«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан сұрақтары


Бастауыш мектептегі информатика сабақтарының ерекшеліктерін сипаттаңыз



бет20/51
Дата17.09.2023
өлшемі1.84 Mb.
#477749
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
Иоә емтихан жауаптары

Бастауыш мектептегі информатика сабақтарының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Бастауыш сыныптарға информатиканы енгізудің мақсаты бүкіл орта мектептерде оқытуды үздіксіз етіп, жастардың жалпы компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Психологтардың айтуынша, логикалық ойлау құрылымдарының дамуы 11 жасқа дейін тиімді іске асады, оны қалыптастыруға кешіксе, баланың ойлау қабілеті соңына дейін жеткізілмей, бұдан кейінгі оқуда қиындық туындауы ықтимал. Информатиканы математика және ана тілі пәндерімен қатар оқыта бастау нәтижесінде баланың ойлау қабілеті дами түседі. Балалардың ойлау қабілетін қалыптастыруда информатиканың маңызы зор, бұны мұғалім сабақты жоспарлау және ӛткізу кезінде ұмытпаған жӛн. Сондықтан информатиканы оқыту барысында ойлау қабілетін, сондай-ақ компьютермен жұмыс жасауды меңгеруді басты назарға алу керек. Информатика пәні баланың техника кұлағында ойнап отырған өз замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер, қажетті құрал-жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір оқыту әдістерінің жолдары жаңаруда.
Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін өзара үйлестіре отырып, информатиканы оқытудың екі аспектісін бӛліп айтуға болады, олар: технологиялық және жалпы білім беру аспектілері. Технологиялық жағдайда информатика білім беру әлеуетін қалыптастыру құралы ретінде қаралады. Оның міндеті –оқушылардың заманауи ақпараттық технологияларды қолдану ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Осы міндетті жүзеге асыру үшін мектептерді компьютерлермен және бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Бұған жоғары сыныптарда оқытқан жөн. Жалпы білім беру жағдайында информатика логикалық ойлауды дамыту, талдай білу, негізгісі мен қатыстысын айыра білу, әрекет жоспарын сипаттай алу және логикалық қорытынды шығару құралы ретінде қаралады. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мектепте компьютердің болуы міндетті емес, сондықтан мұндай оқыту курсын кез келген мектепте, кез келген шалғай жатқан қалашықта, кез келген ауылда ӛткізуге болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет