Информационное письмо



бет22/61
Дата10.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#454513
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61
Көркем мәтінге лингвистикалық талдау

Бақылау сұрақтары:

  1. Синонимдердің стильдік қызметі.

  2. Абай поэзиясындағы синонимдердің қолданылу ерекшелігі.

9 дәрістің тақырыбы: Көркем мәтіндегі көп мағыналы сөздер мен омонимдердің қолданылу ерекшеліктері.



  1. Көркем мәтіндегі көп мағыналы сөздер.

  2. Омонимдердің қолданылу ерекшеліктері.

Дәрістің мақсаты: Көркем мәтіндегі көп мағыналы сөздер мен омонимдердің қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру.

Тілдің мағыналық жақтан даму ерекшелігі оның семантикалық категорияларынан анық байқалады. Бұл ретте сөздердің ауыспалы мағынада қолданылуы, одан шығатын көп мағыналылық, (полисемия) оның лексикалық жүйеге қосқан үлесі, синонимдік қатарлардың стильдік дифференциациялануы, антонимдік оппозициялардың тілдік фактілері, әр текті (геторогенді) омонимдер мен бір текті (гомогенді) омонимдердің тілді байытудағы дәрежесі мен рөлі көркем әдебиет мысалдарынан ғана іріктеледі.

Тіддегі сөздердің мағыналық жақтан даму зандылығы олардың ішкі потенциясына байланысты. Солардың тілдегі бір көрінісі — гомогенді, яғни бір текті омонимдердің пайда болу құбылысы. Түбірі мен мағынасы бірдей бір сөздің сапалық даму нәтижесінде екі түрлі дербес мағынаға ие болған сөздердің тобы бір текті омонимдер қатарына жатады.

•Өзге де семантикалық категориялар сияқты омонимия құбылысы да тіл дамуының көрсеткіші.

•Сөздік қорды дамытудың бір саласы осы омонимдер деуге болады.

Омонимдерге ұқсас көпмағыналы сөздер бар. Алайда кейбір сөздер өзінің мағыналық жақтан алшақтауын этимологиялық зерттеулер жүргізгенде олардың о бастан полисемиялы болғандығы анықталып жатады. Жазушы шығармаларының тілі талданған тұста антонимдердің көбінесе грамматикалық жақтары сөз етіледі. Ақын-жазушылар үшін ұлт тіліндегі синонимдер жүйесін ұдайы жаңғыртып қолдануы шеберліктің бірнеше міндетін аңғартады. Мысалдарды қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндегі реестрмен салыстыру жүргізу қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет