелді ой жалғастығы тұтасып семантикалық байланыс жасайды. Өлең мәтінін талдау барысында семантикалық байланыстарға назар аудару керек.
Мәтіндегі сөйлемдерді мағынасы мен айтылу интонациясына қарай талдау. Мәтін мазмұнының қандай тәсілмен (баяндау, хабарлау, суреттеу, талқылау, әңгімелесу, әңгімелеу) берілгендігін айқындау. Көркем мәтінде қолданылған сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер – кісінің ойын мәнерлі түрде әсерлі етіп айтудың өте ұтымды амалы. Хабарлы сөйлемдер тәрізді сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер де мәтін тілінде әр түрлі мағыналық реңктерге ие болады. Мұндай сөйлемдер үстемеленіп жұмсалуы арқылы сезімді, көңіл – күйді тереңдете, күшейте суреттейді.
Сұраулы сөйлемнің ашық сұрақты, альтернативтік сұрақты білдіретін, әртүрлі эмоционалды реңк беретін, болжалды мағына білдіретін түрлері мол. Мысалы: 1.Таңырқау, таңдану мағыналарындағы сұраулы сөйлемдер. 2.Ұнатпау, жақтырмау мағыналарын білдіретін сұраулы сөйлемдер. 3.Күмәндану, сенімсіздік, болжау мағыналарындағы сұраулы сөйлемдер. 4.Ренжу, қапалану сезімін білдіретін сұраулы сөйлемдер.
Мәтіндерде қолданылған бұйрықты сөйлемдерді экспрессивтілігіне және кейіпкердің көңіл-күйіне орай, тілек, өтініш, кейде ұрсу, жек көру мәнінде жұмсалу мүмкіндігіне қарай мынадай топтарға бөлуге болады : - Өтініш, тілек мәнді бұйрықты сөйлемдер. - Ұрсу, жеку мәнді бұйрықты сөйлемдер - Қорқыту, сес көрсету мәнді бұйрықты сөйлемдер. - Ұран, үндеу мәнді бұйрықты сөйлемдер. - Өсиет мәнді бұйрықты сөйлемдер.
Келісу мәнді бұйрықты сөйлемдер.Мәтіндерде кездесетiн лептi сөйлемдер әр түрлi мағыналық реңктерде қолданылады.Оларды бiлдiретiн мағынасына қарай мынадай топтарға бөлiп көрсетуге болады. 1.Сүйсiну, таңдану мағыналарын бiлдiретiн лептi сөйлемдер.2. таңырқау мағынасын бiлдiретiн лептi сөйлемдер. 3. Сүйсiну, риза болу мағынасын бiлдiретiн лептi сөйлемдер. 4. Өкiну, қайғыру мағынасын бiлдiретiн лептi сөйлемдер.
Мәтіндерді сөз таптарының жұмсалу ерекшелігіне қарай талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |