«информатика»



бет14/32
Дата15.06.2016
өлшемі10.94 Mb.
#138114
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32

4-нұсқа

Үлгі№1

Компьютерлiк желiлер масштабы мен мүмкiндiгi бойынша ерекшеленедi. Ең шағын желiлер жергiлiктi деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады.Мұндай ортақ ресурстарды (дискжетек, принтер, сканер жене басқа қымбат қурылрылар) тиiмдi пайдалану мақсатында құрылады.

Компьютер желiге желiлiк тақташа, модем немесе жоғары жылдамдқты сандық телефондық қызмет (ISDN) торабы арқылы қосылады. компьютердi желiге телефон желiсi apқылы қосу үшін желiлiк тақша емес модем қажет.

Жергiлiктi есептеуiш желiлер - саны шектеулi (әдетте 100 дейiн) компьютерлердi бiр ұйым немесе мекеме iшiнде біріктіру үшiн қолданылады. Жергiлiктi есептеуiш желi шектеулi аймақтағы (бiр бөлмеде, бiр мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлердi бiрiктiредi. Мекемелердегi жергiлiктi желі әр түрлі бөлiмдер мен қызметкерлер арасында тығыз ақпараттық технологиялық байланыс орнату үшiн құрылады.

Жергiлікті желіге қосылған компьютерлер бір-бірімен қысқа жиілік байланыс желісімен (әдетте он, жүз метр) біріктірілген. Сондықтан жергілікті желі арқылы сандық ақпаратты жоғары жылдамдықпен беруге болады. ақпараттың берілуі сапалы болу үшін байланыс желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын болған сайын сигналдың өшуі мен бөгеуіл шамасы артып кетеді.

Телекоммуникациялық есептеуіш желілер үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілер деп аталады. Телекоммуникациялық желілер – ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерденқұралады (абоненттік жүйелер). Мұндай масштабтағы желілер аппараттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндік бар.

Телекоммуникациялық желiлердiң аппараттық қамтамасыз eтiлуі әр түрлi типтегi компьютер, байланыс құрылғыларыры, абоненттік жүйе, байланыс тораптары, бiрдей немесе әр түрлi деңгейде желiлер жұмысын үйлестiруге арналған адаптерлiк құылғлардан тұрады. Телекоммуникацияльщ желiлерде ақпаратты жiберу телефондық, телеграфтық, телевизиялық жене спутниктiк жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу барысында деректердi аналогтық жене цифрлық кодтау қолданылады.

Телекоммуникациялық желiлердiң ақпараттық қамтамасыз етiлуi - желi шешетiн меселеге бағытталған бiртұтас ақпараттық қор болып табылады. Бұл қор барлық тұтынушылардың (абоненттер) ортақ пайдалануына және жеке абоненттерге арналған деректер житығы. Онда бiлiм базасы, автоматтандырылан деректер базасы (жергiлiктi жене тарқатылған, қоғамдық және дepбес пайдалануға арналған) қамтылған.

Интернет желiсi әр түрлi масштабтағы желiлердің өзара бiрiктiрiлyi мүмкiн. Мысалы, кабельмен жаластырылған жергiлiктi желi аймақтық желiге, ал әр түрлi аймақтық желiлер телефон желiсi арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желiаралық байланыс орнату қажет болғанда кабельдiк желiлердi пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары: телефон, радио релелiк байлaныс, талшықты-оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды cepіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады.

Әр түрлi желiлердi түйiстiру шлюз деп аталатын apнaйы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз eтледі.. Шлюздер бiр желiден қабылданған деректер форматын баcқa желiдегi деректер форматына түрлендiредi. Әр түрлi масштатағы желiлердi бiрiктiру нәтижесiнде қалалар, елдер және континттер apacында өзара aқпарат алмасу мүмкiндiгi берiледi. Aқымды желi немесе Интерпет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетiстiктерiнiң бiрi.

Интернет - (aғылшынша Internet - желiаралқ байланыс) бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желiлер жиынтығы.

Мысалы: жергiлiктi желi арқылы жiберiлген хабар, басқа континентте пайдаланушығa жетпес бұрын бiрнеше корпоративтік және аймақтық желілер арқылы өтуі мүмкін.



Үлгі№2

Интернетке байланыстың кең мүмкiндiгiн қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпоративтi желiге рұқсат етiлмеген сырттан қосылудан қрғау меселесi туындайды. Осындайда шлюздiк компьютер желi әкiмдiгi рұқсат берген ақпаратты ғана өткiзудi қамтамасыз eтетін бранмауэр рөлiн атқарады.

Интернет - компьютерлiк желiлердің iшiнде жаппай қолданы­латыны болып табылады; ол ондаған миллион пайдаланушыларға қызмет көpceтeтiн 2 млн-нан астам тораптық, компьютерлердi қамтиды. Интернет пайдаланушыларының саны ай сайын шамамен 1 млн-ға өсiп отырады .

Жергілікті желі - компьютерлердi бiрiктiру үшiн қолданылады. Компьютерлiк желiлер компьютерлерден басқа да желiлiк құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғы желi арқылы жiберуге арналған ақпаратты түрлендiруге мүмкiндiк бередi.

Ақпарат - желiлер арқылы берiлетiн сигналдарғa түрлендiрiледi (кодтау процесi), осыдан кейiн сигнал қайта түрлендiрiледi (декодтау процесi).

Компьютерлер, жергiлiктi желiге желiлiк тақша деп аталатын интерфейстiк блок - желiлiк адаптер арқылы қосылады.


5-нұсқа

Үлгі№1

Желiлiк адаптер – компьютердің байланыс желiсiмен сәйкестендірiлуiн қамтамасыз ететін құрылғы.

Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring жене ArcNett типтерi жатады. Адаптердiң әр типi деректердi тара­ту жене желiмен қатынасудың нақты бiр технологиясына сейкес келедi.

Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде берiледi.

Байланыс желiсiнiң сымды жене сымсыз түрлерi бар.

Желiлік құрылғыларға - концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар дерек алмасу сапасын жақсартады жене дepeктepдi таратудың әр түрлi стандартын қолданатын желiнiң әр түрлi бөлiктерін бiрiктiредi.

Кабельді тікелей жалғау екі компьютердi желiгe қосудың Direct СаЫе Connection (DCC) - тiкелей кабельдiк жалгау деп аталатын қарапайым әpi тиiмдi тәсiлi бар. Бұл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың қажетi жоқ: компьютерлер бiр-бiрiнe параллель немесе тiзбектi порттары арқылы қосылады.

Тiкелей жалғауда компьютерлердiң бiрi - жетекшi, екiншici жетекте болады. Жетекшi компьютерден жетектегi компьютердiң бумаларына, дискiсiне, принтерiне қатынacы қамтамасыз етiледi. Жетектегi компьютердiң дискілерi мен оған қосылған принтері жетекшi компьютерге қатысты желiлiк болып қалады. Жетекші компьютерден дepeктepдi бiр компьютерден екiншi компьютергe жiберудi басқаруға болады.

Тiкелей кабельдік жалғаудың кемшiлiгi - дерек тасымалдау жылдамдығьның баяулығы. Сол себептi тiкелей жалғау мекемелерде сирек қолданығранымен, ұурмыстық жағдайда қолдануға ыңғaйлы. Ткелей жалғау арқылы бiрнеше адам қатысып ойнайтын көптегeн компьютерлік ойындар жұмыс iстейдi.

Eкiдeн көп бiрнеше компьютердi бiр-бiрiмен байланыстыру үшін тiкелей жалғау жеткiлiксiз. Бұл Жағдайда әрбiр компьютерге желiлік тақша орнатылуы қажет, оларды бiр-бiрiмен кабель арқылы байланыстырып, компьютерлердiң бiрлескен жұмысые басқаруға арналған арнайы программаларды iскe қocy керек. Егер компьютерлер бiр-бiрiнен өте алшақ орналаспаса, олар үшін ортақ желiлік жабдық пайдаланылады да, олар бiр программалық қамтамасыз ету дecтeciмeн басқарыла бередi. Осындай желіні жергілікті желі деп атайды.

Жергiлiктi желiнiң eкіi түpi бар: клиент-сервер жене бiр деңгейлі (бiр рангiлi), яғни тең дережелi желi. Егер желiде оны басқаруға арнайы бөлiнген файлдық сервер деп аталатын қуатты компьютер бар болса, онда олар клиент-сервер түрiнe жатады. Клиент-сервер желiсiндегi серверден басқа компьютерлер - жұмыс стaнциялары немесе клиенттер, яғни тұтынушылар деп аталады.

Сервер - opтақ пайдалануға арналған барлық pecypcтapды қамтитын компьютер. Opтақ ресурстарды пайдалану үшiн сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, оpтақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстар және т.б. қосылады. Желiдегi жұмыстың көп бөлiгiн сервер aтқарады. Клиент-сервер типiндегi желiлер қамтылан ресурстарды толығырақ қолдануға мүмкiндiк бередi. Әдетте, сервер жұмыс өнiмдiлігімен жене қатты дискiдегi aқпарат көлемiнiң үлкендiгiмен ерекшелeнеді.


Үлгі№2

Мұндай желiде барлық ресурстар - дерек жинақтаушы дискiлер (накопители), принтерлер, модем, CD-ROM (компакт-диск) дискілер серверге қосылады. Сол себептi opтaқ ресурстармен жұмыс жасау үшiн алдымен сервермен байланысу қажет.

Бiр деңгейлi желiде барлық жұмыс станциясы қайсы бір ­мғрынасында басқалары үшiн сервер қызметiн aтқapaды. Олар ортқтастырылған желi ресурстарын бiрдей қолдана алады және ресурстарды бөлудi бақылап отыратын қyaтты ортақ сервер компьютер болмайды. Бiр деңгейлi желiлердің маңызды ерекше­лiгi - онымен жұмыс iстey үшiн арнайы программалық жабдықтың қажетi жоқ.

Деңгейлерi бiрдей жергiлiктi желiлерде әрбiр жұмыс станциясы басқалары үшiн cepвepдiң қызметiн атқара бередi. Мысалы, бiр компьютерге принтер, басқасына компакт- диск орналастыруға арналған дискжетек (дискiнi айналдырып мәлiмет алатын құрылғы) қосылуы мүмкiн. Егер мұндай желi Windows 2000 операциялық жүйесi арқылы басқарылса және шалғай құрығры ортақ ресурс ретiнде анықталса, онда желiдегi әрбiр тұтынушы осы ресурстардың барлығын пайдалана бередi. Бiрақ принтер қосылған компьютер iскe қосылмай тұрса, онда желi арқылы басуға мәлiмет шығара алмаймыз. Бiрдей деңгейлi жергiлiктi желiнi құру өте жеңiл және осындай тәсiлмен байланысқан компьютерлер кез келген мәселенi тиiмдi түрде шеше алады.


6-нұсқа

Үлгі№1

Windows 2000 операциялық жүйесi оpтақ пайдалануға арналған дepeктepдi кез келген компьютердi пайдалануына толык мүмкiндiк бередi. Мұндай басқаруды - жүйелiк саясат немесе жүйелiк ереже деп те атайды. Жергiлiктi желiдегi жұмыстарды басқаруға жауапты және жүйелiк саясатты реттейтiн маманды - жүйе басқарушысы немесе жүйелiк әкiм (администраторы) деп атайды.

Жергiлiктi желi топологиясы жергiлiктi желiдегi компьютерлердiң бiр-бiрiмен геометриялык байланысу тәсiлi топология деп аталады. Байланыстыру топологиясының бiрнеше түpi бар:

1. Ең қарапайым топология түpi - шина . Мұндай желiде барлық компьютерлер тiзбектi түрде бiр кабельге жалғанады.

2. Caқинa топологиясы деп аталатын желi байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түрiндегi кабельге жалғанады

3. Файлдық серверлерге негiзделген желiде компьютерлер бiр­-бiрiмен жұлдыз схемасы түpiндe жалғанады.

4. Құрылғандардың құрамы мен программалық жабдығы топологияға байланысты анықталады. Желi топологиясын мекеме­нiң қажетiне қарай таңдап алады. Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке cepвepiн байлaныстыратын бүкiл мекемеге ортақ бiр сервер берiлiп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбiнесе осы топологияны пайдалaнған тиiмдi.

Жергiлiктi желi атқаратын қызметі мекемеде Windows 9х, Windows 2000 Profesional жене Windows NT W orkstation операциялық жүйелерi орнатылған бiрнеше компьютер болса, олардыжергiлiктi желiге коскан орынды.

Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:


  • Ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдаланушылардың қандай да бір дерекупен жұмыс істеуі;

  • Бірнеше пайдаланушылар қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;

  • Электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы;

  • Желілік принтерлерді бірлесіп пайдалау;

  • Интернетке қосылу мүмкіндіктері;

  • Ақпараттың резервтік көшірмесіналу және орталықтандырылған қорғау.

Бiр рангiлi желi құру үшiн жоғарыда aйтылған операциялық жүйелерi бар стандартты программалық жене желiлiк жабдықтар (кабельдер, желiлiк адаптерлер) қажет. Тек MS- DOS операциялық .жүйесiнде жұмыс iстейтiн компьютерлердi Workgroups Add-On for Dos программасын орнатқаннан кейiн желiге қосуға болады.

Үлгі№2

Бiр-бiрiне жақын орналасқан бiр рангiлi желiге қосылған бiрнеше компьютер жұмыс топтарына бiрiктiрiледi. Жұмыс топтарын құру барысында мекеменің құрылымын ескеру қажет, мыcлы, бухгалтерия бөлiмi компьютерлерiн «Бухгалтерия тобына» т.с.с. Жұмыс тобындағы барлық компьютерлер сервер немесе тұтынушы (клиент)қызметiн атқара алады. Жұмыс тобының мүшелерi өз компьютерлерiне қосылған ресурстарды өздiгiмен ортақтаса пайдалануға бередi. Жұмыс тобына арналғFан тіркеу жұмыстары жүргiзiлмейдi, себебi мұнда пайдаланушыны тіркеу және компьютерлердi орталықандыpлған басқару атқарылмайды. Windows 2000 Professional операциялық жүйесi басқаруымен жұмыс iстейтiн әрбiр компьютер өзiнiң қорғану саясатын және жеке тіркеу жазбаларын жүзеге асырады.

Желiдегi компьютерлер санының артуына (10 apтық) қарай мәлiметтердi тасымалдау қиындaй түceдi. Мұндай жағдайда cepвepi бар желi құрып, компьютерге ресурстар мен тұтьшушыларды орталықтан басқару мүмкiндiгiн беретiн қуатты Windows 2000 Server операциялық жүйесiн орнатқан абзал.

7-нұсқа

Үлгі№1

Ортақ деректер базасының каталогi, желiлiк ресурстар мен бiрыңғай қорғаныс саясатын бөлiсудiң орталықтандыpлған тәсiлi бар компьютерлер тобының домен атауы болады.

Әрбiр дoмeнгe жеке ат берiледi. Доменнің деректер базасы каталогi домен бaқылаушысында (контроллер) сақталады. Әрбiр доменде тек бiр ғана негiзгi бaқылаушысы болады. Mүмкiндiгiншe бiр немесе бiрнеше резервтiк домен бақылаушы болғаны дұрыс.

Windows 2000 Professional операциялық жүйесi әр түрлi қызмет көpceтeтін бiр пайдаланушығa арналған станцияларын серверлермен байланыстыруға есептелген. Компьтер желiге қосылғаннан кейiн бiрiншi рет іске қосылғанда операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) cepвepiн іздейді. ­Мұндай типтегi серверлер компьютерлерге желiде бiрiн-бірі табу үшiн адрес меншiктейдi. Егер желiде DHCP cepвepi ­онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан компьютерлердi анықтай алатын режiмге ауысады. Windows 2000 Professional операциялық жүйесi орнатылған компьютерлер кейiнiрек қосылса, олар автоматты түрде жұмыс тобына кіреді. Мұндай механизмдi IР-адрестеу (Automatic IP-addressiing) деп атайды.

Желiдегi компьютерлер жұмысын программа басқарады, барлық компьютерлердiң бiр-бiрiне жiберетiн және қабылдайтын ақпараттары араласпай, тиянақты жеткiзiлу үшiн, олар бipтілмен – ортақ ережемен байланыс жасауы керек. Компьютерлердің бiр-бiрiмен байланыс жасау ережесi желілік хаттама деп аталады.

Windows 2000 Professional операциялық жүйесi aқпарат тасымалдау жылдамдығы жоғары желiмен жұмыс істeyгe мүмкіндік бередi. Транспорттық хаттаманы таңдау желi топологиясына байланысты. Мicrosoft фирмасы мекеме iшiнде желiмен жұмыс істеу үшiн TCP/IP хаттамасын қолдануды ұсынады. NetWare бар жергiлiктi жeлiлерде пакеттердi желi белiктерi және тор арасында маршрутизациялау мүмкiндiгiн беретiн IPX/SPX (Internet Packet ExchangejSequeneed Packed Exchange) хаттамасы қолданылады. Мicrosoft фирмасының 3Соm компаниясымен бірігіп құрғaн Point-to-Point Тunneling Protocol (РРТР) хаттамасы: арқылы ceнiмдi байланыc құpy мүмкiндiгiн бередi. РРТР тутынушылардың Интернет арқылы корпоративтi байланысқан кезде «туннельдi» ұйымдастыру үшiн қолданылады. Мекеме aқпаратты жоғалтып алмау мақсатында ayқымды инфрақұрылымды құру қажеттiлiгiнен құтылады. жуырда корпорация осы хаттаманың бірқатар кеңейтүлерiн шығарды.

Windows 2000 - корпоративтiк жеке меншiк ұйымдастыpуға арналған бірқaтар жаңа хаттамаларды қамтамасыз етедi: L2TP (Layer 2 Tunneling Protocol - екiншi деңгейлі туннельдiк хаттама), IPSec (Internet Protocol Security –Интернеттегі қayiпсiздiк хаттамасы) жане EAP(Extensible Authentication Protocol - аутентификацияны кеңейту хаттамасы).

Active Dirесtoгу - үлкен жергiлiктi желi әкімнің (администратор) жұмысын жеңiлдетедi, пайдаланушының бар eкeнiн (аутентификация) құрылғылары және ресурстарра қатынасты басқару есебiнен ақпарат қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Active Directory - ақырғы пайдаланушының дербес iздеу, қажеттi аппараттық ресурспен және желiге бiр рет қосылу процесi шеңбе­piндe қосымшалармен қатынас құруын жеңiлдетедi. Ол қосымша­лар мен жүйенiң аппараттық бөлiмiндегi конфигурацияларда қолданылатын жұмыс үстелiнiң баптау параметрлерi жөнiнде деректердi сақтайды. Осылай пайдаланушылар айқындылығын, түci, қағаз пiшiмi, екiжақты баспаға шығару мүмкiндiгi сияқты белгiлi бiр қасиеттерi бойынша принтерлердi iздей алады. Мысалы, PowerPoint программасында дайындалған көп беттен тұратын таныстыру кiтапшасын баспаға шығару қажет болса, активтi каталог желiге қосылған жылдам басатын түрлi түcтi принтердi iздеу мүмкiндiгiн бередi. Iздеудi жылдамдату үшiн Active Directory­де әрбiр объектiнiң бiрқатар атрибуттары кipeтiн ауқымды каталог (Global Catalog) к.олданылады. Желi әкiмi (администратор) ауқымды каталогке сақтау үшiн өз атрибуттарын бере алады. Атрибуттардың типтерi iздеудi жеделдету мақсатында индекстеледi. Ауқымды каталогпен қатынас құру мүмкiндiгi шектеулi кезде, әкім доменi тобына кiрмейтiн пайдаланушылар желiге тiркеле алмайды .



Үлгі№2

Қала, облыс, ел iшiнде орналасқан желiлер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бiр ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болса, онда корnоративтiк деп аталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының ұлттық банкiнiң желiсi - Banknet, негiзгi банктiң компьютерлерiн оның барлық филиалдарының компьютерлерiмен (аудандық бөлiмшелерiн қоса) бiрiктiредi .

Одан үлкен көлемдегi, бүкiлелдерге, құрлықтарға тapaғaн желiлер ауқымды деп аталады. Олар корпоративтiк те, жалпы да бола алады. Мысалы, Интернет сияқты олардың кез келген пайдаланушыларға қызмет ету мүмкiндiктерi бар.

Компьютерлердi желiге олардың ресурстарын бiрлесiп пайдалану үшiн және ақпаратпен алмасу үшiн бiрiктiредi.



8-нұсқа

Үлгі№1

Қала, облыс, ел iшiнде орналасқан желiлер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бiр ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болса, онда корnоративтiк деп аталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының ұлттық банкiнiң желiсi - Banknet, негiзгi банктiң компьютерлерiн оның барлық филиалдарының компьютерлерiмен (аудандық бөлiмшелерiн қоса) бiрiктiредi .

Одан үлкен көлемдегi, бүкiлелдерге, құрлықтарға тapaғaн желiлер ауқымды деп аталады. Олар корпоративтiк те, жалпы да бола алады. Мысалы, Интернет сияқты олардың кез келген пайдаланушыларға қызмет ету мүмкiндiктерi бар.

Компьютерлердi желiге олардың ресурстарын бiрлесiп пайдалану үшiн және ақпаратпен алмасу үшiн бiрiктiредi.

Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалыққа бөлiнедi. Ақnараттық ресурстарға программалар және деректер , ал техникалықтарға - nринтерлер, модемдер, сканерлер, график салгыштар кiредi. Ақпаратты сақтау құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық pecypcтapғa кiредi. Олар программалар және деректерi бар қапшықтар peтiндe қаралады. Оларға қосылу логикалық дискiге жасалғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерiнен ғанa қол жеткiзуге болатын ресурстар жергiлiктi деп аталады. Желiнiң басқа компьютерлерiне де ашық компьютер ресурстары оpтақ немесе желiлiк деп аталады. Жергiлiктi және ортақ; ресурстар түсініктері шартты. Бұл - жергiлiктi ресурсты ортақ етуге болады және, керiciнше, ортақ ресурсқа жергiлiктi мәртебесiн беруге болады (яғни басқа пайдаланушыларға жолды жауып тастау) деген сөз.

Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегi акқаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланылатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады. Есептеу желiлерi желілік операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негiзгi желiлiк операциялық жүйелерге Novell NetWare, Windows NT, OS/2 Warp UNIX кiредi. Windows 95, 98 операциялық жүйелерiнде құрамдас желiлiк құралдар бар.

Желiлiк ОЖ пайдаланушыларға желiнiң бiр компьютерiнен басқасына файлдар көшiруге, желiнiң бiр компьютерiнен басқасында орналасқан деректердi өңдеуге, ал кейбiр жағдайларда басқа компьютер жaдындa орналасқан программаны қосуға мүмкiндiк бередi.

Компьютерлiк желiлердi қолдану мыналарды жүзеге aсыруға мүмкiндiк бередi:



  • ақпаратты өңдеу процесiнiң нақты бiр компьютерден тәуелсiздiгi;

  • желiнiң бiр ДК -сында сақталу есебiнен бiр ақпаратты қосарлау мүмкiндiгiнiң жойылуы;

  • ақпарат сақталуы сенiмдiлiгiнiң жоғарылауы;

  • ақпаратты рұқсат етiлмеген енуден қорғауды жақсарту:

  • ұйымның бөлiмшелер және қызметкерлерi мен apacындa жылдам, қағазсыз а қпарат алмасу мүмкiндiгi.

Үлгі№2

Компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді ашып отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:



  • дидактикалық бағыт;

  • бағдарламалық ұсыныс;

  • техникалық ұсыныс;

  • пәндік аумақта қолданылуы.

Дидактикалық бағыт бойынша классификация

Бағдарламалық-аппараттық комплекстің дидактикалық бағыты бойынша классификация белгілерін кейбір әдебиеттерден кездестіруге болады. Мысалы, үйренушілерге компьютер арқылы берілетін білімді келесідей классификациялау керек. Біріншіден, білімді анықыталған және анықталмаған деп бөлу қажет болып табылады. Ал, кейінірек жасанды интеллект аумағында зерттеулердің дамуымен бұл білімдер артикулденетін және артикулденбейтін болып аталатын болды.

9-нұсқа

Үлгі№1

Білімнің артикулденетін бөлімі – бұл үйренушілерге ақпараттарды (мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше бөліктерге бөлу арқылы беруге болатын және оңай құралатын білімдер.

Білімнің артикулденбейтін бөлімі – интуиция, өтіл (опыт) негізінде құралған білімдер. Бұл бөлімнің білімі үйренушілерге берілмейтін, практикалық есептерді шығаруда жеке тапсырмаларды орындау кезінде қол жеткізуге болатын іскерлікті, тапқырлықты және адам өтілінің басқа бөлімдерін қамтиды. Білімнің мұндай классификациясына сүйене отырып, оқыту бағдарламалық-аппаратық комплекстерді классификациялауға болады. Осы комплекстер негізінде құралған және білімнің артикулденген бөлімін оқытуда қолданылатын технологиялар декларативтік деп аталады. Декларативтік технологияларға мыналарды жатқызуға болады:


  • компьютерлік оқулықтар;

  • оқытылатын мәліметтер қоры;

  • үйренушілерге белгіленген ақпаратты ұсынатын , дұрыс меңгеруін тексеретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және бақылау бағдарламалары мен басқа компьютерлік құралдар.

Бағдарламалық-аппараттық комплекстерді құруда және білімнің артикулденбеген бөлімін меңгеруде қолданылатын технологиялар процедурлік деп аталады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық технологиялары білімнің ақпараттарын бірнеше бөліктерге бөліп тексермейді және ақпарат бөліктерін қамтымайды. Олар әртүрлі модельдер негізінде құрылған. Бұл жағдайда компьютерлік ақпараттық технологияларға мыналар жатады:

  • қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП);

  • компьютерлік тренажерлер (КТ);

  • зертханалық практикумдер;

  • ойындардың бағдарламалы;

  • үйренушілерге зерттеу кезінде оқытылатын пән бойынша білім алуына (қосуына) мүмкіндік беретін экспертті-үйрену жүйелері (ЭҮЖ) және басқа да компьютерлік құралдар.

Үлгі№2

Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. Білім беру жүйесі ауқымды қоғамдық жұйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан жаңалықтарды есепке ала отырып өз құрылымын өзгертіп отыруы қажет. Сондықтан педагогикалық инновация бiлiм беру жүйесiн жaңартудың қажеттi факторы болып табылады. Бұл мәселеге көптеген еңбектер арнaлған мәселен, М.С Бургин (2), Н.Д Молахов, Н.И, Лaпин, А.И. Пригожин (5) «инновация», «инновациялық құбылыс» түciініктерінің негiзiн қарастырса, К. Ангеловский (1), В.А. Сластеннв (6), В.С Лазерев, С.,Ц Поляков(4), М.М Поташнвк, от. Хомерики (9) бiлiм саласындағы инновациялық құбылыстардың мазмұнын анықтайды. Инновациялық өзгерiстердiң әлеуметтiк- психологиялық кедергілерi туралы В.И Антошок, в.г Зазыкнна., Р.Л. Кричевский, Л.К Маркова, Н.Р. Юсуфбекова (10) зерттеулерiнде талдаулар жасaғaн.

Fылыми әдебиеттердегi инновациялық мәселелердiң теориялық негiздерiнiң жеткiлiктi зерттелуiне қарамастан бiлiм беру саласын ақпараттандыру iciнe жасaлған тандаулар көрсеткендей, жаңалық мектеп басшылары тарапынан үнемi түciнicтiк табыла бермейдi, кейде педагогтар тарапынан табанды қарсылықтар да кездесiп қалады. Бiлiм ұйымдары басшылары педагогтар тарапынан қалыптасып қaлған кәсптiк стереотип жаңалықты шеттеушілік, жаңашылдыққа ұмтылудың болмауы сиякты кедергiлердi кездестірiп жүp. Бұл бағыттa төмендегідей көптеген қайшылылықтарға тап болуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет