Операциялық жүйенің файлдық құрылымы
Файлдық жүйе – ОЖ берілгендерді дискіге сақтап, оларға қатынасты қамтамасыз ететін ОЖ-нің функционалды бөлімі. Файлдық жүйені ұйымдастыру принципі – таблицалық. Диск беті өлшемдері беттің, цилиндрдің, сектордың нөмірлері болатын үшөлшемдік матрица сияқты пайдаланылады. Берілгендердің дисктің қай жерінде жазылғандығы туралы мәлімет дисктің жүйелік облысында, арнайы файлдар сақталатын таблицаларда (FAT-таблицалар) орналасады. Файлдық жүйе файлдар құрылымын ұйымдастырып, оларға қызмет етеді. Яғни FAT-таблицаларды иерархиялық құрылымға айналдырып, пайдаланушыға қолдануға, файлдарға қатынас жасауға қолайлы мүмкіндік туғызады. ОЖ-дің файлдар құрылымына қызмет етуге орындайтын операциялары:
-
Каталог жасап, ат қою;
-
Файлдар жасап, ат қою;
-
Каталог пен файл аттарын өзгерту;
-
Каталогтарды көшіру, орын ауыстыру;
-
Каталог пен файлдарды өшіру;
-
Файл атрибуттарын басқару;
Файлдарға тез қатынас жасау үшін файлдық жүйе оларды каталогтарға біріктіреді. Каталог аттары файл аттарымен бірдей, тек қана кеңейтілуі болмайды. Каталогтар бірінің ішіне бірі салынады. Ең жоғары деңгейдегі каталог түпкі каталог болып есептелінеді.
Бекіту сұрақтары:
-
Программалық қамсыздандыру деген не?
-
Дербес компьютердің программалық конфигурациясына қандай программалар кіреді, олардың деңгейлерін атап бер.
-
Енгізу-шығаруды базалық жүйесі туралы айтып бер.
-
Жүйелік программалар туралы айтып бер.
-
Қызметтік программалар туралы айтып бер.
-
Қолданбалы программалар туралы айтып бер.
-
Операциялық жүйе деген не?
-
Операциялық жүйенің негізгі функцияларын айтып бер.
-
Пайдаланушы интерфейсінің пакеттік және диалогтық режимдері туралы айтып бер.
-
Графикалық және графикалық емес ОЖ туралы не білесің? Мысалдар келтір.
-
Графикалық интерфейстегі активті және пассивті басқару элементтері туралы айып бер.
-
Файл деген не?
-
Файлды сипаттайтын негізгі параметрлер туралы айтып бер.
-
Операциялық жүйенің файлдық құрылымы
-
FAT - таблицалар туралы айтып бер.
12-дәріс. Операциялық жүйелер. Операциялық жүйе ұғымы. Операциялық жүйенің қызметі. Операциялық жүйенің топтамасы. Бір мәнді және көп мәнді, бір пайдаланушыға және көп пайдаланушыға арналған ОЖ. Windows операциялық жүйесі. Windows операциялық жүйесінің концепциясы. Файлдық құрылым объектілері. Объектілер қасиеттері. Мәліметтер алмасуды ұйымдастыру. Windows–тың программалық жабдықтары
Мақсаты: Операциялық жүйелер, операциялық жүйе ұғымы, қызметі, топтамасы. Windows операциялық жүйесі, концепциясы, объектілері, қасиеттері туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Операциялық Жүйе - компьютер мен адам арасындағы байланысты жүзеге асыратын басты программа аталады. Операциялық жүйе төмендегідей бөліктерден тұрады:
-
Еңгізу-шығарудың негізгі жүйесі (BIOS) - компьютердің тұрақты жадында (тұрақты есте сақтау құрылғысы ПЗУ) орналасады. Оның міндеті - еңгізу-шығаруды қамтамасыз етумен байланысты ОЖ-нің неғұрлым қарапайым, әрі әмбебап қызметтерін орындауда. Еңгізу-шығарудың негізгі жүйесі құрамында сондай-ақ компьютерді электр желісіне қосқанда оның құрылғыларының және жадтың жұмысын тексеретін тест бар. Сонымен қоса, еңгізу-шығарудың негізгі жүйесіне операциялық жүйені жүктейтін программа енген.
-
Операциялық жүйені жүктеуші - DOS операциялық жүйесі бар әрбір дискетаның бірінші секторында орналасатын өте қысқа программа. DOS жүктемесін аяқтайтын операциялық жүйенің тағы екі модульды жадыға енгізу - осы программаның міндеті болып табылады.
-
IO.SYS және MSDOS.SYS дискілік файлдар - жүйелік дискінің түбірлі (корневой католог) каталогында орналасқан екі жасырын файл. Олар файлдық жүйенің, түрлі аппараттық құрылғылардың: пернетақтаның, жинақтауыштардың және т.б. жұмысын қамтамасыз етеді.
-
COMMAND.COM командалық процессор- қолданушы еңгізген командаларды өңдейді.
-
DOS-тың сыртқы командалары - бұл жеке файлдар түрінде ОЖ-мен бірге жеткізілетін программалар. Бұл программалар қызмет көрсету мазмұнды жұмыстарды орындайды. Мысалы, дисктерді форматтау, дискті тексеру және т.б.
-
Құрылғылар драйверлері - бұл DOS-ты еңгізу-шығару жүйесін толықтыратын және жаңа құралдарға қызмет көрсетуді немесе бар құралдарды қалыпты емес қолдануды қамтамасыз ететін арнайы программалар.
Операциялық жүйе басқа программалар жіберетін команда - сигналдарды өзіне қабылдап, оларды машинаға түсінікті тілге аударады. ОЖ компьютерге қосылған барлық құралдарды басқарып, оларға және басқа программаларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. ОЖ-нің үшінші міндеті - қолданушы адамның компьютермен жұмысын жеңілдету.
Осылайша, ОЖ-нің әрқайсысы кем дегенде үш міндетті бөлімнен тұруы қажет.
Біріншісі - ядро, командалық интерпритатор, программалық тілден машиналық кодтар тіліне «аударушы».
Екіншісі - компьютер құрамына енетін түрлі құрылғыларды басқаруға негізделген программалар. Мұндай программалар драйверлер деп аталады, яғни «жүргізушілер», бағыттаушылар.
Үшіншісі - интерфейс-қолданушы тұтынатын ыңғайлы қабықша. Бұл қолданушыға қызықты емес ядро оралған әдемі қабықша тәріздес.
ОЖ-лер біресепті (однозадачные) және көп есепті (многозадачные) болып бөлінеді. Яғни бір есепті ОЖ-лер (DOS) бір уақытта тек бір есепті орындай алса, көп есепті ОЖ-лер (Windows 98) Александр Македонский сияқты компьютер қуатын үрдістер арасында бөліп, бір мезетте бірнеше үрдістерді басқара алады.
Тағы бір критерий - ОЖ-нің қолданушылар саны. ОЖ бір қолданушыға арналған және көп қолданушыға арналған болып бөлінеді.
IBM PC компьютерлері үшін 1981 жылдан бастап 1995 жылға дейін негізгі ОЖ ретінде MS-DOS жүйесі болды. Бұл жылдар аралығында осы ОЖ MS-DOS 1.0 версиясынан MS-DOS 6.22 версиясына дейін дамыды.
Бір кезде MS-DOS адам мен компьютер арасында байланысшы болып, дискілерді қолданудың қиын командаларын жеңіл және қарапайымдатты, бірақ уақыт өте келе, даму барысында бұл жүйенің өзі командаларға толы болып, компьютермен жұмыс істеуді тежеді. Осылайша қабықша - программалардың қажеттігі туды.
Қабақша - бұл ОЖ-нің басқаруымен жүктелетін және осы ОЖ-мен жұмыс істеуді жеңілдететін программа. Бүкіл әлемге танымал және кең тараған қабықша - программалардың бірі - Norton Commander. Оны ең әйгілі американ программисті Питер Нортон құрастырған.
Қабықша-программа компьютердің файлдық құрылымын: дискілерді, каталогтарды және файлдарды түгелдей экран бетінде көрнекі түрде көрсетеді. Тек бірен-саран пернелерді қолдана отырып файлдарды іздестіруге, көшіруге, тасымалдауға, жоюға, іріктеуге, өзгертуге (редакциялауға, түзетуге) және жүктеуге болады.
Бекіту сұрақтары
-
Операциялық жүйе дегеніміз не?
-
Операциялық жүйелердің қандай түрлерін білесіз?
-
BIOS ұғымына анықтама беріңіз.
-
Операциялық жүйені жүктеуші дегенді қалай түсінесіз?
13-дәріс. MS DOS операциялық жүйесі. Оның сипаттамасы мен мүмкіндіктері. ОЖ MS DOS – пен жұмыстың негізгі принциптері. Ағымдағы диск және ағымдағы каталог. MS-DOS–тың негізгі командалары. Операциялық жүйемен диалог. Командаларды енгізу. Командаларды жіберу және орындау. Norton Commander MS DOS–тың жұмыс істеу инструментарийі
Мақсаты: MS DOS операциялық жүйесінің сипаттамасы мен мүмкіндіктері, негізгі принциптері. Norton Commander MS DOS–тың жұмыс істеу инструментариін таныстыру.
Операциялық жүйені жүктеуші - DOS операциялық жүйесі бар әрбір дискетаның бірінші секторында орналасатын өте қысқа программа. DOS жүктемесін аяқтайтын операциялық жүйенің тағы екі модульды жадыға енгізу - осы программаның міндеті болып табылады.
MS DOS мүмкіншіліктері:
-
MS-DOS ОЖ-сі компьютермен күнделікті жұмыс істеу үшін ыңғайсыздау, бірақ Windows 9х-тан айтарлықтай үлкен сенімділікпен ерекшеленеді.
-
MS-DOS ОЖ-де тек бір программамен жұмыс істеуге болады. Бұл компьютерге және қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуде мамандарға көмек көрсетеді.
-
MS-DOS ОЖ-сі компьютердің ресурстарын соншалықты талап етпейді (процессор өнімділігін, оперативті жады көлемін, т.б.) MS-DOS қосымшалары компьютердің ескірген модельдерінде де жақсы жұмыс істей береді.
-
Windows ОЖ-де жұмыс істемейтін компьютерде MS-DOS қосымшаларын жүктеудің екі тәсілі бар: MS-DOS сеансы және MS-DOS режимі.
-
Сеанс MS-DOS қосымшасымен жұмыс істеу Windows 95 ОЖ-нің қалыпты жұмысынан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Мұнда Windows-тың барлық артықшылықтарын қолдануға болады. Бұл режимнің кемшілігі - MS-DOS-тың барлық қосымшалары Windows-та жұмыс істей алмайды.
-
Режим MS-DOS қосымшасындағы жұмыс Windows жағынан басқарусыз жүреді. Бұл режимде компьютерді жүктеу Windows ОЖ-не шығумен жүргізіледі.
-
MS-DOS сеансына немесе MS-DOS режиміне арналған программалардың қасиеттерін қалпына келтіру, сол программаның жарлығының қасиеттерін редакциялау жолымен жүзеге асырылады. Сондықтан MS-DOS программасын жүктеуді оларға арналған жарлықтарды жұмыс столында немесе белгілі бір бумада құрастырудан бастау керек.
-
MS-DOS қосымшалары Windows қосымшаларына қарағанда компьютерге оңай орнатылады. Олар жалпы ресурстарды қолданбайды, сондықтан оларды орнату мен жою қауіпсіз.
MS-DOS сеансында MS-DOS қосымшасын жүктеуді жүргізу :
Windows 9х ОЖ-де MS-DOS қосымшасын жүктеудің екі тәсілі бар: Сеанс MS-DOS және Режим MS-DOS. Бірінші жағдайда Windows программа мен аппаратура арасында байланысшы функциясын орындауға тырысса, екіншісінде Windows «кері қайтып», программа бұл жүйе жағынан реттеусіз жүктеледі.
MS-DOS сеансында MS-DOS программаларының көпшілігі Windows программалары сияқты терезеде жүктеле алады, осыған орай бірнеше қосымшалармен бір уақытта бірнеше рет жұмыс істеу мүмкіндігі сақталады.
-
MS-DOS программалық файлы жарлық (ярлық) арқылы (егер ол бар болса) немесе, мысалға Сілтеушіден (Проводник) жүктеледі.
-
Егер MS-DOS-тың бірнеше программаларын жүктеу керек болса немесе MS-DOS командаларымен жұмыс істеу қажеттілігі туса, онда Бас меню арқылы сеанс MS-DOS терезесін ашқан ыңғайлы: Пуск → Программы → Сеанс MS-DOS. Керек болған жағдайда осындай бірнеше терезелерді ашып, оларды тәуелсіз қолдануға болады.
-
Сеанс MS-DOS терезесінде командалық жол (командная строка) бар. Бұл жол программаларды жүктеуде және MS-DOS командаларын орындауда қолданылады.
-
MS-DOS-тың кейбір программалары тек толық экранды режимде ғана дұрыс істейді, ал кейбіреулері терезеде де орындала береді. Толық экранды режимнен терезелікке және кері ауысу үшін ALT-ENTER пернелерінің комбинациясы қолданылады.
-
Терезелік режимнен толық экрандағы саймандар тақтасындағы Полноэкранный режим батырмасы көмегімен көшуге болады.
-
MS-DOS программасының жұмысы аяқталысымен терезе автоматты түрде жабылуы немесе активті емес түрде қалуы мүмкін. Бұл программаның соңғы хабарламасын оқуға мүмкіндік береді. Мұндай терезені Windows жүйесінің қалыпты әдістерімен жабуға болады.
-
Сеанс MS-DOS терезесін жабу үшін командалық жолға exit сөзін енгізуге болады.
MS-DOS сеансында файлдарды жою кезінде олар себетке түспей, дискіден бірден жойылады.
Қолданушы мен DOS арасындағы диалог командалар формасында жүзеге асады. Әр бір команда DOS белгілі бір әрекет орындауға тиіс екендігін білдіреді, мысалы, файлды басу, каталог атын беру және т.с.с. MS-DOS ОЖ-нің командалары екі түрлі типті болады:
-
Ішкі (COMMAND.COM командалық процессор - MS-DOS ОЖ-нің құрылымдық бөлімдерінің біріне құрылған)
-
Сыртқы (утилиттер)- орындалатын жеке файлдар түріне болады.
MS-DOS командаларын сипаттау үшін келесі формат қолданылады:
Команда аты параметрлері /кілттер
Параметрлер файлдар, каталогтар, логикалық дискілер аттары, сондай-ақ ЭЕМ құралдарының кейбіреулерінің логикалық атаулары.
Кілттер - команда жұмысының түрлі режимдерін белгілейді.
MS-DOS сұхбатқа дайын кезде ол экранға A> немесе C:\> шақыруын ұсынады, ол MS - DOS-тың командаларды қабылдауға дайын екендігін білдіреді.
MS-DOS-тың негізгі командалары
MS-DOS-тың айтарлықтай көп командалары бар, бірақ онымен жұмысты бастау үшін тек кейбіреулерін білу жеткілікті. Олар: dir, cd, copy, move, del және type. Әр бір команданы еңгізу Enter пернесін басумен аяқталады. MS-DOS командалары командалық жолға кез-келген әріптермен - үлкен немесе кіршілермен енгізіледі.
-
Әдетте MS-DOS ОЖ-нің мақсаты керекті программаны жүктеу болып табылады. Программаны жүктеу оның атқарушы файлдың атын командалық жолға енгізуден Enter пернесін басу арқылы жүзеге асырылады.
-
MS-DOS жүйесінде бумалар ролін каталогтар атқарады. Каталогтар ішінде файлдар және салынған каталогтар (вложенные каталоги) болуы мүмкін. Командалық жолға әрдайым былайша айтқанда MS-DOS шақыруы болады. Ол диск атауынан басталып, «>» белгісімен аяқталады. Шақыруда не жазылғанына қарап, әрдайым қай каталогта және қай дискіде қазір орналасатынымызды ұғуға болады.
-
Ағымдағы каталог мазмұнын қарау үшін DIR командасын қолданамыз.
C:\WINDOWS>dir
Командасы C:\WINDOWS каталогының мазмұнын экранға шығарады.
-
Егер каталог үлкен болса, онда оның мазмұны экранға сыймайды және оқуға мүмкін емес жылдамдықпен айналады. Бірақ каталог мазмұнын экранға бет-беттермен шығаруға болады. Ол үшін dir командасын /р параметрімен беру керек, мысалға былайша:
C:\WINDOWS>dir/р
Енді керекті программаның ішкі каталогты іздестіру де каталог мазмұнын бет-беттермен қарастыруға болады.
MS-DOS-тың навигация командалары
MS-DOS-тағы көпшілік командаларды параметрлермен беруге болады. Барлық параметрлерді есте сақтау мүмкін емес, бірақ MS-DOS-тың көптеген программалары / параметрін қабылдайды. Осындай параметрлі команданы алған жүйе экранға қолдануға болатын өзге параметрлер тізімін шығарады. Осылайша, мысалға, dir/w командасы каталог мазмұнын ыңғайлырақ формада шығаратынын білуге болады
-
Егер каталог мазмұнын қараудан керекті файл жоқ екендігі анықталса, онда келесі каталогқа көшу керек. Бұл үшін cd командасы қызмет атқарады.
-
Cd командасы ішкі каталогтардың ішіне енуіне мүмкіндік береді. Бұл команда сонымен бірге бір сатыға жоғары көтерілуге немесе бірден дискінің түбірлі (корневой) каталогына көшуге мүмкіндік береді.
Мысалы, cd.. командасы бір сатыға жоғары көтереді.
Берілетін команда: C:\WINDOWS\COMMAND>cd..
Нәтижесі: C:\WINDOWS>
-
«\» параметрі бар cd командасы дискінің түбірлік каталогына көтереді:
Берілетін команда: C:\WINDOWS\COMMAND>cd\;
Нәтижесі: C:\>
-
Басқа дискіге көшу сол дискіні белгілейтін әріпті және одан кейін қос нүктені енгізумен шектеледі:
Берілетін команда: C:\>d:
Нәтижесі: D:\>
MS-DOS-тың командалары
MS-DOS ОЖ-нің тағы мынандай командалары бар:
-
MD- каталогтарды құруға арналған команда. Бұл ішкі команда. Енді қолдану мысалдарын келтірейік:
MD C:\GAME (С дискісінде GAME каталогын құру)
MD WORK (ағымдағы дискіде ағымдағы каталогта WORK подкаталогын құру)
-
CD- ағымдағы каталогты өзгертуге арналған ішкі команда.
Мысалдар:
CD D:\PRIM (D дискісіндегі PRIM подкаталогын ағымдағы каталог етіп орнату)
CD C:\PUBLIC\STUDENT (C:\PUBLIC\STUDENT каталогын ағымдағы каталог етіп орнату)
Аналық каталогқа көшу үшін CD.. командасы қолданылады, ал түбірлік каталогқа өту –CD\
-
RD- бос каталогтарды жоюға арналған ішкі команда. Каталогты жоймас бұрын оны және оған бағыныңқы каталогтардың бәрін файлдардан тазарту керек.
Мысалы, RD\SYS (түбірлі каталогқа салынған SYS подкаталогын жою . Бұл каталог бос деп қарастырылады.) Бұл команда ағымдағы каталогты жоя алмайды. Мұндай әрекет кезінде экранға ескертпе хабарлама шығады.
-
TYPE- экранға текстік файлдың мазмұнын шығаруға арналған ішкі команда. Қолдану мысалдары:
TYPE C:\primer.txt (С: дискінің түбірлі каталогында орналасқан primer.txt файлын қарау)
TYPE exampl.txt (ағымдағы каталог exampl.txt файлын көру)
-
COPY- файлдарды көшіру және біріктіруге арналған ішкі команда. Сонымен қатар бұл команда қарапайым мәтіндік файлдарды құру үшін де қолданылады.
Файлдарды көшіру
COPY командасы арқылы жүзеге асады. Мұнда бар файлды өзге атпен көшіру немесе файлды есімін өзгертпей басқа каталогқа көшіру мүмкіндігі бар.
COPY [бастапқы мекен-жай мен файл аты] [жаңа мекен-жай мен файл аты]
Егер файлдың жаңа аты немесе жаңа адресі көрсетілмесе, онда олардың орнына ағымдағы (бастапқы) аттар мен адрес қолданылады. Файлдың бастапқы адресі ретінде ағымдағы дискінің ағымдағы каталогы үнсіз қабылданады.
Мысалдар:
COPY note.doc letter.doc (ағымдағы каталог ішінде note.doc бастапқы файлдың көшірмесі болып табылатын letter.doc жаңа файлы құрылады. Егер онда letter.doc деген файл бар болса, COPY командасы қолданушыдан ауыстыру операциясын өткізуге рұқсат сұрайды)
COPY note.doc D:\REPORT (note.doc файлы ағымдағы каталогтан D: дискінің REPORT подкаталогына көшіреді. Егер REPORT каталогы болмаса, онда note.doc файлы D: дискінің түдбірлі дискіне report атты файлға көшіріледі)
COPY note.doc D:\REPORT\letter.doc (D: дискінің REPORT подкаталогында note.doc бастапқы файлдың көшірмесі болып табылатын letter.doc атты жаңа файл құрылады. Мұнда note.doc файлы ағымдағы подкаталогта орналасқан деп қарастырылады)
COPY report.doc PRN (берілген команда report.doc файлын принтерде басып шығаруға мүмкіндік береді, яғни файл мазмұнын PRN- принтер логикалық атауы бар құрылымға көшіреді)
Файлдарды біріктіру
COPY командасы сондай-ақ бірнеше файлдарды бір файлға біріктіруге мүмкіндік береді. Біріктірілуі тиіс файлдардың аттары COPY командасында «+» белгісі арқылы берілуі тиіс. Мысалы:
COPY kvartal1.doc+kvartal2.doc otchet.doc (бұл команданың орындалуы барысында ағымдағы каталог ішінде otchet.doc атты жаңа файл құрылып, оның ішіне kvartal1.doc және kvartal2.doc файлдарының мазмұны біріктіріледі)
Егер нәтижелі («қосынды») файлдың аты көрсетілмесе, онда атау ретінде COPY командасында берілген файлдардың алғашқысының аты беріледі. Мысалы:
COPY report+r1999.txt+r2000.txt (report атты бар файл r1999.txt және r2000.txt екі файлмен report атты жаңа файлға біріктіріледі)
Файлдарды біріктіру үшін сондай-ақ топталған операциялық шаблондарды да қолдану мүмкін. Мысалы:
COPY *.doc report.doc (ағымдағы каталогтың doc кеңейтілуі бар барлық файлдар ағымдағы диск каталогына орналастырылатын report.doc атты файлға біріктіріледі)
Мәтіндік файлдарды құрау
Мысалға, пернетақтадан мәтін теру арқылы notes.txt файлын құрау керек болсын делік. Ол үшін:
COPY CON notes.txt
Командасын енгізу керек. Бұдан кейін керекті мәтін теріледі. Мәтін терілген соң Ғ6 функционалдық батырмасын немесе Ctrl-Z комбинациясын тереміз де, Enter-ді басамыз.Осы кезде экранға келесі хабарлама шығу керек: 1file(s) copies. Құралған файл ағымдағы дискінің ағымдағы каталогында орналасады.
-
RENAME- файлдар атын өзгертуге арналған ішкі команда.
Мысалдар:
REN D:\TEST\test.doc rez.doc (D: дискісіндегі TEST подкаталогында орналасқан test.doc бастапқы файлын rez.doc файлына атын өзгерту. Нәтижесінде rez.doc алынған файлы сол дискінің сол подкаталогына орналастырылады)
REN *.doc *.txt (doc кеңейтілуі бар ағымдағы каталогтың сол аттары бар, бірақ txt кеңейтілулерге өзгертеді)
-
MOVE- файлдарды тасымалдау қызметін атқарады. Сондай-ақ бұл команда файлдардың аттарын өзгертуге де арналған.
Norton Commander MS DOS–тың жұмыс істеу инструментарийі. MS-DOS операциялық жүйесінің файлдық қабықшалары ОЖ-мен жұмыс істеуді жеңілдетуге арналған. Ең танымал программалық қабықшалардың бірі - Norton Commander (NC) файлдық жүйесі. Оны Peter Norton Computing фирмасы құрастырған. Әйгілі американ программисті Питер Нортонды осы файлдық қабықшаны жобалауға MS-DOS операциялық жүйесінің қара, қарапайым, әрі қызықсыз экраны итермелеген деседі.
NC көптеген функцияларды көрнекі түрде орындауға мүмкіндік береді:
-
Дискілердегі каталогтарды көрнекі түрде кескіндеуге.
-
Дискіде каталогтар ағашын көрсетуге және оның бойымен қозғалуға.
-
Файлдар мен каталогтарды көшіруге, аттарын өзгертуге, тасымалдауға және т.б. әрекеттерді орындауға.
-
MS-DOS-тың кез-келген командаларын орындауға.
-
Файлдарды көруге және редакторлеуге.
NC басты функциональдық элементтері:
-
Кез келген екі дискінің директорийлерін кескіндейтін тәуелсіз, симметриялы екі көк тақта.
-
DOS операциялық жүйесінің командалық жолы, ол арқылы DOS-қа түрлі командаларды беруге болады.
-
Ғ функциональды пернелер жолы. Мұнда олардың атқаратын қызметтері меню түрінде көрсетілген.
Әр тақтаның үстіңгі жағында онда орналасқан каталогтар мен файлдардың дискілік жолы көрсетілген. Тақтаны ауыстыру үшін TAB пернесін қолдану керек.
Norton Commander программалық қабықшысын жүктеу үшін операциялық жүйеге NC командасы берілуі керек. NC –мен жұмысты аяқтау үшін Ғ10 функциональды пернесін басу керек. NC жүктелгенде экран бетінде екі терезе пайда болады. Олардың әр қайсысы файлдық жүйенің бір каталогының атауына ие болады. Экранның соңғы жолында функциональды пернелер және олардың атқаратын қызметтері орналасқан.
NC тақталарын басқару үшін келесі пернелер комбинацияларын қолдануға болады:
-
Ctrl-O – тақталарды жою /қалпына келтіру;
-
Ctrl-P – ағымдағы емес тақтаны алып тастау /қалпына келтіру;
-
Ctrl-U – тақталар орындарын ауыстыру;
-
Ctrl-F1 – сол жақ тақтаны алып тастау /қалпына келтіру;
-
Ctrl-F2 – оң жақ тақтаны алып тастау /қалпына келтіру;
-
Alt-F1 – сол жақ тақтаға басқа дискіні орнату;
-
Alt-F2 – оң жақ тақтаға басқа дискіні орнату.
Ғ функциональды пернелер жолы. Мұнда олардың атқаратын қызметтері меню түрінде көрсетілген.
-
Ғ1- анықтама алу
-
Ғ2- қолданушы командаларының менюін шығару
-
Ғ3- файлды қарау
-
Ғ4- файлды редакциялау
-
Ғ5- файлды көшіру
-
Ғ6- файлды немесе каталогты тасымалдау
-
Ғ7- каталогты құру
-
Ғ8- файлды немесе каталогты жою
-
Ғ9- NC менюін шақыру
-
Ғ10- NC программасынан шығу
Shift+Ғ4- Файлды құру. Файл аты сұхбат терезесінде сұралады.
Бекіту сұрақтары
-
MS-DOS ОЖ-нің қандай жасырын модульдерін білесіз?
-
Олар не үшін керек?
-
MS-DOS ОЖ-нің дамуы жайлы не айта аласыз?
-
MS-DOS ОЖ-ін жүктеудің қандай түрлерін білесіз?
-
Олар қалай жүзеге асады?
-
MS-DOS ОЖ-сінің Windows ОЖ-нен қандай айырмашылығы бар?
-
Артықшылықтары мен кемшіліктерін айтыңыз.
14-дәріс. Қолданбалы программалық өнімдер. Қолданбалы программалық өнімдер топтамасы. Жалпыға қолданылатын программалық өнімдер. Арнайы қолданылатын қолданбалы программалық өнімдер
Достарыңызбен бөлісу: |