«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан сұрақтары


Мектептің жоғарғы сатысында информатиканы саралап оқыту әдісін түсіндіріңіз



бет18/51
Дата17.09.2023
өлшемі1.84 Mb.
#477749
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
Иоә емтихан жауаптары

Мектептің жоғарғы сатысында информатиканы саралап оқыту әдісін түсіндіріңіз.

Жаңа инновациялық технология білім беру саласын дамытуға, оқыту құралы ретінде пайдалануға төмендегідей мүмкіншіліктерді, яғни оқу үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағыттау, оқушының өзіндік іс әрекетін қалыптастыруға бағыттау- білім беруде жекеше оқытуды дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын көздейді.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.
Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуга мүмкіндік береді.
Деңгейлеп – саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылды: ең төменгі деңгей, ( орташа жағдай), бағдарламалық , күрделенген деңгей.
Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:
жеке тұлға ерекшеліктеріне;
• психологиялық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау қабілетінің ерекшелігі, өзінің эмоциясын басқара білуіне;
• пән бойынша білімді игеру деңгейіне ( оқушының білімімен іс — әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек) ;



  1. Орта мектептің 5-сыныптардағы информатика. 5-6 сыныптарда сабақ жүргізу әдістемесін түсіндіріңіз.

5-сыныпқа арналған оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Кіріспе. Компьютер және қауіпсіздік». Қауіпсіздік техникасының ережелері мен жұмыс орнын ұйымдастыру. Компьютердің негізігі құрылғылары (процессор және қатты диск);
2) «Интернеттегі қауіпсіздік». Басқа адамның жұмысын кӛшірудің заңсыздығы. Құжатқа құпия сөз орнату. Ортақ қолжетімді файлдармен жұмыс атқару (орналастыру, өзгерту, жүктеу);
3) «Ақпарат және оны өңдеу». Ақпарат. Ақпаратты әртүрлі формаларда ұсыну. Программалық қамтамасыз ету. Растрлық кескіндерді құру және өңдеу;
4) «Алгоритмдер». Алгоритм. Орындаушы, орындаушылардың командалар жүйесі. Қадамды сөз түрінде ұсыну;
5) «Программалау». Ойын программалау ортасында (Лого, Scratch). Тармақталу. Цикл;
6) «Жобаны әзірлеу». Ойын ортасындағы программалау кезеңінде (Лого, Scratch) нысандар мен оқиғалардың анимациясын құру. Құжатты баспаға дайындау (парақ өлшемдерін өзгерту, бет өлшемдерін қою, алдын ала көру). Жобаны ұсыну.
6-сыныпқа арналған оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Компьютерлік жүйелер мен желілер». Эргономика, қауіпсіздік техникасының ережелері. Есептеу техникасының дамуының тарихы. Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара байланысуы. Операциялық жүйенің негізгі функциялары. Сымсыз желілер;
2) «Мәтіндік құжаттардағы сілтемелер». Түсіндірме. Гиперсілтемелер. Мазмұн. Реферат жасау;
3) «Мәтіндік ақпаратты ұсыну». Ақпаратты тасымалдау. Мәтіндік ақпаратты шифрлеу. Ақпаратты екілік код түрінде ұсыну;
4) «Компьютерлік графика». Векторлық бейнелерді құру. Растрлық және векторлық бейнелерді салыстыру;
5) «Компьютерлік ойындарды әзірлеу». Компьютердегі есептерді шешу қадамдары. Алгоритмді блок – схема түрінде ұсыну. Компьютерлік ойынның тұжырымдамасы;
6) «Компьютерлік ойындарды құру». Ойын ортасындағы сценарийді әзірлеу және жүзеге асыру. Ойынды жасау барысында қолданылатын компоненттер. Программа ортасында қателерді табу және жӛндеу. Ойындар үшін құжаттамалар. Сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме). Қолданылған ресурстарға сілтемелер.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет