Информатиканы оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет117/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   125
pdf24 converted 3

7. Мұғалімнің іс-әрекеті: 
 жаңа білімдердің мазмұндамасының ғылымилығы мен қол- 
жетімтілігі; 
 ең жақсы мұғалімдердің тәжірибесін және әдістемелік 
ғылымның ұсыныстарын қолдану; 
 оқу материалын бекітуді ұйымдастыру; 
 оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру; 
 оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру және 
бағалау; 
 мұғалімнің сұрақтары және оқушылардың оған жауап беруін 
талап ету; 
 оқушылардың оқу материалын саналы түрде меңгеруіне 
мұғалімнің қарауы; 
 үй тапсырмасы және мұғалімнің оған көңіл бөлуі; 
 тәртіпке және оқушылардың саналы тәртіптілігіне жету 
жолдары; 
көрнекілік құралдарды, техникалық оқу құралдарын 
қолданудың тиімділігі; 
 мұғалімнің сыныппен қарым-қатынасы және т. б. 
8. Оқушылардың іс-әрекеті:
 жұмыс орнын дайындау; 
 оқушылардың сабақтағы мінез-құлқы – тәртіптілігі, 
ыждағаттылығы, белсенділігі, көңілдері, бір жұмыс түрінен басқасына 
көше білу іскерлігі және т. б.;
 оқушылардың өздік жұмысының сапасы мен қарқындылығы; 
 оқушылардың ауызша сөйлеу және жазу мәнерінің күйі; 
 оқушылардың теорияны білуі және алған білімді қолдана 
білу іскерлігі; 
 оқушылардың мұғалімге деген қарым-қатынасы;
 жұмыста жалпы алғанда ұжымның және жеке оқушылардың 
сабаққа қатысу дәрежесі мен мінезі және т. б..
9. Қорытынды:
 сабақ жоспарының орындалуы;
 сабақ мақсаттарына жетуі;
 сабақтағы ең қызықтысы және өнегелілігі; 
 сабақта не нәрсе аса үлкен әсер қалдырды;
 осы тақырыпқа қайтадан сабақ өткізгенде қандай 
өзгертулерді мақсатты түрде енгізу керек;
 сабақты бағалауы.


182 
Келтірілген жалпы үлгілердің көмегімен болған сабақтың 
жалпы таладуын және өздік талдауын жасауға болады. Әйтсе де, 
тәжрибеде сабақтың талдауын жасағанда жалпы үлгіден басты 
жағдайларды ерекшелеу қиынырақ болуы.
Сондықтан жалпы үлгіден басты жағдайларды ерекшелеудің 
бір нұсқасын келтірейік: 
1. Сабақта қандай білімділік, дамытушылық және тәрбиелік 
мақсаттар орындалды? Олардың ішінен қайсысы басты болды және 
неге? Олардың өзара байланысы қандай? 
2. Сабақтың өзгешелігі қандай? Оның типі қандай? Берілген 
сабақтың тақырыптағы, бөлімдегі, курстағы алатын орны? 
3. Сабақты жоспарлағанда оқушылардың мүмкіндіктері қалай 
ескерілді? 
4. Сабақтың құрылымы мен сабақтың жеке бөлімдеріне 
уақыттың бөлінуі тиімді ме? 
5. Қай материалға немесе сабақ бөліміне басты акцент 
қойылады? 
6. Оқу әдістерін таңдау және олардың байланысы қалай 
түсіндіріледі? 
7. Сабаққа оқу формалары қалай таңдалды? 
8. Сабақта сараланған әдіс-амалдың қолданылуы не себебті? 
Қалай ол іске асырылды? 
9. Сабақта қолданылған оқушылардың білімін тексеру мен 
бақылау формаларының таңдалуы немен түсіндіріледі? 
10. Бүкіл сабақ барысында оқушылардың жұмыс қабілеттілігі 
немен қамтамасыз етіліп отырды? 
11. Оқушылардың қажуы алдын ала қалай ескеріліп отырды? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет