Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кәсіби курстар. Кәсіби курстардың ұйымдастырылуы.
Бақылау жүйесін құрастырудың негізгі қағидаларын сипаттап жазыңыз.
Бақылау – жоспарланған нәтижені үлгі талаптармен және стандарттармен салыстыру операциясы.
Бақылау жүйесін құрастырудың негізгі қағидалары Бақылау жүйесіне белгілі бір талаптар қойылады және оны құрастыру кезінде келесі негізгі қағидаларды сақтау керек:
Объективтілік – бақылауды ұйымдастыру үшін негізгі талабы және қағидасы болып табылады. Оқушылар бақылау жүйесін жылы көзқараспен қабылдауы керек. Сұрақтар, тапсырмалар, есептер және жобалар негізделуі керек, ал бағалау ӛлшемдері адекватты түрде оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарының деңгейлік талаптарына негізделуі керек.
Ашық технология – оқушыларды бағалау бірыңғайлық өлшемдер бойынша жүзеге асырылады және олар негізді, әрбір оқушыға алдын ала белгілі және түсінікті болуы керектігімен тұжырымдалады. «Ашық технология» бақылау жүйесінің құрылымдарын ӛзгертпей дамып отыруына жағдай жасайды.
Жүйелілік өз жағынан бес түрлі айқындама арқылы қаралады:
Бақылауды ұйымдастыру тәсілі бойынша:
автоматты түрде (машиналық);
өзаралық;
мұғалімнің бақылауы;
өздік бақылау.
Мектепте STEM білім беру дегеніміз не?
STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы ӛмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – оқу орны, мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату.
Қазақстанда да STEM-білім берудің белсене дамуы басталды. Бұл Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында STEM контекстінде оқу орындарда, мектептегі білім берудің мазмұнына ӛту дәлелдейді. Жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламасына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық үлгілеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді енгізу жоспарланды.
STEM-технологиясының мүмкіндіктері:
STEM-білім беруді қаржыландыру күшейтілуде: көбейіп келе жатқан әртүрлі коммерциялық емес ұйымдар технологияларға бағдарланған жобаларды жүзеге асыру үшін мектептерге гранттар ұсынады.
STEM — кәсіптік даму мүмкіндіктерінің кең таңдауы.
Оқушыларға технологиялардың қол жетімділігін ұсыну. Әлем жаппай компьютерлік желілерге жарақталған қазіргі уақытта балалар цифрлы контент құрып, олармен ӛзара алмасып, кең ауқымды қолданып жатыр. Олар веб-сайттар ашып, телефонға фильмдер түсіреді және өздері ойын жасап шығарады.
STEM-технологиялар оқушылардың барынша белсенді болуына ықпал ететін оқу ортасын құру дегенді білдіреді. Қандай жағдайда да оқушылар ӛзінің оқып білім алуын еліктірілген. Оқушылар оқу үдерісіне елігіп, белсенді қатысқан жағдайда үйренгенін жақсы есте сақтай алады.
STEM-технологиялар оқушылардан сын тұрғысынан ойлау қабілетін, өз бетінше және командада бірлесіп жұмыс істеу дағдыларының болуын талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |