Мақсаты: Реляциялық үлгідегі ДҚ құруды және түзетуді оқып үйрену, оларға сұраныстар жасауды іске асыру (таңдамаға сұраныс, параметрлік сұраныс және қиылысқан сұраныстар және т.б.), күрделі есеп берулер мен формаларды қалпына келтіру.
Оқытудың міндеті: біркестелі және реляциялық деректер қорына, деректер сызбасына енгізілген деректердің қолданыстағы формаларын өңдей білуді, деректерді іздеу мен таңдап алуға арналған сұраныстар құруды, сұраныстардың әр түрлі тәсілдерін пайдалануды, арифметикалық тұрғыдағы формулалар мен функцияларды қолдануды, деректерді шығаруға арналған есептеулер нәтижелерін құруды қалыптастыру.
Ұйымдастыру кезеңі: -5 мин
Студенттердің сабаққа қатысуын тексеріп, келмеген және дайындалмаған себептерін айқындап, жаңа сабаққа назар аударуын ұйымдастыру.
Құзыреттілікті қалыптастыру саны: біліктілік, практикалық дағды.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: - 45 мин
-
Сұраныстар.
-
Сұраныстарды құрастырушы режимінде құру.
-
Сұраныстың түрлері.
-
Күрделі формалар мен есеп берулерді шебердің көмегімен құру.
Үзіліс - 10 мин
Оқыту және сабақ беру әдістері: тізбектелу әдісі.
Құзыреттілікті қалыптастыру әдістері:
-
ДК практикалық жұмыстың нәтижесін тексеру (студент типтік есептерді шешу арқылы дағдылануы үшін жеке тапсырмаларды орындауы қажет)
Студенттің өз бетімен жұмысы: - 50 мин
Біліктілік, практикалық дағдыны қалыптастыру: ситуациялық есептерді шешу.
Тапсырмалар:
1. Жүйе функцияларының негізгі талаптарын орындайтын таңдама сұраныстарын құрыңыз:
1.1. Таңдама сұранысын құрыңыз. Студенттердің тобы, Фамилиясы, Аты, Тегі, Пәндер, Бағалар өрістерінен тұратын «Студенттерді үлгерімі» атты сұраныс құрыңыз (пәндер бойынша үздік/А бағасын алған барлық студенттердің фамилиясы көрінсін. Фамилиялар тізімі өсу реті бойынша сұрыпталсын. Бағалар өрісіне қойылған таңдама шарты: үздік/A болсын.
1.2. Параметрлік сұраныс құрыңыз. Студенттің фамилиясы, тобының атауы, пәні және пән бойынша студенттің алған бағасы (үздік/А) көрсетілген сұраныс құрыңыз
1.3. Жұмыстың орындалуы туралы есеп құрыңыз.
2. Сұраныстардың құрылуы:
1) Таңдама сұранысын құрыңыз.
Тапсырма: Студенттердің тобы, Фамилиясы, Аты, Тегі, Пәндер, Бағалар өрістерінен тұратын «Студенттерді үлгерімі» атты сұраныс құрыңыз (пәндер бойынша үздік/А бағасын алған барлық студенттердің фамилиясы көрінсін. Фамилиялар тізімі өсу реті бойынша сұрыпталсын. Бағалар өрісіне қойылған таңдама шарты: үздік/A болсын.
2) Параметрлік сұраныс құрыңыз:
Тапсырма: Студенттің фамилиясы, тобының атауы, пәні және пән бойынша студенттің алған бағасы (үздік/А) көрсетілген сұраныс құрыңыз.
ІІІ. Формалар шеберінің көмегімен келесі формаларды құрыңыз:
а) «Студенттер» кестесінің негізінде форманың «В один столбец» түрін құрыңыз;
б) «Студенттердің тобы» кестесінің негізінде форманың «Ленточный» түрін құрыңыз;
в) «Пәндер» кестесінің негізінде форманың «Табличный» түрін құрыңыз;
г) «Үлгерім» кестесінің негізінде форманың «Выровненный» түрін құрыңыз;
ІV. Есеп беру шеберінің көмегімен келесі есептерді құрыңыз:
а) «Студенттер» кестесінің негізінде есептің «В столбец» түрін құрыңыз;
б) «Пәндер» кестесінің негізінде есептің «Табличный» түрін құрыңыз;
в) «Үлгерім» кестесінің негізінде есептің «Выровненный» түрін құрыңыз;
Әдебиеттер:
1. Сергеев А.П. Самоучитель. - Microsoft Office 2007. М.: Санкт-Петербург. Киев, 2007г. стр. 432.
2. В.Я. Гельман. Медицинская информатика. Питер. 2001 г. 145-186 стр.
3. Дж. Куртер, А. Маркви. MS Office 2000. Москва. 2001 г. 357-428 стр.
4. Виталий Герасевич. Компьютер для врача. Санкт-Петербург. 2002 г. 229-253 стр.
5. С.Симонович. «Информатика. Базовый курс.» 2-е издание. С.-П., 2003 г. 340-367 стр.
Үзіліс - 10 мин
Студенттердің оқытушымен бірігіп істейтін жұмысы: - 25 мин
Жұмыстың практикалық бөлігі аяқталғаннан соң оқытушы студенттердің практикалық жұмыстан алған нәтижелерін дұрыстығын тексереді. Содан кейін оқытушы тақырыпты студенттермен бірге талқылайды және оның практикалық қолданылуын сұрайды.
Соңғы білім деңгейлерін бақылау - 20 мин
Оқытушы студенттердің практикалық жұмыс нәтижелерінің қорытындысын тексереді. Тақырыпты сараптай отырып бақылау сұрақтарын жүргізеді. Компьютерде сауалнама тапсырады.
Бақылау
Сұрақтар:
-
Сұраныс дегеніміз не?
-
Сұраныстың қандай түрлерін білесіз?
-
Сүзгілеу мен сұраныс арасындағы айырмашылық қандай?
-
Сұраныстың қандай түрлері қолданылады?
-
Таңдама сұраныс қалай құрылады?
-
Сұраныс құру кезінде талаптар қоюға бола ма?
-
Форма дегеніміз не?
-
Деректер формаларының түрлерін атаңыз.
-
Формалар не үшін керек?
-
Автоформа дегеніміз не?
-
Шебердің көмегімен форма қалай құрылады?
-
Құрылған форманы қалай өзгертуге болады?
-
Форма өрістерінің қасиеттері қалай өзгереді?
-
Есеп беру дегеніміз не?
-
Есеп беру шеберлерін атаңыз.
Сауалнамалар: «Сұраныстармен, формалармен және есеп берулермен жұмыс істеу» тақырыбын «Информатика» сауалнамалар жинағынан қараңыз.
Бағалау: - 5 мин
Оқытушы біліктілік, практикалық дағды және өзін-өзі оқыту құзыреттілігін сараптайды.
Оқытушы студенттің практикалық жұмысын, қатесін тексереді. Кейін оқытушы әрбір студенттің жетістігі мен кемшілігін атап өтіп студенттің екі құзыреттілігі (біліктілік, практикалық дағды) бойынша журналға баға қойылады.
№9 тақырып. Желілік технологиялар. Интернет. HTML тілінің негіздері. Web парақтарды құру.
Мақсаты: Web-парақта суреттер жасауды үйрету, сондай-ақ Web-парақты өңдеп жасау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Оқытудың міндеті: HTML-құжатын құру, HTML-құжатына графикалық объектілер қою біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Ұйымдастыру кезеңі: -5 мин
Студенттердің сабаққа қатысуын тексеріп, келмеген және дайындалмаған себептерін айқындап, жаңа сабаққа назар аударуын ұйымдастыру.
Құзыреттілікті қалыптастыру саны: практикалық дағды.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: -45 мин
-
HTML-құжатының негіздері.
-
Мәтінді пішімдеу.
-
HTML-тізімін қолдану. Тізімдер анықтамасы.
-
HTML-құжатының түстік гаммасы.
-
HTML-құжатында суреттерді бейнелеу.
-
Кестелер.
Үзіліс -10 мин
Оқыту және сабақ беру әдістері: ақпараттық технологияларды оқыту.
Құзыреттілікті қалыптастыру әдістері:
-
Компьютерде сауалнама тапсыру (студент берілген тақырып бойынша минималды білімді және дағдыны тексеруге арналған теориялық сұрақтардан, негізгі анықтамалардан тұратын сауалнамаға жауап беруі тиіс). Ауызша сұрау (студент берілген тақырып бойынша әдістемелік нұсқауда көрсетілген сұрақтарға дайындықпен келуі тиіс).
-
ДК-де практикалық жұмыстың нәтижесін тексеру (студент сабақта нақты дағдыны алу үшін жеке тапсырмаларды орындауы тиіс).
Студенттің өз бетімен жұмысы: -50 мин
Практикалық дағдыны қалыптастыру: ситуациялық есептерді шешу.
Тапсырма:
1. Web-парағында Аты-жөніңіз жазылған құжат құрыңыз, құжатты Student.html деп атаңыз.
Мысалы:
1. Блокнот мәтіндік редакторын іске қосыңыз. (Бас меню-Программалар-Стандартты-
Блокнот).
2. Келесі мәтінді енгізіңіз:
kurs
Аты-жөні
Достарыңызбен бөлісу: |