Информационное письмо



бет24/61
Дата10.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#454513
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61
Көркем мәтінге лингвистикалық талдау

Бақылау сұрақтары:

  1. Көркем мәтіндегі мақал-мәтел, афоризмдердің қызметі.

  2. Этнографизмдердің көркемдік ерекшеліктері.

11 дәрістің тақырыбы: Фразеологизмдердің көркем мәтіндегі жұмсалым аясы.



  1. Көркем поэзия тілінде фразеологимдердің қолданылуы.

  2. Көркем проза тілінде фразеологизмдердің қолданылуы.

Дәрістің мақсаты: Фразеологизмдердің көркем мәтіндегі қызметін түсіндіру.

Окказионал фразеологизмдер—қалыптасқан мәтін түріне негізделген фразеологизмдер. Окказионал фразеологизмдердің түрлері бір ғана құрылымдық-семантикалық инвариант шеңберінде пайда болады.

Жекелеген нақты фразеологизмдердің ерекшелігі, фразеологиялық модель (қос сөздер, салыстырмалы конструкция) окказионалды фразеологизмдер жасайтын лексикалық материалдармен толықтырылады.

Окказионал фразеологизмдер, әдетте, авторлық фразеологизмдермен түсіндіріледі. Бір көркем шығарманың негізінде көрінетін окказионал фразеологизмдер әдеби тілге енуге талпыныс жасамайды. Окказионал фразеологизмдер шығарманың дамуымен бірге қалыптасады немесе біртіндеп фразеологизм болып енеді.

Автор осы үш мысалдағы окказионал фразеологизмдердің образды-экспрессивті қызметін атқаратын синтетикалық-құрылымдық фразео-логизмдерді қалыпты нормамен байланыстырады.

Демек, белгілі бір дәрежеде идиомдық, тұрақтылық элементтері бар дей келе, В.Фляйшер окказионал фразеологизмдердің потенциалды тенденциясын лексикалануы туралы айтуға болады дейді. Ол фразеологизмдену процесін жекелеген сөздерден тұратын жаңа единицалар туындайтын синтаксистік құбылыстар. Сондықтан бұл сөзжасамдық параллель бірлік. Сөзжасамда да, фраза тудыруда да жаңа сөздер мен тосын бірліктер пайда болады. Бұлар сөз қолдану шеңберіндегі автордың жеке білімінің деңгейін көрсетеді. Окказионализмдерді толық дамымаған немесе дұрыс емес сөздер деп тануға болмайды, бұлар керісінше берілген мәтін ішіндегі эмоционалды-экспрессивті мағынасы жағынан жалпы қолданыстағы сөздерге қарағанда ең керектісі. Бірақ окказионал фразеологизмдердің бар қызметі белгілі бір мәтіннің көлемінен аса алмайды, мұндай сөз тіркестері тілге еніп жалпы қолданысқа түспейді.

Жазба әдеби тілдің лексикалық құрамын түрлендіре, толықтыра түсуге септігі тиер окказионал сөздер—әдеби нормадағы байырғы сөздер мен неологизм сөздерден, көнерген сөздер мен диалектизмдерден табиғаты, сипаты бөлек категория.

Тілдік бірлік-сөзді танытатын айырым белгілердің бәрінде окказионал сөз иелене отырып, тек өзіне тән ерекше белгілерімен ажыратылады. Окказионалды реңк туғызатын қасиеттер көп қырлы сипатта бола отырып, сөзді анықтайтын белгілерімен сабақтаса байланысады. Бұл ерекше белгілер бірлікте тұтаса келгенде ғана нақты категориялық сипаты анықталмақ.

Г. Мұратова көркем шығарма мәтінінде кездескен жеке авторлық неологизмдердің пайда болуын мынадай әр түрлі мотивтерге бөлген:


  1. Ойды дәл әрі кысқа беруді көздеу.

  2. Жазушы санасында пайда болған күрделі образды жинақтап, синтездеп беруге ұмтылу, бірнеше ой жүйесін бір жерге шоғырландыру.

  3. Тілімізде бұрыннан бар ұғымдарға анағұрлым сәтті атаулар беру.

  1. Құбылысты бейнелі түрде суреттеу қажеттілігін сезіну.

  2. Поэтикалық техниканың әр түрлі міндеттерін өтеу.

А) Ұйқас үйлесімін сақтау.

Ә) Ырғақтық әуезділікті бұзбау.



  1. Сөз қолдануда тавтологиядан сақтану.

  2. Сөздің сонылығына, өзгелешігіне ұмтылу, «ескі» сөздерді қайталамай беруге тырысу. Бұл мотивтердің барлығы бір мақсатқа - стильдік эффект, экспрессивтілікке жетудің шарты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет