«информатика»



бет20/32
Дата11.06.2016
өлшемі10.94 Mb.
#128330
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32

Растрлық бейнелер

Растрлық бейнелер (немесе биттік карталар - Bіtmар) дегеніміз — түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі және шешу қабілетімен анықталады, ал файлдың өлшемі пайдаланылған палитраға (ақ-қара немесе 1-биттік, 256 түсті немесе 8-биттік, true color — түсті дәл беру — немесе 32 биттік) қосымша тәуелді болады. Растрлық деп сканердің көмегімен алынған, сондай-ақ, графикалық редакторлар жасаған (мысалы, Paint) бейнелер аталады. Графикалық файлдардың неғұрлым кең тараған пішімдері – bmp, dib, gif, jpeg, pcx, rle, tiff.

Растрлық бейнелердің айтарлықтай кемшілігі бар, ол шығару құрылғысының, мысалы, дисплейдің шешу қабілетін өзгерткенде бұрмалануы.

Растрлық қойылымдар бейнелеу кезінде (мысалы, пиктограммалар, программадағы түймелер және т.б.) өлшемі өзгермейтін шағын объектілер үшін ұсынылады. Бұл үшін қарапайым графикалық редакторды пайдалануға болады, ал ең тиімді жолы — программалау жүйесіне кірістірілген құралдарды қоддану. Мысалы, Borland С++ тілінде жұмыс жасайтын программистер бұл мақсатта Resource Workshop программасын пайдаланғанды дұрыс көреді.

Үлкен өлшемді растрлық бейнелер (фотосуреттер, т.б.) құжаттар мен презентацияларда фон ретінде, сонымен бірге иллюстрация түрінде пайдаланылады. Оларды дайындауда бастапқы материал ретінде сканерден алынған немесе компакт-дискідегі кітапханадан алынған бейнелер қызмет етеді. Бұл бейнелерді өзгертусіз пайдалануға болады, бірақ көп жағдайда олар біршама жаңартуды қажет етеді. Егер иллюст-рация мақсаттары үшін көптеген файлдарды күрделі құрастыру немесе экзотикалық әсерлер (мысалы, Adobe Photoshop жүйесінде жүзеге асырылған «сфера», «барабан», «спираль» типті бұрмаланулар) қажет емес, ал бейнелерді сапалы дайындау үшін күрделілігі орташа графикалық редакторды (U-Lead System фирмасының РhоtоРlus типті) пайдаланған дұрыс. Мұндай класты редакторлар маңызды және жиі қолданылатын қызметтер жиынтығын қамтамасыз етеді, атап айтқанда:


  • бейненің (RGB True Color - нүктесіне 24 биттік, 256 түсті, 16 түсті, сұр түстің градациясы, қара-ақ) пішімін (Convert) өзгерту;

  • фрагменттерді қиып алу (Сut, Сору) және кірістіру (Раste), бірнешс фрагменттерді құрастыруға жол ашады;

  • шешімді өзгерту (Resolution) және өлшемді өзгерту (Resample) бейненің өлшемін өзгерткен кездегі бұрмалауды барынша азайтады;

  • палитраны түзету (Tоne Abjustment) түс гаммасының өзгеруіне, бейненің талап етілген түріне (реңкіне) қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

  • айқындық пен қанықтылықты (Brighthess & Соntrast) өзгерту қажетті айқындығын, қанықтылығын, сонымен бірге бірнеше құрастырылған фрагменттердің үйлесім-
    ділігін алу үшін қодданылады. Әр түрлі сүзгілер (Average, Blur, Sharpen, Emphasize Edges, Mosaic, Emboss) бейненің түстік ерекшелігін өзгертіп, фон, заставка,
    иллюстрацияны кабылдаудың тиісті әсеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Векторлық бейнелер

Бейнелерді векторлық әдіспен құрағанда графикалық объектілер қарапайым элементтердің, яғни үзік сызықтардың, доғалардың, шеңберлер мен көп бұрыштардың жиынтығы түрінде көрінеді. Векгорлық графикада бейнені құрайтын қисық және түрлі түсті құйылмалардың математикалық жазбасы бар. Оның маңызды бір артықшылығы — бейнелердің масштабы өзгере алады. Суреттің өлшемі өзгертілгенде примитивтер теңгерулері қайта ееептеліп, сызықтарды құру сол теңгерулер бойынша жүргізіледі. Нәтижесінде растрлық бейнелерге тән объектінің бұрмалануына жол берілмейді.

Құжаттарды немесе презентацияларды дайындау процесі кезінде синтезделетін иллюстрациялардың көбісін кең тараған пакеттердің аспаптарын пайдаланып, векторлық графиканың құралдары арқылы жүзеге асыру мүмкін (солай еткен онды).

Бұл орайда MS Word 2003-ке кірістірілген жаңа графикалық құралдар тартымды. Олар бұрынғы версияларға қарағанда едәуір жақсартылған, күрделі иллюстрацияларды тез жасауға мүмкіндік береді. Мұнда бейнелерді қосымша өңдеу (мысалы, бейнені бұру) қызметтері жұмыс істейді.

MS Word 2003-қа Бейнелерді бабына келтіру аспаптар панелі және Рамкалар қосылған, графикалық примитивтер жиыны кеңейтілген, бұрынғы версияларда оларды сызықтар мен доғалардан жасау көп уақытты талап етті (немесе мүлде мүмкін еместі).

MS Word 2003 құралдарымен көптеген түрлі түсті, геометриялық, мәтіндік және анимациялық әсерлі сәндік жазбалар жасауға болады.



Графикалар мен диаграммалар

Графикалар мен диаграммалар көптеген мәтіндерді (тәжірибе-сынақ нәтижелері, есеп көрсеткіштері, т.б.) көрнекі етіп көрсету үшін пайдаланылады. Harvard Graphics, Lotus, Microsoft Office сияқты өнімдерде графикалар мен диаграммалар түріндегі құралдардың мол жиынтығы бар. Солардың көмегімен екі, үш өлшемді диаграммалардың сызықты, бағаналы, шеңберлі, пирамидалы, т.б. түр-түрін жасауға болады. Асtіоn мультимедиа-презентациясының пакетінде диаграммаларды жасауға қажет бай аспаптар бар. Онда диаграммалар әр түрлі, қилы пішімді болып, оның әр элементі (бағана, сызық, сектор, т.б.), сонымен бірге диаграмманың өзі белгілі дыбыстық сүйемелдеумен жылжуы («өсіп», «жүзіп», т.б.) мүмкін. Microsoft Office - РоwerРоіnt пакетінде де диаграммалар мен графикаларды «жандандыру» құралдары болады.


Бекіту сұрақтары

  1. Сендер қандай графикалық редакторларды білесіндер?

  2. Corel Draw не үшін қолданылады?

  3. Photoshop-тың қызметі қандай?

  4. Графикалық файлдардыц қандай кеңейтiлулері бар?

  5. Растрлық графиканың векторлықтан айырмашылығы неде?

  6. Word 2003-те қандай векторлық примитивтер бар?

  7. Іскерлік графикасы үшін қандай дестелер пайдаланылады?


8-дәріс. MS Power Point. Негізгі түсініктері. Функционалды мүмкіндіктері. Жұмыс істеу технологиясы. Терезе құрылымы, презентация жасау әдістері

Мақсаты: MS Power Point негізгі түсініктері мен функционалды мүмкіндіктері, оның жұмыс істеу технологияс, терезе құрылымы, презентация жасау әдістерімен танысу.
PowerPoint - презентацияны дайындау және өткізудің ең жақсы бағдарламаларының бірі. Ол Microsoft Office пакетінің құрауышы болып табылады және презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға (кейін кодоскопта пайдалану үшін) немесе 35-миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған.

PowerPoint презентацияны жоспарлауға, жасауға және көрсетуге мүмкіндік береді. Пайдаланушыға үлгілердің түрлендірілетін жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралы ұсынылады, Ехсеl, Lotus 1-2-3 және АSСІІ файлдарынан импорттаумен қоса, көптеген импорт/экспорт пішімдері қолдау табады. Мәтінмен жұмыс істеу, графиктер құру, презентация схемасын жобалау міндеттері және тіркемеге алу механизмі қарастырылған.

Slide Master бағыныңқы жүйесінің көмегімен презентацияның жалпы көрінісін және пішімін басқаруға болады. Сұрыптаушы слайдтардың тізбегін беруге және олардың өте кішкентай кескіндерін қарауға, сондай-ақ бір презентациядан басқасына көшірме жасауға мүмкіңдік береді. Программа 84 стильдерінің бірін таңдауды және екі-үш өлшемді графиктерді тұрғызуды қамтамасыз етеді. PowerPoint-қа дыбысты сүйемелдеу (МСІ) және бейне (АVІ) кірістірілген (ОLЕ 2.0 арқылы). Бұл өнім барлық объектілерді тамаша басқаруды, яғни өлшемдерді өзгертуді, жоғары дәлдікпен айналдыруды, жылжытуды және т.б. қамтамасыз етеді. Оның нұскасында Microsoft-тың басқа қосымшаларымен ықпалдастыру жақсартылған, сондай-ақ Visual Basic for Application қолдауы іске асырылған.

PowerPoint презентацияның барлық құрауыштарын экранға шығаруға немесе басуға, сондай-ақ презентацияларды кейінірек WEB-серверде басып шығару үшін WEB-бет ретінде сақтауға мүмкіндік береді.

Презентация жасау ыңғайлы болуы үшін, PowerPoint-та бірқатар шеберлер, үлгілердің арнайы құралдары (үлгілер, дайындамалар) бар, оларда мәтінді пішімдеудің, түспен безендірудің әр түрлі элементтері, графикалық, объектілері мен клиптер кітапханасы бар. Іс жүзінде, презентация жасағанда пайдаланушының лайықты үлгіні таңдап, өз қажетіне үйлестіруі жеткілікті. Бұл үлгілерді түсті, кеңістікті, безендірудің пайдалану принциптерін жетік игерген кәсіби суретші-дизайнерлер жасайды.

Презентацияны көрсету слайдтарды белгілі реттілікте көрсету процесі болып табылады (слайдтардың нөмірлері өсуі ретімен болуы шарт емес), бұл жағдайда слайдтарды ауыстыру қолмен немесе автоматты түрде жүргізіледі. Пайдаланушы үрдісті презентацияны басқару панелі немесе слайдтар навигаторының көмегімен басқарады. Сондай-ақ, ол гиперсілтемелер слайдтарындағы тапсырмалар мен басқарушы батырмалардың көмегімен интерактивті презентация жасай алады. Егер аудитория өте үлкен немесе тыңдаушылар баяндамашыдан алыс отырса, онда презентацияны, бейне мен дыбыс сүйемелдеуімен қоса, Интернет бойынша компьютерге қосылған проекторды пайдалану арқылы (қосу үшін проекторлар мастері қолданылады) көрсетуге болады. Microsoft Outlook немесе басқа пошталық программаның көмегімен көрсетуді белгілі уақытқа қоюға болады.

Жазу кітапшасы сияқты құралды қолданса, онда презентацияны көрсету барысында хаттама жүргізуге, жазбалар жазуға немесе презентацияға арналған мәселелерді Outlook мәселелерінің тізіміне қосуға болады. Слайдтарға түсінік беретін жазбаларды және жазу кітапшасының мазмұнын басып шығару мүмкіндігі бар, бұл презентация өткізу кезінде тыңдаушылардың ілеспелі материалды зерттеуіне көмектеседі.

Яғни, PowerPoint презентацияныңWord құжатына айналуын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде толық және әдемі есеп берулер болып табылады. Ал керісінше, Word құжаттарынан презентация жасауға мүмкіндік береді. Слайд жасау үшін Harvare Graphics немесе Lotus Freelance сияқты кұралдармен дайындалған материалдарды қолдану мүмкіндігі бар.

PowerPoint желідегі жеке компьютерлер үшін презентация өткізуге, жиналысқа қатысушыларды оның өткізілетін жеріне бару қажеттігінен босатуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік редакцияланып (дайындалып) жатқан презентацияны жылдам қарап шығуға, ал оны көрсету кезінде тіркелген қатысушылар слайдтарда қаламсаппен жазуына, сурет салуына болады және бұл әрекеттер қалғандарының бәріне көрінеді (бірлескен жұмыс тәртібі қосылған жағдайда).

Microsoft Office-дегі Microsoft NetМееtіng қосымшаның бірлесуі деректерді бірлесіп пайдалануға және нақты уақытта әр түрлі қалалардағы адамдардың бір бөлмеде отырғандай бір-бірімен алмасуына мүмкіндік береді.

Желі бойынша жиналысты Office-нің кез келген қосымшасынан бастауға болады. Оны Microsoft Outlook көмегімен алдын ала жоспарлауға немесе бірлесіп пайдаланылатын PowerPoint презентациясынан әр уақытта ашуға болады.

Жиналысқа шақырылған пайдаланушы желі бойынша өту күні мен уақыты көрсетілген және жиналысқа қатысуға ұсыныс жасалған хабарды алады. Егер пайдаланушы шақыруды қабылдаса, оның компьютерінің экранында Собрание по сети инструменттермен бірлесіп пайдаланылатын презентация пайда болады.

PowerPoint менюі Microsoft Office-нің басқа қосымшаларындағы менюлерге ұқсас. PowerPoint батырмаларының көбі кескІні мен кызметі бойынша Microsoft Office-нің басқа косымшаларының сондай батырмаларымен сәйкес келетін әр түрлі инструменттер панельдерін ұсынады.

PowerPoint менюі:



  1. Файл. Microsoft Office стандартты менюі (пошталық хабар жіберу, оған презентациялар орналастыру, презентацияны Word-қа командаларын коса жіберу);

  2. Түзету. Командалар: операция нәтижесін орындатпау қиып алу, көшіру, кірістіру, табу, ауыстыру, басқа файлдармен байланыс жасау және объектіні редакциялау.

  3. Түр. Презентация түрін тандау, инструменттер панельдерін, сызғыштар мен бағыттауыштарды басқару, сондай-ақ слайд үлгілерін, тақырыптарды, шығарып берулер мен жазбаларды қарау, бейнелеу масштабын өзгерту және т.б. командалары;

  4. Кірістірме. Презентацияға әр түрлі объектілерді кірістіру командалары (күнді, уақытты, диаграмманы, кестені, дыбысты, фильмді және т.б.);

  5. Пішім. Қаріпті, туралауды, мәтін интервалдарын немесе слайд объектілерін, тізім маркерінің түрін, фонды, түс схемаларын, безендіру улгілерін және т.б. өзгерту командалары;

  6. Сервис. Microsoft Office әдеттегі инструменттері, сондай-ақ PowerPoint-тың ерекше командалары (жазу кітапшасымен жұмыс істеу);

  7. Слайдтарды көрсету. Презентациядағы объектілермен, слайдтармен түрлі әрекеттер жасау командалары (анимацияны баптау, құрамдас анимацияны қолдану, слайдтарды алмастыру әсерлері, проекторлар шеберін пайдаланумен бірге презентацияны баптау);

  8. Терезе және анықтама. Microsoft Office қосымшасының стандартты командалары.

PowerPoint-ті жүктегеннен кейін, презентация жасау әдісін таңдауға арналған диалог терезесі пайда болады (жаңадан үйренуші Мастер автосодержанияны пайдаланғаны жөн, тәжірибелі пайдаланушы бос презентацияға шығуына болады).

Мастер автосодержания (автомазмұн шебері) пайдаланушының жаңа презентацияны кезең-кезеңімен жасауын қамтамасыз етеді. Оның көмегімен жасалынатын презентацияның түрін (стратегия, бизнес-жоспар, өнімдер сату немесе қызмет көрсетулерді сату жоспары, оқыту, есеп берулер құрастыру, нашар жаңалықтар туралы хабар, жалпы баяндама және т.б.); шығару әдісін (экранға, 35-миллиметрлік пленкаға, мөлдір қағазға, түрлі-түсті немесе ақ-қара кескін); презентация параметрлерін таңдауға болады.

Мастер автосодержания диалог терезесінен іске қосылады, сондай-ақ Файл-Создать-Презентации командасының көмегімен презентация түрін таңдау диалогтық терезеге кіріп, аталған презентация үлгілерінің бірін тандауға болады.

Презентация үлгісі дегеніміз — белгілі жағдайларда пайдалануға арналған слайдтар (мысалы, өнімдер сату мен қызмет көрсетулерді сату, оқыту және т.б.) жиынтығы, түс схемалары және слайд мәтіндерінің схемалары. Іс жүзінде презентация шаблоны Мастер автосодержания-мен жұмыс істегенде де колданылады, оны тандау тиісті диалог терезесінде іске асырылады (үсынылған тізімнен немссе тікелей көрсетумен .роі қажетті файл кеңейтілуі бар), яғни шебер мен үлгі презентация құруды автоматтандыру қызметін атқарады, бірақ жұмысты әр түрлі кезеңдерде бастайды.

Пайдаланушы көрсеткен параметрлер бойынша Мастер автосодержания бастапқы презентацияның белгіленген слайдтары бар схемасын құрады. Пайдаланушы бұл слайдтардың мазмұнын өз қажеттіліктеріне қарай өзгертуі керек. Тышқан шертуден (мәтін енгізу аймағы) немесе екі рет шертуден (графикалық объект аймағы) тиісті редакциялау үшін белгі-толтырулар ашылады да, пайдаланушы оларға өзінің мәтінін енгізеді немесе өзіне кажетті объектіні кірістіреді.



Бос презентация — презентацияны «нөлден» құрады және кәсіби пайдаланушының жұмыс істеуіне арналған.

Презентацияны түрлі тәртіптерде қарап шығуға болады:



  • әдеттегі (жалпы құрылым-жоспарды, презентация сценарийін, ағымдағы слайд пен оған арналған жазбаны көрсету);

  • құрылымның (жалпы құрылымды, слайдтың кішірейтілген кескінін — миниатюраны және оған арналған жазбаларды көрсету, бұл слайдтың мәтіндік бөлігін жылдам өзгертуге мүмкұндік береді);

  • слайдтарды сұрыптау (слайдтардың бүкіл реттілігін (тізбегін) және презентациядағы олардың орналасу тәртібін өзгертуді қарап шығу);

  • слайд (ағымдағы слайдтарды қарау немесе өзгерту);

  • жазба беттері (әр слайдқа арналған жазба бетін толтыру немесе қарау үшін).

Бір тәртіптен басқаға өту Вид менюі командаларының немесе бірқатар батырмалардың (презентация терезесінің сол жағында төменде) көмегімен жүзеге асырылады. Бұдан басқа PowerPoint бір терезеде презентацияның әр түрлі көрсетілімдерін (слайдтары, құрылымын, жазба беттерін) біріктіре алады. Бұл презентация жасағанда слайд қосу, мәтінді редакциялау және ескертулер енгізу операцияларын орындауды, сондай-ақ оны редакциялағанда құжат бойынша жылжытуды жеңілдетеді.

Презентациялардың басым көпшілігі түспен көрсетуге арналған, бірақ таратып беретін материалды, әдетте, қара-ақ тәртіпте басады, өйткені экранда тамаша көрінетін көлеңкелі құюларды, боялған объектілер мен фондарды пайдалану басылымды оқуға ыңғайсыз етеді.

Слайдтарды басылып шығарылатын түрінде бейнелеу үшін (сұр түстің градацияларын қолданумен), слайдтар тәртібінде Вид-Черно-белый командасын орындау немесе оны контекстік менюден таңдап, безендірудің қажетті нұсқасын орнату керек. Мысалы, егер Авто таңдалса, фон жасырылады да, слайдта тек мәтін мен графика көрсетіледі. Егер Черный с белой заливкой таңдалса, сұрдың барлық реңктері объектілердің құюларымен қоса жасырылады да, ақ-қара түсте бәрі басылып шығарылады.

Ақ-қара тәртібінде жұмыс істеу кезінде енгізілетін өзгерістер экрандағы презентация түстеріне әсер етпейді. Сондықтан ең тиімді нұсқа — түрлі түсті презентация жасап, тарататын материалдарды ақ-қара принтерде басып шығару керек.

Презентацияның кез келген құрауышын басып шығару үшін оны ашып, Файл-Печать командасын беріп, басылатын объектіні: слайдтарды, шығарып беретіндерді, жазбалар беттерін нсмесе құрылымды көрсету керек. Содан кейін басылуға тиісті слайдтар тобы және басылатын көшірмелер саны белгіленеді.
Бекіту сұрақтары:


  1. PowerPoint -тың қызметі қандай?

  2. PowerPoint -тың негізгі мүмкіндіктері қандай?

  3. Презентацияны көрсету дегеніміз не?

  4. PowerPoint -тың менюі неден тұрады?

9-дәріс. Компьютерлік желі және телекоммуникация. Телекоммуникация түсінігі
Мақсаты: Компьютерлік желі түрлерімен танысу және олардың айырмашылықтарын білу.

Компьютерлердің немесе басқа құрылымдардың біріктірілген тобын желі деп атайды. Компьютерлерлік желілердің негізгі қызметі ресурстарды ортақ пайдалану, бір және немесе бірнеше өнеркәсіп ішінде және сырттай өзара интерактивті байланыс орнату. Ресурстар дегеніміз - берілгендер, қосымшалар, дискіжетек, принтер, манипулятор тетігі, модем сияқты сыртқы құрылғылар. Интерактивті байланыс түсінігі нақты уақыт аралығында хабарламалар алмасу процесін білдіреді.


Компьютерлік желілер түрлері

Локальды және территорияға бөлшектенген желілер.

Локальды желі (LAN) бір ғимараттың ішінде орналасқан дербес компьютерлер мен принтерлерді байланыстырады (ғимараттардың комплексінің). Территорияға бөлшектенген желілер (WAN) алыста орналасқан бірнеше локальды желіні біріктіреді.

Локальды желілер

Локальды желілер (ЛЖ) желілердің ішіндегі ең қарапайымы дербес компьютерлердің тобын қуаты жоғары желілік сервер деп аталатын компьютермен қосады (1-сурет). Локальды желідегі барлық дербес компьютерлер желілік серверде сақталған арнайы қосымшаларды қолдамуы және ортақ кұрылғыларды принтерлерді, факстерді пайдалануы мүмкін. Локальды желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желілік түйін деп аталады.



1-сурет. Клиент-серверлік үлгі

Локальды желілер жеке қолданушыларға өзара жеңіл және жылдам карым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Локальды желінің кейбір қызметтері:


  • кұжаттармен ортақ жұмыс жасау;

  • құжат алмасу процесін жеңілдету арқасында қолданушы өз жұмыс орнында отырып құжаттарды көріп шығуға, дұрыстауға, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

  • сервердегі өз жұмысын сақтау және архвтеу;

  • сервердегі қосымшаларға жеңіл кіру;

  • принтерлер, СD-ROM дискіжетектері, қатты дискілер және косымшалар (мысалы, мәтіндік редакторларды, мәліметтер корының программалық жабдықталуын) сияқты жоғары бағаланатын ресурстарды ортақ пайдалану жеңілденеді.


Аймақтық бөлшектенген желілер

Аймақтық бөлшектенген желілер локальды желілер сияқты артықшылықтар бере отырып үлкен территорияны қамтиды. Көбінесе ол үшін жалпылай қызмет көрсететін, модем істемесе жоғары жылдамдығы цифрлық желі арқылы коммутацияланған телефон желісі қолданылады (PSTN,Publik Switched Telephon Network) және комплексті түрде қызмет көрсетеді (ISDN, Intergated Services Digigtal Network). ISDN көбінесе бейне немесе дыбыс түріндегі үлкен файлдарды тасымалдау қызметін атқарады (2-сурет).



2 сурет

Негізгі локальды желілерге модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлік желі арқылы коммутацияланған телефон желісі арқылы жасалған аймактық бөлшектенген желілердің фукционалдылығын қосу арқылы сыртқы коммутациялардың артықшылығын пайдалануға болады, оның ішінде:



  • хабарламаларды электрондық пошта арқылы қабылдау және жіберу (е-
    mаil);

  • Іnternet-ке кіру.

Іnternet көпшілікке кіру мүмкіндігін жасайтын бүкіл әлем қолданушыларын деректер, дыбыс және бейне қоймаларымен қосатын ауқымды желі. Іnternet-тің негізгі функциялары электрондық пошта және зерттеулер мен қызығушылық орталары ортақ топтар арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі кезде Іnternet қашықтан окыту жүйелері және алыстан емдеу, диагностика сияқты дамушы дыбыстық және бейне қосымшаларын қолдайды.

Телекоммуникациялық есептеуіш желілер түсінігі. Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер — ақпарат алмасу және оны
өндеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден кұралады (абоненттік жүйелер). Мұндай масштабтағы желілер аппараттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің кай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.

Телекоммуникациялық желілердің аппараттық қамтамасыз етілуі әр түрлі типтегі компьютер, байланыс құрылғылары, абоненттік жүйе, байланыс тораптары, бірдей немесе әр түрлі деңгейдегі желілер жұмысын үйлестіруге арналған адаптерлік құрылғылардан тұрады. Телекоммуникациялық желілерде ақпаратты жіберу телефондық, телеграфтық, телевизиялық және спутниктік жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу барысында деректерді аналогтық және цифрлық кодтау қодданылады.

Телекоммуникациялық желілердің ақпараттық қамтамасыз етілуі — желі шешетін мәселеге бағытталған біртұтас ақпараттық қор болып табылады. Бұл қор барлық тұтынушылардың (абоненттер) ортақ пайдалануына және жеке абоненттерге арналған деректер жиыны. Онда білім базасы, автоматтандырылған деректер базасы (жергілікті және тарқатылған, қоғамдық және дербес пайдалануға арналған) қамтылған.
Бекіту сұрақтары


  1. Компьютерлік желі дегеніміз не?

  2. Компьютерлік желінің қандай түрлері бар?

  3. Локальді және аймақтық бөлшектенген желілер дегеніміз не? Олардың айырмашылықтары неде?

  4. Телекоммуникациялық есептеуіш желілер дегеніміз не?



10-дәріс. Жергілікті желі және ауқымды желі: принциптері, архитектурасы, негізгі компоненттері, олардың міндеттері
Мақсаты: Жергілікті желі және ауқымды желі: принциптері, архитектурасы, негізгі компоненттері, олардың міндеттерімен танысу.

Компьютерлік желінің сипаттамасы

Кез-келген компьютерлік желі:



  • топологиясымен;

  • хаттамаларымен;

  • интерфейсімен;

  • желілік техникалық және программалық кұралдарымен сипатталады.
    Компьютерлік желі топологиясы оның негізгі элементтерінің арасындағы құрылымдық байланысты көрсетеді.

Желілік техналогиялық құралдар - компьютерлерді ортақ компьютерлік желіге біріктіретін әртүрлі құрылымдар.

Желілік программалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарады және онымен қолданушы арасында ыңғайлы ортаны қамтамасыз етеді.

Хаттамалар— желінің функционалдық элементтерінің өзара әсерлесуін көрсететін қағидалар.

Интерфейстер - желінің функционалдық элементтерін өзара қосатын құралдар. Функционалдық элементтер ретінде жеке құрылғылар немесе программалық модульдер қолданылуы мүмкін. Сондықтан да, программалық және жабдықтық интерфейстерді бөліп қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет