«информатика»


DOS-та каталогтармен жұмыс



бет9/32
Дата11.06.2016
өлшемі10.94 Mb.
#128330
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32


DOS-та каталогтармен жұмыс

  1. Ағымдағы дискіні ауыстыру


Ағымдағы дискіні ауыстыру үшін диск атауын теріп, содан кейін қос нүктені теру керек, мысалы:

А: - А: дискісіне көшу

В: - В: дискісіне көшу

С: - С: дискісіне көшу

Команданы енгізгеннен кейін ENTER пернесін басу керек.


  1. Ағымдағы каталогты өзгерту


Каталогты өзгерту үшін Cd (Change Directory) командасы қолданылады. Команда форматы:

Cd (дисковод:)жол

  1. Каталогты қарау

Каталог мазмұнын көру үшін Dir командасы қолданылады.

Параметрлері:

/P – Мазмұнды толық экранда көру.

/W –кең форматта мәліметтерді шығару: файлдар мен каталогтар атын көрсетеді(каталог атаулары квадрат жақшаның ішіне жазылады)

/О – сұрыпталған түрде экранға шығару: ең алдымен каталог атаулары алфавиттік ретпен шығады, содан кейін файл атаулары алфавиттік ретпен шығады.


  1. Каталог құру

Жаңа каталог құру үшін Md (Make Directory) командасы қолданылады. Команда форматы:

Md (дисковод:)жол

  1. Каталогты жою

Каталогты жою үшін Rd (Remove Directory) командасы қолданылады. Команда форматы:

Rd (дисковод:) жол

  1. Бос емес каталогты жою

Ол үшін DelTree командасы қолданылады. Команд форматы:

Deltree файл-аты -немесе-каталог /YМысалы:

Deltree temp – ағымдағы каталогтағы temp каталогын немесе файлын жою;

Deltree \y temp – жою кезінде растауды талап етпейді


  1. Каталог атын өзгерту

Move командасы қолданылады. Команда форматы:

Move каталог-аты жаңа-каталог-аты

  1. Уақыт және күнді орнату

Күнді орнату үшін, Date командасы қолданылады

Уақытты орнату үшін время, Time командасы қолданылады



DOS-та файлдармен жұмыс

  1. Файлдарды көшіру

COPY командасы арқылы жүзеге асады. Мұнда бар файлды өзге атпен көшіру немесе файлды есімін өзгертпей басқа каталогқа көшіру мүмкіндігі бар.

COPY [бастапқы мекен-жай мен файл аты] [жаңа мекен-жай мен файл аты]

Егер файлдың жаңа аты немесе жаңа адресі көрсетілмесе, онда олардың орнына ағымдағы (бастапқы) аттар мен адрес қолданылады. Файлдың бастапқы адресі ретінде ағымдағы дискінің ағымдағы каталогы үнсіз қабылданады.


  1. Файлдарды біріктіру

COPY командасы сондай-ақ бірнеше файлдарды бір файлға біріктіруге мүмкіндік береді. Біріктірілуі тиіс файлдардың аттары COPY командасында «+» белгісі арқылы берілуі тиіс.

  1. Мәтіндік файлдарды құрау

Мысалға, пернетақтадан мәтін теру арқылы notes.txt файлын құрау керек болсын делік. Ол үшін:

COPY CON notes.txt

Командасын еңгізу керек. Бұдан кейін керекті мәтін теріледі. Мәтін терілеген соң Ғ6 функционалдық батырмасын немесе Ctrl-Z комбинациясын тереміз де, Enter-ді басамыз.Осы кезде экранға келесі хабарлама шығу керек: 1file(s) copied. Құралған файл ағымдағы дискінің ағымдағы каталогында орналасады.


  • RENAME- файлдар атын өзгертуге арналған ішкі команда.

Мысалдар:

REN D:\TEST\test.doc rez.doc (D: дискісіндегі TEST подкаталогында орналасқан test.doc бастапқы файлын rez.doc файлына атын өзгерту. Нәтижесінде rez.doc алынған файлы сол дискінің сол подкаталогына орналастырылады)

REN *.doc *.txt (doc кеңейтілуі бар ағымдағы каталогтың сол аттары бар, бірақ txt кеңейтілулерге өзгертеді)


  • MOVE- файлдарды тасымалдау қызметін атқарады. Сондай-ақ бұл команда файлдардың аттарын өзгертуге де арналған.


MS DOS операциялық жүйесінен шығу

Exit командасы msdos –тан шығу үшін пайдаланылады.
Тапсырма:

1 тапсырма

А: дискісіне (немесе кез келген басқа дискіге келесі каталогтар құрылымын құрыңыз:






  • DOCS каталогына info1.txt файлын құрыңыз және оған өз аты- жөніңізді жазыңыз;

  • Осы каталог ішінде info2.txt файлын құрыңыз және оған факультет атын, топ атауын, курсты жазыңыз;

  • info1.txt және info2.txt файлдарын бір info.txt атауы бар файлға біріктіріңіз;

  • құрылған файлды қараңыз;

  • DOCS каталогындағы барлық файлдарды INFO каталогына көшіріңіз;

  • info1.txt файлының көшірмесін PHOTOS каталогына орналастырыңыз;

  • info2.txt файлының көшірмесін LETTERS каталогына орналастырыңыз;

  • Нәтижені көріңіз.

2 тапсырма
А: дискісіне (немесе кез келген басқа дискіге келесі каталогтар құрылымын құрыңыз:

SCIENCE каталогына info1.txt файлын құрыңыз және оған өз аты- жөніңізді жазыңыз;



  • info1.txt файлының көшірмесін POEMS каталогына орналастырыңыз;

  • NOVELS каталогына info2.txt файлын құрыңыз және оған факультет атын, топ атауын, курсты жазыңыз;

  • info2.txt файлының көшірмесін POEMS каталогына орналастырыңыз;

  • POEMS каталогына көшіңіз және info1.txt және info2.txt файлдарын бір info.txt файлына біріктіріңіз;

  • POEMS каталогындағы барлық файлдарды RESULT каталогына орналастырыңыз;

  • Жұмыс нәтижесін көріңіз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырмаларды қысқаша теориялық түсініктемеде көрсетілген командаларды пайдалана отырып, орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Информатика:Учеб. Пособие для стед. Пед. Вузов/ А.В.Могилев, Н.И. Пак, Е.К. Хеннер; - М.: Изд.центр «Академия»,2000г.

  2. Шафрин Ю.А. Современные информационные технологии. Москва, «АСТ», 1998 г.

  3. Острейковский В.А. Информатика. Учебное пособие М, Высшая школа, 1999 г.


Бекіту сұрақтары:

  1. Экранды командалық тазалау;

  2. DOS-ғы стандартты құрылғылар атауы.

  3. Жүйелік уақыт пен күнді командалық орнату;

  4. Файлдар мен каталогтарды жою командалары;

  5. DOS командаларында қолданылатын файл атауларының шаблондары.



Зертханалық жұмыс №12.1
Тақырыбы: MS WORD мәтіндік процессоры
Мақсаты: Word текстік процессорындамен танысу. Word столының элементтері. Құжат жасауда менюді пайдалану. Жаңа құжат жасау. Тексті теру, редактрлеу, абзацтарды форматтау. Құжатты сақтау
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, MS WORD мәтіндік процессоры


Теориялық түсініктеме:

Орналастырылған Word редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады:



  1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен.

  2. Программаларды Microsoft Office тобындағы WORD шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.

  3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.

  4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы.

Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:

  • Файл => Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;

  • Word негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

  • Редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батрымасын (х) басу;

  • Тікелей Alt + Ғ4 пернелерін басу.

WORD экранымен танысу

WORD редакторын жүктегеннен кейін экранда қосымшаның терезесі ашылады (Сурет-1). Меню жолының астында ненгізінен сатнадарртты екі тақта- Стандартты және Форматтау тақталары орналасады. Тақталарды экранға шығару үшін немесе алып тастау үшін Вид- Панели инструментов командасын таңдап, керек тақтаның атын таңдау керек. Егер тақта экранда көрініп тұрса, онда оның атауынын қасында қара белгіше орналасатын болады. WORD құжаттар терезесінде екі сызғышты- горизонталь және вертикаль экранға шығаруға болады. Терезенің жоғарғы бөлігінде орналасқан горизонталь сызғыш жол ұзындығын көрсетеді. Бұл сызғышты шегіністерді, колонкалардың және өрістердің енін беруде қолдануға болады, сондай- ақ табуляторларды орналастыру кезінде қолдануға болады. Вертикаль сызғыш құжаттың сол жағында орналасқан. Оның көмегімен беттің жоғарғы және төменгі өрістерін өзгертуге болады, сонымен қатар кестелердегі жол ұзындығын да өзгертуге болады. Бұл сызғыштарды қалауымыз бойынша экраннан алып тастаңға болады. Ол үшін Вид- Линейка командасын орындаймыз.




Сурет-1. Word мәтіндік редакторының терезесі
Мәтінді теру

Абзацтар

Мәтінді теру кезінде жол толған кезде мәтін автоматты түрде келесі жолға ауысады. Enter пернесі екі рет басылған аралықта орналасқан мәтін абзац деп аталады. Әрбір абзац өзінің форматтау ережесіне бағынады.Егер келесі абзацқа көшпей жаңа жолды бастау керек болса, онда Shift+Enter пернелерінің комбинациясын басу керек. Келесі абзацты жаңа беттен бастау керек болса, онда Ctrl+Enter пернелерінің комбинациясын қолдануға болады.



Көрінбейтін символдар.

Мәтінді теру барысында қандай орындарда Enter, Shift+Enter пернелерінің басылғандығын көру қажеттігі туындайды. Word-тың кез келген құжатында көзге көрінетін символдармен қатар, көрінбейтін символдарда қолданылады. Мысалы, баспаға шықпайтын символдар: Enter, Shift+Enter, Бос орын, Tab,… пернелері арқылы пайда болады. Көрінбейтін символдарды экранда көру үшін стандартты құралдар тақтасындағы “Непечатаемые символы” (¶) батырмасын шерту керек. Сондай-ақ, Ctrl+Shift+8 пернелерінің комбинациясында пайдалануға болады.



Пернетақтада жоқ символдар.

Мәтінді теру кезінде, кей жағдайда, пернетақтада жоқ символдарды енгізу керек болады. Мысалы, грек алфавитінің әріптері: α, β, γ, δ, ε, π,... және т.б. символдар, мысалы,, , , , ¥, £ ,& … Бұл символдарды қою үшін Меню=>Вставка=>Символ… командасын пайдалануға болады, ашылған терезеден қажетті символды таңдап, ОК пернесін басу керек. Егер өажетті символ ашылған терезеде жоқ болса, онда шрифт түрін “Шрифт” тізімдерінің ішінен өзгерту керек.



Қажетсіз мәтіндерді өшіру.

Қажетсіз мәтінді жою үшін, оны алдымен ерекшелеп алу керек, содан кейін Delete пернесі басылады. Бір әріпті жою үшін: егер ол курсордың алдында орналасса, BackSpace пенресі, ал курсордан кейін орналасса Delete пернесін басу керек.



Ерекшелеу тәсілдері

Бағандарды және абзацтарды форматтау үшін, ақпаратты көшіру, көшірмесін алу және жою үшін оны ең алдымен тышқанның немесе клавиатураның көмегімен ерекшелеп алу керек.



Клавиатура көмегімен ерекшелеу

  1. Курсорды ерекшелеу керек фрагменттің басына орналастырыңыз.

  2. Мәтінді ерешелеу үшін пернелердің төмендегі комбинациясын пайдаланыңыз:

    • Shift +  немесе Shift + – бір жолды ерекшелеу;

    • Shift +  немесе Shift + –бір символды ерекшелеу;

    • Shift + Ctrl +  немесе Shift + Ctrl +– бір сөзді ерекшелеу;

    • Shift + Ctrl +  немесе Shift + Ctrl + – бір абзацты ерекшелеу;

    • Shift + Home – Курсор тұрған жерден бастап ағымдағы жолдың басына дейін ерекшелеу;

    • Shift + End – курсор тұрған жерден бастап ағымдағы жолдың соңына дейін ерекшелеу;

    • Shift + Ctrl + Home – курсор тұрған жерден бастап құжаттың басына дейін ерекшелеу;

    • Shift + Ctrl + End – курсор тұрған жерден бастап құжат соңына дейін ерекшелеу;

    • Ctrl + A немесе Ctrl + қосымша клавиатурадағы 5 цифрасы– бүкіл құжатты ерекшелеу.

Тышқанның көмегімен ерекшелеу

  1. Мәтіннің кішкене фрагментін ерекшелеу үшін, оның басына тышқанды шертіп, тышқан батырмасын жібермей көрсеткішті фрагмент соңына дейін тартыңыз, содан кейін тышқан батырмасын жіберіңіз.

  2. Мәтін блоктарын ерекшелеу үшін, төменде көрсетілген әдістердің бірін қолданыңыз.

Кесте-2. Тышқанның көмегімен ерекшелеу тәсілдері

Сөз

Сөзге тышқанды екі рет шертіңіз

Сөйлем

Ctrl пернесін басып тұрып, тышқанды сол сөйлемге бір рет шертіңіз

Жол

Ерекшелеу жолағына тышқанды шертіңіз(мәтіннің сол жағындағы бос өріс)

Абзац 

Ерекшелеу жолағына тышқанды екі рет шертіңіз

Құжат 

Ерекшелеу жолағына тышқанды үш рет шертіңіз

Тік блок

Фрагментті ерекшелеу кезінде Alt пернесін басып тұрыңыз





Тапсырма:

  1. Word мәтіндік редакторында жаңа құжат құрыңыз

  2. Осы құжатқа Қосымшада көрсетілген мәтіндерді теріңіз.

  3. Құжатты сақтаңыз.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз.

  2. Жаңа құжатта Қосымша №1 көрсетілген мәтінді теріңіз. Мәтінді теру кезіңде бас әріптер мен кіші әріптерге назар аударыңыз. Құжатты жұмыс үстеліне Word папкасын құрып, сонда TEXT1.DOC деген атпен сақтаңыз. Файлды жабыңыз.

  3. Тағыда бір жаңа құжат құрыңыз(Меню=>Файл=>Создать). Қосымша№2 көрсетілген мәтінді теріңіз (арнайы символдарды Меню=>Вставка=>Символ… командасы арқылы енгізіңіз). Құжатты жұмыс үстеліне Word папкасына TEXT2.DOC деген атпен сақтаңыз. Файлды жабыңыз.

  4. text1.doc файлын ашыңыз. Қосымша№3-те көрсетілген мәтінді қосыңыз. Құжатты атауын өзгертпеі сақтаңыз(Ол үшін Меню=>Файл=>Сохранить командасын пайдаланыңыз)


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.


Бекіту сұрақтары:

  1. Жаңа құжат қалай даярланады?

  2. Терілген құжатты сақтау мүмкіндіктері.

  3. WORD редакторын қалай жабады?

  4. WORD редакторында арнайы символдар қалай қойылады?

  5. WORD редакторында мәтінді ерекшелеу тәсілдерін атаңыз.


Зертханалық жұмыс №12.2
Тақырыбы: Алмастыру буферімен жұмыс: меню көмегімен және пернетақталар комбинациясымен
Мақсаты: Алмастыру буберімен танысу, меню көмегімен және пернелер көмегімен жұмыс істеуді үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, MS WORD мәтіндік процессоры


Теориялық түсініктеме:

Мәтінді ерекшелеп алғаннан кейін Сіз оған қатысты қарапайым амалдарды, мысалы көшіруді орындай аласыз. Бұл үшін бас мәзірде орналасқан Өңдеу(Правка) қосымшасын ашып, Көшіру(Копировать) әмірін таңдау қажет. Сондай-ақ, егер мәтін үзіндісін бір бөліктен екіншісіне ауыстыру қажет болса, дәл сол қосымшада орналасқан Қиып алу(Вырезать) деген әмір бар. Мәтін бөлігі аралық сақтағышқа салынады да, басқа Көшіру, немесе Қиып алу әмірі орындалғанға дейін сонда жатады, содан кейін басқа мәтін бөлігіне ауыстырылады.

Соңғы рет қандай мәтін бөліктері аралық сақтағышқа салынғанын көру үшін, Өңдеу қосымшасын ашып, Office аралық сақтағышын(Буфер обмена Office) шертіңіз.

Көшірілген немесе қиып алынған мәтін бөлігін қою үшін алдыңғы екі әмір сияқты Өңдеу қосымшасынан табуға болатын Қою (Вставка) әмірін пайдалануға болады.

Мәтінді жылжыту немесе көшіру үшін:


  1. Мәтінді бөлектеп алыңыз.

  2. Жылжыту үшін Қиып any ( пернелерінін көмегімен) немесе Көшіру (пернелерінің көмегімен) әмірін орындаңыз.

  3. Курсорды мәтінді қою қажет жаңа орынға апарыңыз. Егер ол орын басқа құжатта
    болса, сол құжатты ашыңыз.

  4. Өңдеу мәзірінен Қою ( пернелерінің көмегімен) әмірін орындаңыз.

Word-та жұмыс істеу кезінде әрекетті болдырмау көзделеді. Бұл қызметті соңғы аяқталған әмірді немесе әрекетті болдырмай тастайтын Болдырмау(Отменить)-әмірі атқарады. Егер де Сіз қандай да бір қате әрекет жасап, нәтижелеріне көңіліңіз толмаса, осы қызметті пайдалануыңызға болады. Бұл үшін Өңдеу мәзірін ашып, Енгізуді болдырмау батырмасын басыңыз немесе пернетақтадағы пернелер жиынтығын пайдаланыңыз.

Осы амалдардың барлығын Стандартты құралдар тақтасы батырмаларының көмегімен орындауға болады(Сурет 1).




Сурет 1. Стандартты құралдар тақтасындағымәтінді қиюға, көшірмесін алуға, қоюға көмектесетін құралдар

Тапсырма:

1 тапсырма

Word мәтіндік редакторын жүктеп Қосымша№1-де берілген мәтінді теріп жазыңыз. Құжатты өзіңіздің папкаңызға TEXT3.DOC деген атпен сақтаңыз. Зертханалық жұмыс№15-де жасаған TEXT1.DOC құжатындағы мәтінді TEXT3.DOC құжатына көшіріп, орналастырыңыз. Құжатты сақтаңыз. Файлды жабыңыз.



2 тапсырма

TEXT3.DOC құжатын ашыңыз. Ең соңғы абзацты буферге қиып алыңыз. Буферге сақталынған мәтінді парақтың ең басына орналастырыңыз. Құжатты атың TEXT4.doc деген атпенсақтаңыз. Файлды жабыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
1 тапсырма

Microsoft Word программасын жүктеңіз.



  1. Пернетақтаның көмегімен Қосымша №4те берілген мәтінді теріңіз:

  2. Жаңа құжатты TEXT3.DOC деген атпен
    Меню->Файл -> Сохранить командасын пайдаланып сақтаңыз. Файлды жабыңыз.

  3. Зертханалық жұмыс№12.1-де жасаған TEXT1.DOC құжатыңызды ашыңыз. Бүкіл мәтінді Правка / Выделить все командасы арқылы ерекшелеңіз.

  4. Правка/Копи­ровать командасын немесе құралдар тақтасындағы Копировать в буфер батырмасына шертіңіз. Файлды Орау батырмасы арқылы есептер тақтасына орап қойыңыз.

  5. TEXT3.DOC құжатын ашыңыз.Буферге көшірілген мәтінді қою үшін мәтін орналасатын жерге курсорды орналастырыңыз. Содан кейін Правка/Вставить командасын немесе стандартты құралдар тақтасындағы Вставить батырмасын шертіңіз.

  6. Құжатты атын өзгертпей Меню->Файл -> Сохранить командасын пайдаланып сақтаңыз. Файлды жабу батырмасын пайдаланып жабыңыз.


2 тапсырма

  1. Microsoft Word программасын жүктеңіз. Меню->Файл -> Открыть командасының көмегімен TEXT3.DOC құжатын ашыңыз.

  2. Ең соңғы абзацты пернетақтаның көмегімен ерекшелеңіз. Ерекшеленген абзацты буферге қиып алыңыз. Курсорды парақтың басына орналастырыңыз. Буферге сақталған мәтінді Меню->Правка->Вставить командасын пайдаланып орналастырыңыз.

  3. Құжатты Меню->Файл -> Сохранить как командасы арқылы, атың TEXT4.DOC деп сақтаңыз. Файлды жабу батырмасын пайдаланып жабыңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

    2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

    3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

    4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

    5. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

    6. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

    7. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

    8. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003


Бекіту сұрақтары:

  1. Алмастыру буферіне анықтама беріңіз

  2. Мәтінді менюдің көмегімен қию, көшірмесін алу және қою тәсілдерін білесіз?

  3. Мәтінді стандартты құралдар тақтасының көмегімен қию, көшірмесін алу және қою тәсілдерін білесіз?

  4. Алмасу буфері не үшін қажет?

  5. Алмастыру буферін қолданудың қолайлылығын айтыңыз


Зертханалық жұмыс №12.3

Тақырыбы: Беттерді форматтау: бет параметрі, бет режимдеріб алдын ала көруб масштаб
Мақсаты: Бет параметрлерін тағайындау, көру режимдерінің батырмаларымен танысу, алдын ала көру режимін қарастыру, құжат масштабын тағайындау.
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, Word мәтіндік редакторы


Теориялық түсініктеме:

Бет параметрлерін тағайындау

Word мәтіндік редакторында бет параметрлерін тағайындау үшін келесі команданы орындау керек:



  1. Файл-> Параметры страниц

  2. Осы кезде Параметры страниц сұхбат терезесі ашылады(Сурет-1)




Сурет-1. «Параметры страниц» сұхбат терезесі

Бұл сұхбат терезесі үш астарлы беттерден тұрады:




  1. Поля астарлы бетінде парақ шетінен мәтіннің жиегіне дейінгі аралықты, бет ориентациясын, парақ түрін тағайындауға болады;

  2. Размер бумаги астарлы бетінде қағаз түрін(А4, А3, Letter) тағайындауға болады;

  3. Источник бумаги астарлы бетінде бөлімдерді тағайындауға болады, колонтитулдар қасиетін беруге болады, сондай-ақ жолдарды номерлеуге болады.


Поля астарлы бетінде қолданылатын параметрлер:

  1. Мәтіннен парақтың жоғарғы, төменгі, оң жағы және сол жақ шетіне дейінгі аралықты тағайындау;

  2. Түптеудің(переплет) орының және өлшемін тағайындауға болады;

  3. Парақтың бағатталуын, яғни парақтың тігінен немесе көлденеңінен орналасуын тағайындауға болады;


Бет режимдері

Көру режимдерінің батырмалары қалып қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан тұрады:

  • Кәдімгі режим(обычный режим) батырмасы-бұл көру режимі келісім бойынша редакторға кірген кезде бірден орнатылады. Ол мәтінді форматтау элементтерінін қарапайым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир-сызықшамен бейнелеп, символдарды теру, түзету және көру процесін жылдам орындайды. Бұл форматта суреттермен және кадрлармен жұмыс істеуге болмайды.

  • Веб- құжат режимі (режим веб- документа) парақты экранда құжат мәтінін оқуды оңайлататын күйге келтіреді. Бұл режимде парақ белгіленбей, әріптер іріленіп қатар ұзындығы жол енінен шықпайтындай етіп бейнеленеді. Мәтіннің сыртқы түрі қағазға түсетін бейнесіне сәйкес келмейді. Бұл форматта суреттермен және кадрлармен жұмыс істеуге болады.

  • Беттерді белгілеу(разметка страниц) режимі мәтін қағазда қалай орналасса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері(поля) айқын көрініп тұрады.

  • Құрылым(структура) режимі, мәтінді түйіндеп құжатты толық бейнелемей, тек тақырыптарын көрсете алады, сол себепті мәтін тақырыптарын бастан аяқ қарап отырып, оны Бекіту мүмкіндіктерін береді. Ал оны түйіндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін түгелдей жылжытуға, көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы тәртіп болып саналады.

Бұл режимдерді Вид мәзірінің көмегіменде таңдауға болады. Сондай-ақ пернетақтаның көмегімен де таңдауға болады:

  • Кәдімгі режимді таңдау үшін ALT+CTRL+N пернелерінің комбинациясын басу керек;

  • Беттерді белгілеу режиміне көшу үшін: ALT+CTRL+P

  • Құрылым режиміне көшу үшін: ALT+CTRL+O;


Алдын ала көру режимі

Бұл режимде құжаттың бір немесе бірден бірнеше беттерін кішірейтілген түрде қарап шыға аламыз, қажет болса, мәтінге өзгерістер енгізуге болады. Мұнда құжаттың бірнеше беттерін көру барысында мәтінді оқу немесе жеке графикалық элементтерді айқын бейнелеу мүмкін емес. Алайда элементтердің өзара орналасуы жайлы толық мәлімет алып, төменгі сілтеме қатарларды байқап, артық кеткен бос қатарларды тез анықтауға болады. Құжатты алдын алаа көру үшін Файл->Алдын ала көру(Предварительный просмотр) командасын орындаймыз немесе құралдар тақтасындағы Алдын ала көру батырмасын шертеміз.

Мәтінді алдын ала көру үшін Сурет-2де көрсетілгендей, Алдын ала көру құралдар тақтасы қолданылады.


Сурет-2. «Алдын ала көру» құралдар тақтасы

«Алдын ала көру» құралдар тақтасының батырмалары:



  1. Баспаға шығару- «Баспаға шығару» сұхбат терезесінде анықталған опцияларға сәйкес құжатты қағазға басуға жібереді;

  2. Үлкейту- Үлкейту/Кішірейту (тышқан курсоры үлкейтілген әйнекке айналады) режимдерін алма- кезек ауыстыруды іске асырады;

  3. Бір бет-Құжаттың жалғыз бетінің мазмұнын көруді іске асырады;

  4. Бірнеше беттер- Бір уақытта құжаттың бірнеше беттерін қарап шығуды іске асырады;

  5. Масштаб- Құжат бейнесінің масштабын экранда өзгертеді

  6. Сызық-Көлденең жылжу белдеу сызықтарын бейнелеп көрсетеді немесе жасырады;

  7. Беттерді қиыстырып келтіру- Құжатты жан- жағынан ығыстырады. Беттің соңғы жағындағы кішігірім көлемдегі мәтінді құраған жағдайда тиімді.

  8. Толық экранға- Экраннан тақталар мен басқа элементтерді көрсетпей, есебінен құжаттың мазмұнын көруге арналған аймақты максималды үлкейтеді;

  9. Жабу- Алдын ала көру режимінен шығуды іске асырады.

Алдын ала көру режимінде басқа беттерге көшу үшін Page Up және Page Down пернелерін қолдануға болады.


Құжатты көру масштабын тағайындау

Құжат масштабын толық бейнені алу үшін үлкейтуге болады немесе құжаттың үлкен бөлігін көру үшін немесе бірнеше беттерді көру үшін кішірейтуге болады. Ол үшін



Стандартты құралдар тақтасындағы Масштаб батырмасына шертіп, қажет масштабты таңдауға болады.

Масштаб батырмасының үшбұрышты бөлігіне шерткен кезде Сурет-3-те көрсетілгендей терезе ашылады.


Сурет-3. Масштабтау мәзірі
Пайызбен берілген сандар масштабтауды қанша проценке дейін жүргізетімізді білдіреді. Мысалы, 100%- қарапайым режмде бейне қандай болса, сол күйін сақтап қалады, 50%- екі есе кіші болады және т.с.с. По ширине страницы- Ерекшелеу құжаттың ені бойынша жүргізіледі, яғни барлық ені бүкіл терезені алып тұратын болады. Страница целиком-Экранда бір бет көрініп тұрады және т.с.с. Егер тізімде сізге керек мән жоқ болса, онда оны пернетақтаның көмегімен ерекшелеуге болады. Масштабты мәзірдің көмегімен де тағайындауға болады. Ол үшін Вид->Масштаб командасын орындаймыз. Сол кезде Масштаб сұхбат терезесі ашылады.
Тапсырма:

Әдістемелік нұсқауды ретімен орындаңыз, жұмысты орындап болғаннан кейін оқытушыға тексертіңіз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Қосымша №5-те көрсетілген мәтінді теріңіз.

  2. Құжаттың параметрлерін Меню->Файл->Параметры страницы командасы арқылы жөңдеңіз. Келесі параметрлерді тағайындаңыз:

Төменнен және жоғарыдан шегіністер– 2,5 см.

Сол жақтан шегініс– 3 см.

Оң жақтан шегініс– 1 см.

Парақ түрі– книжная.



  1. Алдын ала көру режиміне көшіп, оның неше беттен тұратын құжат екенін анықтаңыз.

  2. Алдын ала көру режимінен шығыңыз

  3. Құжатты Кәдімгі режимінен Веб- құжат, Құрылым, Бетті белгілеу режимдеріне ауыстырыңыз, қандай өзгерістер болғанын мұғалімге түсіндіріңіз.

  4. Терезедегі көлденең және тік сызғыштарды алып тастаңыз және қайта экранға шығарыңыз. Өзгерістерді оқытушыға.

  5. Мәтіннің көрсетілу масштабын Вид->Масштаб командасы арқылы 75%, сонан кейін 100% етіп өзгертіңіз. Сол команданы орындау барысында Произвольный деген өрісті тышқанмен шертіп, оған 110 санын енгізіңіз. Қандай өзгерістер болғанын түсіндіріңіз.

  6. Құжаттың параметрлерін өзгертіңіз. Оларға төмендегі параметрлерді тағайындаңыз: Жоғарғы, Төменгі, Оң жақ және Сол жақ өрістерінің мәнін 2,5 деп, ал түптеуді жоғарғыжағынан деп, мәнің 1,5 деп тағайындаңыз. Беттің бағытын книжный деп тағайындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

    2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

    3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

    4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

    5. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

    6. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

    7. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

    8. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003


Бекіту сұрақтары:

  1. Көру режимдерінің түрлерін, айырмашылығын айтыңыз?

  2. Бір көру режимінен екінші режимге пернелердің көмегімен көшуге бола ма? Қалай?

  3. Құжат параметрлерін қалай тағайындауға болады?

  4. Алдын ала көру режимі не үшін қажет?

  5. Құжаттық мәтінді көру режимдерінің қандай түрлері бар?



Зертханалық жұмыс №12.4
Тақырыбы: Шрифтермен жұмыс: өлшемі, көркемделуі, анимациясы, интевалы, видеоөзгеруі, масштаб
Мақсаты: Мәтіннің шрифтің тағайындау, шрифт өлшемін тағайындау, қаріптің кескінделуін тағайындау, мәтін символдарының интервалын тағайындау, шрифтің видеоөзгерулерімен жұмыс
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, Word мәтіндік редакторы


Теориялық түсініктеме:

Мәтіннің шрифтің тағайындау

Шрифтерді форматтау құралдар тақтасындағы батырмалардың көмегімен іске асыруға болады.Щрифт типі символдар жиынының жазылу ерекшеліктерін анықтайды. Шрифті таңдау оқырманға беретін ақпаратқа сай болу керек.



1-сурет. Форматтау құралдар тақтасындағы шрифті форматтауға арналған батырмалар.
Мәтін шрифтінің типін тағайндау үшін, ең алдымен сол мәтінді ерекшелеп, ФОРМАТТАУ құралдар тақтасындағы Шрифт түрі батырмасына шертіп, ашылған тізімнен қажетті шрифт түрін таңдауға болады. Немесе Формат->Шрифт командасын немесе жанама менюдегі Шрифт командасын таңдағанда ашылған сұқбат терезесінің көмегімен орындалады.
Шрифт өлшемін тағайындау

Шрифт өлшемі немесе кегль- бұл пунктерде(1 пункт 0,376 мм-ге тең) өзгеретін вертикаль өлшем. Формат->Шрифт->Размер командасы арқылы немесе құралдар тақтасындағы Шрифт өлшемі батырмасы арқылы тағайындалады. Көптеген құжаттар үшін 10-12 пункті шрифтер қолданылады, ал газет жолақтарында 8-пункті шрифт қолданылады.Әртүрлі типтегі, бірақ бір өлшемдегі шрифтер шамасы бойынша бірдей болу міндетті емес. Мысалы, 1 – пунктілі Times New Roman Сyr 1 –пунктілі Courier New Cyr типіне қарағанда вертикаль өлшемі үлкен.


Шрифтің кескінделуі

Шрифтің кескінделуіне оның қарайтылған, курсив, асты сызылып жазылуын жатқызады Оларды Формат->Шрифт командасы арқылы немесе Форматтау құралдар тақтасындағы сәйкес батырмаларды таңдау арқылы жүзеге асыруға болады. Немесе пернелердің көмегімен де орындауға боалды. Ол үшін, ең алдымен керек мәтінді ерекшелеп, келесі пернелер комбинациясының бірін таңдау керек (кесте-1):



Кесте-1. Шрифтің кескінделуін тағайындайтын пернелер комбинациясы

Кескінделу типі


Пернелер комбинациясы

Қарайтылған

CTRL+B

Курсив

CTRL+I

Асты сызылған


CTRL+U


Мәтін символдарының интервалын тағайындау

Мәтін символдарының арасындағы интервалды тағайындау үшін Формат-Шрифт- Интервал командасы арқылы орындалады. Келісім бойынша мәтін символдарының арасындағы интервал Обычный типінде қолданылады. Интервалдың негізгі үш түрі бар: Обычный, Разреженный, Уплотненный. Егер Разреженный түрін таңдайтын болсақ, онда символдар горизонталь бойынша бір бірінен алшақтайды. Және мұнын мәнін өзгертуге болады. Ол пункт бойынша өзгереді. Егер Уплотненный таңдасақ, онда символдар аралығы бір біріне ығысады. Смещение қасиеті арқылы символдардың төмен немесе жоғары жылжытылуын тағайындауға болады. Масштаб қасиеті арқылы әріптердің аралық өлшемін (% түрінде) тағайындауға болады.


Шрифтің видеоөзгерулерімен жұмыс

Астын сызу(Подчеркивание) мыналардан тұрады:

    • Жоқ- мәтіннің асты сызылмайды;

    • Кәдімгі- мәтіннің астын тұтас сызықпен сызу;

    • Тек сөздер- тек сөздердің асты сызылып, бос орындар асты сызылмайды;

    • Қоссызық- сөздердің астын қоссызықпен сызу;

    • Пунктирлік- үзбе сызықпен астын сызу;

    • Түс- мәтінді бояйтын мүмкін түстер.

