Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кәсіби курстар. Кәсіби курстардың ұйымдастырылуы.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша бейіндік-бағдарлы оқытудың негізгі тұжырымдамалық ережелері анықталып және жаратылыстану математикалық бағыттағы бейіндік пәндердің білім мазмұнына қойылатын талаптар мен жаратылыстану- математикалық бағыттағы сыныптарда бейіндік пәндерді оқытудың әдістемелік ерекшеліктері нақтылануы қажет.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқыту, мазмұнның инварианттық өзегін құрайтын, бірақ мазмұнның көлемі мен тереңдігі және қолданбалы бағыты бойынша ерекшеленетін жүйеленген курстар аясында жүзеге асуы мүмкін. Түрлі бағдардағы сыныптардағы оқу-тәрбие мақсаттарының өзгешеліктері ескеріле отырып инварианттық өзек вариативтік бөлікпен толықтырылады.
Жаратылыстану-математикалық циклдар бағыты үшін төмендегідей арнаулы курстар болуы ықтимал:
¨ шығармашылық ойлауды дамыту;
¨ өнертапқыштық мақсаттарды шешу теориясы;
¨ есептеу жүйесі;
¨ есептеу техникасы (есептеудің тиімді тәсілдері);
¨ бөлінгіштік теориясы;
¨ ерекше нүктелер;
¨ көпшілдік;
¨ ойын теориясы;
¨ комбинаторика;
¨ қолданбалы экономика және т.б.
Жаратылыстану-математикалық бағыт үшін «Информатика» пәнін игеруде информатиканың алгоритмдер мен программалау, ақпараттық технологиялар, ақпараттандыру құралдары бӛлімдері техникалық және жаратылыстану-ғылыми қызмет саласында қолдану мүмкіндіктерін ашуға бағытталып қарастырылады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда «Информатика» пәні мазмұнының негізі ретінде келесі аспектілер алынады: 1) іргелі ғылым ретінде информатиканың қазіргі жағдайының мектеп курсына сәйкес бейнеленуі; 2) «ақпараттық үдеріс» ұғымы арқылы оқыту мазмұнын сабақ- тастыру негізінде информатиканың ғылыми пән ретіндегі мәнін кӛрсету; 3) оқу материалын адамгершілік, ізгіліктілік, патриоттық және т.б. тәрбиелік құндылықтармен байыту; 4) оқушылардың ойлауын қалыптастыру және дамыту, оларға шектен тыс ақпараттар ағымымен қаруландыруға мүмкіндік бермеу; 5) ақпаратпен тиімді жұмыс істеу әдістеріне үйрету; 6) информатика курсының пәнішілік және пәнаралық байланыс- тарын белсенді түрде қолдану; 7) тәжірибеде қалыптастырылған білім мен біліктіліктерді жал- пылай қолдану тәсілдеріне үйрету. Жаратылыстану-математикалық бағыт үшін «Информатика» пәнінің теориялық және тәжірибелік мазмұны 1:1 қатынасы бо-йынша құрылған. Информатика сабағын ӛткізу барысында 20 ми- нут теориялық бӛлімге, ал 25 минут тәжірибелік бӛлімге арналып оқытылады.
Достарыңызбен бөлісу: |