Видеоөзгерулер құрамы:

    • Сызылған(зачеркнутый)- мәтін үстінен тұтас түзу сызықпен сызу(түзету кезінде пайдаланылады);

    • Жоғарғы индекс- мәтін символы негізгі жол сызығы деңгейінен жоғары көтеріледі;

    • Төменгі индекс- мәтін символы негізгі жол сызығы деңгейінен төмен түсіріледі;

    • Жасырын- мәтін баспаға берілген кезде көрінбейді;

    • Кішірейтілген үлкен әріптер(Малые прописные)- мәтін әріптері кіші әріптердің мөлшеріндей үлкен әріптермен жазылады;

    • Көлеңкемен (с тенью) – мәтін символдарына көлеңке қойылып жазылады;

    • Контур- мәтін символдары контурмен жазылады;


Алдын ала келісім бойынша (По умолчанию)- бұл батырманы бассақ, «Шрифт»терезесіндегі тағайындалған параметрлер бұдан былай осы нұсқамен даярланып, барлық құжаттарға келісі бойынша пайдаланылады.
Анимация

Формат-Шрифт сұхбат терезесінің Анимация астарлы бетінің көмегімен мәтіннің көркемделу түрін берілген тізімнен белгілеп, үлгісін көріп отырып, ұнағанын таңдау мүмкіндігі бар


Тапсырма:

1

Word мәтіндік редакторын жүктеп, Қосымша №6-де берілген мәтінді теріңіз. Мәтіннің шрифті төмендегідей болсын:


    • Шрифт түрі- ARIAL

    • Шрифт өлшемі- 14

    • Бірінші абзацтағы «Информация» сөзін пернетақтаның көмегімен кескінделуі- қоюлатылған, видеоөзгеруі- контур, интервал- разрежынный- 1пт, анимациялық эффектісін- красные муравьи деп тағайындаңыз.

Екінші абзацты пернетақтаның көмегімен ерекшелеңіз.

Шрифт түрін- Times New Roman, шрифт түрін -14 деп тағайындаңыз. Екінші абзацтағы телеграфтың, телефонның,радионың сөздерінің кескінделуі - курсив, видеоөзгеруі-малые прописные,астын сызу- только слова, интервал- разреженный-1 пт деп тағайындаңыз. Анимация-Черные муравьи деп тағайындаңыз.

Құжатты TEXT5.doc деген атпен өз папкаңызға сақтаңыз

2

Жаңа құжат құрып, оған өз өмірбаяныңызды жазыңыз.

Орындау технологиясы: Шрифті – Arial

Мәтін көлемі – 12

Мәтін кескінделуі – Курсив

Құжатты Биография деген атпен өз папкаңызға сақтаңыз.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
1 тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау


  1. Пуск->Программы->MS Office->MS Word командасы арқылы MS WORD-ты іске қосыңыз. Парақ параметрлерін тағайындаңыз:
    Төменнен және жоғарыдан шегіністер– 2,5 см.
    Сол жақтан шегініс– 3 см.
    Оң жақтан шегініс– 1 см.
    Парақ түрі– книжная.

  2. Қосымша№6-да көрсетілген мәтінді теріңіз

  3. Бірінші абзацты тышқанның көмегімен ерекшелеңіз (зертханалық жұмыс №15)

  4. Меню->Формат->Шрифт командасы арқылы ШРИФТЕР сұхбат терезесін ашыңыз. Тапсырмада көрсетілген параметрлерді тағайындаңыз

  5. Екінші абзацты пернетақтаның көмегімен ерекшелеңіз(Зертханалық жұмыс №15). Форматтау құралдар тақтасындағы сәйкес батырмаларды таңдау арқылы тапсымада көрсетілген параметрелерді тағайындаңыз. Форматтау құраладар тақтасында жоқ параметрлерді менюдің көмегімен тағайындаңыз

  6. Меню->Файл->Сохранить командасының көмегімен файлды TEXT5.doc деген атпен сақтаңыз

2 тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау



  1. Пуск->Программы->MS Office->MS Word командасы арқылы MS WORD-ты іске қосыңыз. Парақ параметрлерін тағайындаңыз:
    Төменнен және жоғарыдан шегіністер– 2,5 см.
    Сол жақтан шегініс– 3 см.
    Оң жақтан шегініс– 1 см.
    Парақ түрі– книжная.

  2. Өзөмірбаяныңыз туралы мәтінді теріңіз

  3. Бүкіл құжатты пернетақтаның көмегімен ерекшелеңіз (Зертханалық жұмыс№15)

  4. Меню->Формат->Шрифт командасы арқылы ШРИФТЕР сұхбат терезесін ашыңыз. Тапсырмада көрсетілген параметрлерді тағайындаңыз

  5. Меню->Файл->Сохранить командасының көмегімен файлды Биография.doc деген атпен сақтаңыз. Құжатты жабыңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

  5. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  6. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  7. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

  8. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003


Бекіту сұрақтары:

  1. Шрифт форматы дегеніміз не?

  2. Шрифті қалай форматтауға болады?

  3. Шрифтің видеоөзгеруінің құрамын айтыңыз?

  4. Шрифтің кескінделуін пернетақтаның көмегімен өзгертуге бола ма? Қалай?

  5. Құралдар тақтасындағы Форматтау батырмаларының қызметін түсіндіріңіз


Зертханалық жұмыс №12.5
Тақырыбы: Абзацтармен жұмыс: шегініс, алға ұмтылу, туралау, жоларалық интервал
Мақсаты: Парақ шетіндегі өрістер мен абзацтарды форматтау, қатар арасындағы интервал, абзац аралығы, кестелеу позицияларының орналасуы, сол жақ және оң жақ шегіністі сызғыштың көмегімен қондыру, жолдың сол жақ шетіне ұмтыла орналасқан мәтіндерді жазу
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, Word мәтіндік редакторы


Теориялық түсініктеме:
Абзац пен парақтың оң және сол жақ өрісінін туралауды шатастырмау керек. Парақ шетіндегі өрістер дегеніміз- мәтінмен парақ шетінің аралығы. Ал, абзац дегеніміз- парақ шетінен мәтіннің сол жағына дейінгі аралық.

Абзацты форматтау кезінде қолданылатын параметрлер:



    • Мәтінді оң жақ шетке, сол жақ шетке, ортаға жылжыту және ені бойынша туралау;

    • Қатарлар аралығын өзгерту;

    • Абзацтар аралығын өзгерту;

    • Кестелеудің позициялары, яғни кесте бағаналарының позициялары нөмірлерін белгілеу;

    • Абзацтар алдындағы шегініс (отступ) мөлшері және тізімдерді нөмірлеу, маркерлеу кезіндегі сол жақ шетке ұмтылыс(выступ) мөлшері;

    • Мәтін жиектерін ерекшелеу және олардың түсін өзгерту (границы и заливки)

    • Бет нөмірлерінің форматтары және олардың орналасуы;

    • Бетке бөлу кезінде мәтіннің ауысу параметрлері.

Мәтінді туралау тәртібі қолданылу мақсатына байланысты төрт түрлі болады:

    • сол жақ шетке туралау- жәй мәтін тергенде қолданылады;

    • Оң жақ шетке қарай туралау- колонтитулдарда, яғни бөлім тақырыптарын беттердің жоғарғы жағына тұрақты күйде жазу кезінде кездеседі;

    • қатар ортасына қарай туралау- тақырыптарды жазғанда пайдаланылады;

    • екі жақ шетті де туралау- іс қағаздарын, баспахана материалдарын даярлау кезінде қолданылады

Құралдар тақтасындағы төрт батырманың көмегімен мәтінді сол жақ, орта, оң жақ және ені бойынша туралау мүмкіндігі бар.

Бір ғана абзацтағы мәтінді туралау үшін оны белгілемей- ақ курсор сол абзацтың ішінде тұрғанда қалаған режим батырмасын басу жеткілікті.

Абзацты форматтау амалын Формат-Абзац... немесе құжаттың жанама менюіндегі Абзац... командасы таңдағанда ашылған сұхбат терезесінің (Сурет-1) көмегімен орындауға болады.

Абзац сұхбат терезесі екі астарлы беттен тұрады:

Шегіністер мен аралықтар- парақ өрістерін туралау, жол, қатар, абзац аралығын қалаған шамада өзгерту мүмкіндігіміз бар;

Парақтағы орналасуы- параққа сыймайтын жолдарды болдырмау, абзацтарға бөлмеу, келесіден ажыратпау, жаңа беттен бастау,, жолдарды номерлеуді және сөздерді автоматты түрде көшіруді болдырмау режимдерін таңдау мүмкіндігі бар.

Екі астарлы беттің көмегімен де Кестелеу сұхбат терезесін ашуға болады.





Сурет1. «Абзац» сұхбат терезесі
Жоларалық интервалды орнату

Жоларалық интервалды орнату үшін, ең алдымен мәтіндік фрагментті ерекшелеп алып, Формат – Абзац – Межстрочный командасын пайдаланыңыз.

Бір аралықты(Одинарный)- қатар арасындағы интервал сол қатардағы ең үлкен символ биіктігіндей. Бір аралықты интервал символ мөлшерінен сәл- пәл үлкендеу болады.

Бір жарым аралықты(Полуторный)- интервал бір аралықтан бір жарым есе артық болады, мысалы символ мөлшері 10 пункт болса, аралық 15 пункт шамасында болады;

Екі аралықты(Двойной)- бір аралықты интервалдан екі есе артық қашықтық;

Минимум- WORD редакторында мүмкін болатын ең кіші интервал мәні, ол әртүрлі жағдайларды есепке ала отырып орнатылады;

Дәлме- дәл(Точно)- Қатар аралығы бүкіл текст үшін бірдей болады, егер символдар қиылғандай күйде болса, онда оны аздап үлкейту керек;

Көбейткіш(Множитель)- көрсетілген шамасына еселенген интервал, Мәні(Значение) деген өріс қатарына қажет мәнді енгіземіз (келісім бойынша 3).



Абзац аралығы

    • Формат- Абзац командасын таңдау қажет

    • «Абзац» сұхбат терезесінің «Шегіністер мен интервалдар» астарлы бетін ашу керек;

    • Алдында(Перед) және Артында(После) деген өріс қатарларына керекті сандық мәндер енгізу қажет немесе тышқанның оң жақ батырмасын басып, шыққан сандар тізімінен керектісін таңдап аламыз. Алдын ала келісім бойынша аралықтар мәні пунктпен беріледі, оң жақтағы батырманы бір басу оны 6 пунктіге үлкейтеді.


Кестелеу позицияларының орналасуы

  1. Кестелеу позицияларын орналастыратын абзацтарды ерекшелеу қажет;

  2. Көлденең белдеудің(сызғыштың) сол жағында орналасқан кестелеу белгісі қажетті белгінің ((сол жағы бойынша),(оң жағы бойынша), (центрі бойынша),(бөлгіш бойынша)) біріне өзгергенше тышқанды шертеміз.

  3. Кестелеу орналасуғы тиісті жерге сөйкес сызғьштың үстіне тышқанды шертеміз


Кестелеу аралығын белгілермен толықтыру


  1. Кестелеу аралығьна белгілер қойылуға тиісті абзацтарды белгілейміз.

  2. Формат=>Кестелеу (табуляция) немесе Абзац... сұхбат терезесіндегі Кестелеу... командасын таңдаймыз (Сурет-2).



Сурет 2. «Кестелеу» сұхбат терезесі

  1. Кестелеудің орналасуы (Позиции табу-
    ляции) тобынан қажетті шаманы енгіземіз немесе тізімнен таңдаймыз.

  2. Туралау (Выравнивания) тобьнан кестелеу аралығы енгізіліп отырған мәтін үшін қажетті түзетудің бірін таңдаймыз.

  3. Толтыру (Заполнитель) тобынан қажетті толтыру элементін таңдағаннан кейін Орналастыру(Установить) батырмасында тышқанды шертеміз.

Ескерту: Абзацты белгілеп алғаннан кейін, қойылған кестелеуді алып тастау қажет болса, сызғыштағы кестелеу белгілерін тышқанның көмегімен сызғыштың бойынан алып тастаймыз немесе Кестелеу сұхбат терезесіндегі Өшіру комаңдасын таңдаймыз. Ал жылжыту қажет болса, сызғыш бойыңдағы кестелеудің белгілерін тышқанның көмегімен кажетті орынға тасымалдаймыз.


Сол жақ және оң жақ шегіністі сызғыштың көмегімен қондыру

Шегініс қоңдырылатын абзацтарды белгілегеннен кейін, тышқан курсорын қалауымызша мәтіннің оң немесе сол жақ шегінісін қоңдырғымыз келсе, сәйкесінше сызғьштың (Сурет-3) үстіне орналастырып тышқаңды шерткенде пайда болған бұрыштық белгіні тышқан батырмасын басулы күйінде жылжытамыз. Tab пернесінің немесе саймандар тақтасындағы екі батырманың көмегімен бір немесе бірнеше абзацтың шегінісін азайтуға және үлкейтуге болады.





Сурет 3. Сызғыштағы шегініс белгілері

Формат=> Абзац... немесе құжаттың жанама менюіндегі Абзац... командасын таңдағанда ашылған сұхбат терезесінде белгіленген абзацтардың оң жақ және сол жақ шегінісінің шамаларын таңдап алу мүмкіндігі бар.


Жолдың сол жақ шетіне ұмтыла орналасқан мәтіндерді жазу

Жолдың сол жақ шетіне ұмтыла орналасқан (ұмтылыс - выступ) мәтіндерді жазу таңбаланған немесе нөмірленген тізім құру кезінде қолданылады.

Егер Сервис => Параметрлер => Тузетулер парақшасының Шегіністерді Tab және Backspace пернелерінің көмегімен қондыру командасының алдына қанатбелгі қойылған болса, бір жолды, бір немесе бірнеше абзацты оңға жөне солға жоғарыдағы пернелер арқылы жылжытуға болады. Сызғыштыңщ көмегімен де арнайы ұмтылыс белгісін тасымалдау мүмкіндігі бар.
Тапсырма:

Қосымша №7-де берілген мәтінді теріңіз. Абзац форматтарын өзгертіңіз


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. MS Word редакторын жүктеңіз, жаңа құжат құрыңыз. Оны Абзацы деген атпен сақтаңыз

  2. Қосымшада берілген мәтінді теріңіз

  3. Мәтінді форматтаңыз, форматтау параметрлері келесі түрде болады:

    • Автордыі есемі Оң жақ жоғарғы бұрышта, ал атауы- парақ ортасында

    • Автор және тақырыбының кескінделуі- қоюлатылған, асты сызылған, шрифт өлшемі-12 пт, ал қалған мәтіннің шрифт өлшемі-10 пт болу керек

    • Тақырыбының әріптерінің арасындаңы интервал-2 пт

    • Жола аралық интервал-1,2пт

    • Негізгі мәтін- ені бойынша туралануы керек.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

  5. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  6. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  7. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

  8. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003


Бекіту сұрақтары:

  1. Word метіндік редакторында құжатты тұтас қалай ерекшелеуге болады және ол не үшін қажет?

  2. Азат жол, парақтың оң жақ, сол жақ шеті деген не?

  3. Қатар аралық, абзац аралық интервал деп нені айтады?

  4. Қатар аралық, абзац аралық интервалдарды форматтау кезінде
    қандай өлшем бірлігі қолданылады? Оны өз қалауымызша өзгертуімізге бола ма?

  5. Шегініс, Ұмтылыс деп нені айтады? Олар не үшін қолданылады?


Зертханалық жұмыс №12.6

Тақырыбы: Тізімдермен жұмыс: маркерленген, номерленген, көпдеңгейлі. Стильдер, биәріптер
Мақсаты: Тізімдер құру, стильдермен жұмыс, биәріптер құруды үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, Word мәтіндік редакторы


Теориялық түсініктеме:

Маркерлеу және нөмерлеу

Бірнеше бөлімдерден, тараулардан тұратын құжаттарды көркемдеу барысында тізімдерді таңбалау және нөмірлеу(Сурет-1) қажеттігі туады.

Маркерлер мен нөмерлерді Формат-Тізім(Список) немесе құжаттың жанама менюіндегі Тізім... командасын тандағанда ашылған сұхбат терезесінің көмегімен қоюға болады. Бұл сұхбат терезесі Маркерленген, Нөмірленген, Көпдеңгейлі астарлы беттерінен тұрады

Тізім сұхбат терезесінің көмегімен таңбаны өзгерту мүмкіндігі бар. Қажетті таңбаны таңдағаннан кейін Өзгерту... батырмасын шертсек, төменгі сатылы сұхбат терезесі ашылады.

Қаріп... — таңбаланатын абзац қарпін форматтау мүмкіндігін беретін сұхбат терезесі ашылады. Маркер... — таңбаны таңдау арқылы өзгертуге болатын Символ... сұхбат терезесі ашылады.

Нөмірленген астарлы бетте тізімді нөмірлеу форматын тандау жене өзгерту мүмкіндігі бар. Бұл астарлы бетте Өзгерту... батырмасын шерткенде төменгі сатылы сұхбат терезесі ашылады. Нөмірлеудің форматын, қандай нөмірден бастау, нөмірдін қсйылатын орнын (оң, сол жақтан, ортада), шегініс аралығын, қаріп форматын тандауға болады.

Көпдеңгейлі астарлы беті құрылымы күрделірек құжатпен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Мысалы, бірнеше тараулардан, бөлімдерден, тақырыптардан тұра-тьң құжаттың осы элементтерін нөмірлеу барысында қолдану өте тиімді.Осы астарлы бетте бөлімдерді, тақырыптарды т.б. форматын таңдап алу, бұрын қойылған нөмірдерді алып тастау мүмкіндігі бар. Қажетті нөмірлеу форматын таңдап алған соң Өзгерту... батырмасында тышқанды шертсек, нөмірдің қаріп форматын, орналасу орнын, нөмірлеу форматын, қандай нөмірден бастауды таңдап алуға болады.

Маркер немесе нөмір қойылатын элементтерді белгілеп алған сон, маркерлеу үшін саймандар тақтасындағытаңбаланған тізім батырмасында, нөмірлеу үшін нөмірленген тізім батырмасында тышқанды шертеміз.

Ескерту: Тізімді нөмірлеу және маркерлеу режимін автоматты түрде ұйымдастыруға болады. Егер абзацта саннан кейін нүкте қойылып, теріліп болғаннан кейін Enter пернесі басылса тізім автоматты түрде нөмірленеді Ал, абзац дефис белгісімен басталып соңында Enter пернесі басылса, абзац таңбаланып отырады.



Сурет-1. Нөмірленген жөне таңбаланған тізімдер мысалы
Стильдер құру

Word мәтіндік редакторында абзацтың немесе құжатгың форматталу үлгісіне стиль құрып, оны құжаттың басқа аймағына қолдануға болады.Стильдер құжаттағы тақырыптар, суреттердің айналасындағы жиектеме ішіндегі мәтін ( надпись) және негізгі мәтін сияқты мәтін элементтерінің әртурлі сыртқы түрлеріне құрылады. Стильдер бір ғана әрекет жасай отырып абзацқа немесе сөзге тұтас бір форматтау атрибуттарын пайдалану мүмкіндігін береді, Егер мәтіндегі қандай да бір элементтің форматын өзгерту қажет болса, осы элементке пайдаланылған стильді өзгерту жеткілікті. Стильдер құжатты форматтауды жеңілдетеді және олардың көмегімен мазмұн құрылады.

Формат - Стильдер және форматтау (Стили и форматирование) командасын орындағанда экранның оң жағында ашылған тақтадан Стилъ құру (Создать стиль) батырмасын (Сурет-2) таңдаймыз. Бұл сұхбат терезесінде форматтау операцияларын жасай аламыз.


Сурет- 2. «Стиль құру» сұхбат терезесі
Стилді автоматгы түрдеде құруға болады. Ол ушін: Формат =>Автоформат командасын орындағанда ашылған сұхбат терезесінің Параметры батырмасын басамыз. Ашылған терезеде автоформаттау (Автоформат при вводе) астарлы бетіндегі Стильді анықтау ( Определять стили) жолының жалаушасын көтеру керек және керісінше автоматты түрде стиль құрудан бас тарту үшін осы жалаушаны алып тастаймыз.

Биәріп

Абзацтың басындағы әріпті үлкен етіп жазу үшін Биәріп (Буквица) құрылады.

Биәріп құру үшін:


  1. Биәріп құратын абзацта тышқанды шертеміз.

  2. Формат=> Биәріп (Сурет-3) командасын орындаймыз.

  3. Ашылған Биәріп сұхбат терезесінде қажетті шамаларды береміз де, Ok
    батырмасын шертеміз.

Бұл сұхбат терезеде Биәріпті құру орнын (мәтін ішінде, мәтіннен тыс), қаріп түрін, жолдағы биікгігін, мәтінге дейінгі ара қашықтық шамаларын көрсете аламыз. Сондай-ақ құрылған Биәріпті алып тастау қажеттігі туса Жоқ (Нет) өрісін тандаймыз.



Сурет 3. «Биәріп құру» сұхбат терезесі
Тапсырма:
1

Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз. Қазақстан Әнұранын теріп жазыңыз. Өлеңннің әр шумағын биәріптен бастап жазыңыз. Биәріптің орналасу орынын, мәтіннен арақашықтығын, жолдағы биіктігін өзгертіңіз де болған өзгерістерді түсіндіріңіз. Қалаған биәріптерді қалдырып, қалғандарын алып тастаңыз. Құжатты ГИМН деген атпен сақтаңыз.


2

Жаңа құжат құрыңыз. Қосымша №8-де көрсетілген тізімдерді теріп жазыңыз


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
1 тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау

  1. Пуск->Программы->MS Office->MS Word командасы арқылы MS WORD-ты іске қосыңыз. Парақ параметрлерін тағайындаңыз:
    Төменнен және жоғарыдан шегіністер– 2,5 см.
    Сол жақтан шегініс– 3 см.
    Оң жақтан шегініс– 1 см.
    Парақ түрі– книжная.

  2. Қазақстанның Әнұраның теріп жазыңыз (Қатесіз, сауатты түрде).

  3. Өлеңнің бірінші шумағын ерекшелеңіз. Меню->Формат->Буквица командасы арқылы «Буквица» сұхбат терезесін ашыңыз. Биәріптің «На поле» түрін таңдаңыз

  4. Өлеңнің екінші шумағын ерекшелеңіз. Меню->Формат->Буквица командасы арқылы «Буквица» сұхбат терезесін ашыңыз. Биәріптің «В тексте» түрін таңдаңыз

  5. Терілген мәтіннің шрифтің өз қалауыңыз бойынша тағайындаңыз

  6. Меню->Файл->Сохранить командасының көмегімен файлды ГИМН.doc деген атпен сақтаңыз

2 тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау




  1. Пуск->Программы->MS Office->MS Word командасы арқылы MS WORD-ты іске қосыңыз. Парақ параметрлерін тағайындаңыз:
    Төменнен және жоғарыдан шегіністер– 2,5 см.
    Сол жақтан шегініс– 3 см.
    Оң жақтан шегініс– 1 см.
    Парақ түрі– книжная.

  2. Меню->Формат->Список командасы арқылы «Список» сұхбат терезесін ашыңыз. «Маркированный» қатпарын таңдаңыз. Мынадай маркер түрін таңдаңыз- «». Қосымша №8-де көрсетілген тізімді теріп жазыңыз.

  3. Меню->Формат->Список командасы арқылы «Список» сұхбат терезесін ашыңыз. «Нумерованный» қатпарын таңдаңыз. Араб цифрларымен көрсетілген тізімді таңдаңыз. «Изминить» батырмасын басып, тәзәм номерлерінің шрифт түрін өз қалауыныз бойынша таңдаңыз. «Формат номера» өрісіне, номердің жанына «- нұсқа» сөзің жазыңыз. ОК батырмасын басыңыз(екі рет). Қосымша №9-де көрсетілген тізімді теріп жазыңыз.

  4. Меню->Формат->Список командасы арқылы «Список» сұхбат терезесін ашыңыз. «Многоуревневый» қатпарын таңдаңыз. Кезкелген тізім түрін таңдап, «изменить» батырмасына басыңыз. «Нумерация» өрісінен араб цифрларын таңдаңыз. «Формат номера» өрісіне, номердің жанына «- ші» сөзің жазыңыз. «Начать с» өрісіне 1 санын енгізіңіз. Деңгей көрсетілген тізімнен екінші деңгейді таңдаңыз. «Нумерация» өрісінен араб цифрларын таңдаңыз. ОК батырмасын басыңыз(екі рет). Қосымша №10-де көрсетілген тізімді теріп жазыңыз


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

  5. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  6. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  7. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

  8. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003



Бекіту сұрақтары:

  1. Нөмірлеу, маркерлеу әрекеттері не үшін пайдаланылады?

  2. Биәріп деген не? Оның орналасу жағдайын сипаттаңыз? Биәріпті қайтадан алып тастауға бола ма?

  3. Стиль мәтіннің қандай элементтеріне құрылады? Ол қалай қолданылады, өшіріледі?

  4. Кітапхана стильдері не үшін қажет?

  5. Көпдеңгейлі тізім қалай құрылады?


Зертханалық жұмыс №12.7
Тақырыбы: Мәтіндермен жұмыс.
Мақсаты: Word текстік процессорында мәтіндерді іздеу, ауыстыру, ауысу, автотолтыру әрекеттерін жүргізуді үйрену
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, MS WORD мәтіндік процессоры


Теориялық түсініктеме:
Құжатта іздеу

Құжатта кездесетін кез келген бір сөзді іздеу үшін, келесі команданы пайдалануға болады: Меню=>Правка=>Найти. Бұл үлкен көлемді құжаттармен жұмыс істеген кезде өте қолайлы. Сонымен қатар, табылған тексті автоматты түрде басқа текстпен алмастыруға болады (Меню=>Правка=>Заменить… командасы). Мысалы, Құжаттағы «Ару» сөзін «Қару» сөзімен алмастыру үшін, Меню=>Правка=>Заменить… командасы орындаймыз. “Найти” графасына “Ар” сөзін енгізіп, “Заменить на” графасына “Қар” сөзін жазамыз.


Автотолтыру

Меню=>Сервис=>Параметры автозамены… командасы құжатқа көп қолданылатын тесктер мен графикалық объектілерді, автоматты түрде қателерді жөндеуге және арнайы символдарды қоюға көмектеседі.

«Автотолтыру» терезесінің элементтерінің функциясы, «Автогтолтыру» қатпары.


  1. Сөздің басындағы екі бас әріппен жазылған әріптерді ауыстыру(флажок)- Сөйлемнің басында қатар басылып кеткен екі бас әріптерді алмастырады. Егер екі бас әріппен басталатын сөздерді жазу керек болса, онда флажокты алып тастауға болады немесе, егер екі бас әріпке басталатын сөйлемдер құжатты шектеулі ғана болса, онда оларды “Исключения…” тізіміне қосу керек.

  2. Сөйлемнің бірінші әріптерін бас әріппен жазу (флажок)- Word нүкте, сұрақ белгісі және леп белгісін сөйлемнің соңы ретінде қабылдайды. Нүктеден кейінгі әріп келесі сөйлемнің бас әріпі ретінде саналады, сондықтаны сол әріп бас әріпке ауысады. Өкінішке орай, Word қысқартылған сөздерді қарапайым сөйлемдерден ажырата алмайды. Сондықтан, мысалы, «т.б.» сөзінен кейінгі әріптерді бас әріпке ауысиырады. Мұндай жағдай болмас үшін, қысқартылған сөздерді қысқарту тізіміне қосмуға болады.

  3. СAPS LOCK пернесінің кездейсоқ басылуын болдырмау (флажок)-Егер байқаусызда CapsLock пернесін басып алсаңыз, онда кіші әріптер бас әріп түрінде ал, бас әріптер кіші әріпке айналып кетеді. Word бұл қателікті түзетуге тырысады.

  4. «Ауыстыру-Заменить” және “на” өрістері. “Қосу-Добавить” және Жою-Удалить” батырмалары. «Ауыстыру» өрісіне мәтін енгізіп, «на» өрісіне апарып мәтін енгізіп, «Қосу» батырмасына басыңыз. Сол кезде «Ауыстыру» өрісіне енгізілген мәтінді терген кезде ол автоматты түрде «на» өрісіне енгізілген сөзге ауысып отырады. Автоматты түрде ауыстырудан бас тарту үшін автоауыстыру тізімінен қажетті сөзді таңдап «жою» батырмасына басу керек.

  5. Қарапайым/Форматталған мәтін-Обычный/Форматированный текст” ауыстырғышы. Автотолтыруда ауысатын мәтіннің форматын өзгертуге арналған. Яғни, егер ауыстырғыш «Қарапайымда» тұрса, онда автотолтыру арқылы енгізілетін мәтіннің форматы бастапқы мәтінге ұқсас болады. Ал егер ауыстырғыш «Форматталған мәтін» ауыстырғышында тұрса, онда автотолтыру арқылы енгізілетін мәтінің форматы алдын ала тағайындалған формат түрінде ауысып отырады.


Тапсырма:

1 Қосымша№11-дегі мәтінді теріңіз

2 Сөйлем басында кеткен екі бас әріпті дұрыс жазыңыз

3 Мәтіндегі Информатика сөзін Информатика сөзіне автоматты түрде ауыстырыңыз

4 Мәтіндегі Ақпараттық сөзін Информациялық сөзімен алмастырыңыз

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

1 Сөйлемдегі екі бас әріпті алмастыру үшін және Информатика сөзін форматталған Информатика сөзіне алмастыру үшін Меню=>Сервис=>Параметры автозамены… менюін пайдаланыңыз.

2 Мәтіндегі Ақпараттық сөзін Информациялық сөзімен алмастыру үшін Правка-Заменить менюін пайдаланыңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

  5. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  6. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  7. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

  8. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003


Сұрақтар:

  1. Автотолтыру менюінің қызметін атаңыз?

  2. Құжатта іздеу әрекеттері қалай жүргізіледі?

  3. Ауыстыру және Іздеу командаларын айырмашылықтарын айтыңыз?

  4. Автотолтыру менюіндегі «форматталған мәтін» ауыстырғышының қызметін сипаттаңыз?

  5. Автотолтыру менюіндегі «Исключения» батырмасының қызметін сипаттаңыз?



Зертханалық жұмыс №12.8
Тақырыбы: Кестелермен жұмыс. Бағандар мен жолдарды қою және жою, ұяшықтарды бөлу және біріктіру. Автоформат

Мақсаты: Word – та кестелермен жұмысты меңгеру: оларды құру, сурет салу, пішімдеу, мәтінді кестеге және кестені мәтінге түрлендіру.
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, MS WORD мәтіндік процессоры


Теориялық түсініктеме:

Word редакторы жұмыс кезінде көптеген практикалық есептердің орындалуын жеңілдететін, әртүрлі амалдар жиынын орындай алатын, сақталынған мәліметтерді реттеу мен форматтауға мүмкіндік беретін кестелерді ыңғайлы пайдалану жолдарын ұсынады.

Кез келген кесте ұя түріндегі қатарлар мен бағаналардан тұрады, оларға мәтін немесе сурет орналастыруға болады. Саңдарды мәтіңдерді тік туралап жазу үшін де кесте жасауға болады.

Кесте құрудың ең бір қарапайым жолы — Кесте салубатырмасын қолдану. Мұнда қолыңызға қалам алып қағазға кестені қалай сызсаңыз, экраңда да дәл солай кесте саласыз. Келесі қатарлар биіктігін өзгертуге де мүмкіндік бар. Экрандағы көлденең сызықтар түзу сызылып, оның кез келген нүктесінен төмен қарай бағана жасау мүмкіндігі пайда болады. Кестенің сыртқы сызықтарын тышқан батырмасын басып тұрып қаламды жылжыту жолымен саламыз да, сонан соң оның бағаналары мен катарларын сызамыз.

Алдымен... сонан соң... немесе... тағы да сол сияқты...

Керек емес сызықты Өшіргішбатырмасын басып алып тастаймыз.

Бос кесте құрудың тағы бір тәсілі - Кесте=>Кесте қосу (Таблица->Добавить таблицу) командасын немесе стандартты саймандар панелінің осыған сәйкес батырмасын басып, бағана мен қатар санын тышқан курсорымен кеңейте отырып нақты белгілеп керсету қажет. Осы тәсілді қолданғанда бағаналар ені мәтін қатарының толық ені мен бағаналар саны негізінде автоматты түрде бірден анықталады. Қажет болса, әрбір бағаналар енін мұнан кейін де өзгертуге болады.



Сурет 1. «Кесте кірістіру» батырмасы арқылы салынган 2x3 өлшемді кесте
Кесте косу батырмасының көмегімен бағаналар мен қатарлар санын көрсетуге сәйкес автоматты түрде анықталады. Ал, егер кесте құру процесінде бағаналар енін өзіміз санмен бергіміз келсе, онда Кесте=>Кестеевнгізу (Таблица => Добавить таблицу) командасын пайдаланамыз. Бұл команданың орыңдалуы нәтижесінде сурет 2-де көрсетілгендей " Кестені енгізу" деген сұхбат терезесі ашылады, онда кестенің қажетті параметрлерін қолмен енгізе аламыз.

Кесте құрылған соң, алдын ала жасалып қойған олардың стандартты ықшам форматтары жиынынан өзімізге қажетті форматын тандап алуға болады, ол үшін Кесте=>Автоформат командасын орындаймыз. Бұл тәсіл кестелерді форматтау процесін жеңілдетеді.





Сурет 2. Кестені кірістіру сұхбат терезесі

2. "Кесте" менюін пайдалану

Нұсқасы салынған кестелерді толықтыра отырып өндеу ісі Кесте (Таблица) менюі арқылы орындалады. Оның құрамында кестеге қосымша бағаналар немесе қатарлар қосатын, екі бағананы (қатарды) біріктіретін, қажет емес бағаналарды (қатарды) алып тастайтын, мәліметтерді сұрыптайтын т.б. командалар бар (Сурет 3). Бұл менюдің ең бір жақсы мүмкіндіктерінің бірі — алдын ала терілген мәтіндерді кестеге түрлендіру десе болады (Преобразовать в таблицу...). Ол үшін терілген мәтіннің бағанаға бөлінетін аралықтарына кестелеу таңбасы орналастырылады. Ол таңбалар мәтін ішінде қайталанбайтын тыныс белгілері немесе басқа таңбалар (табуляция таңбасы) болуы мүмкін. Көбінесе бағана аралықтары ;,: немесе табуляция (->) таңбаларының бірімен бөлініп тұруы тиіс. Сонан соң кестеге түрленетін мәтін аумағын фрагмент түрінде белгілеп аламыз да, Кесте=>Кестеге түрлендіру командасын орындаймыз. Сол сәтте бағана саны мен олардың аралығын бөлу таңбасын көрсетуді талап ететін сұқбат терезесі экранға шығады (Сурет 4). Бұл терезедегі бағаналар саны автоматты түрде анықталады, ал бөлу таңбасын (разделитель) өзіміз енгізуміз немесе тандап алуымыз қажет.



Сурет 3. «Кесте» менюінің ішкі командалары



Сурет 4. «Кестеге түрлендіру» сұхбат терезесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет