Информатиканы оқыту әдістемесі


ақпараттық мәдениетті қалыптастыру болып



Pdf көрінісі
бет15/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   125
pdf24 converted 3

ақпараттық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Ал бұл 
мақсатты жүзеге асыру үшін бүкіл педагог - оқушылар қауымы 
ақпараттық мәдениетпен қарулануы тиіс.
1.5.4. Оқушылардың ақпараттық мәдениеті ұғымының 
қалыптасуы 
Информатикадан орта мектептерге арналған оқу құралдарының
[4], [18], [25] бірнеше нұсқаларына өткізілген байқаудан кейін 
информатика саласынан оқушыларға білім беру мазмұны, мақсаттары 
кейбір бөлімдерде әртүрлі баяндалғандығын байқадық.
Мысалы, [25] оқу құралы авторларының бағдарламасына 
түсіндірме хатта «жалпы білім беретін орта мектепте 
информатиканы оқытудың негізгі мақсаты - оқушылардың 
алгоритмдік ойлауын дамыту және курстың орталық ұғымы - 
алгоритмдер, ал оқу іс-әрекетінің негізгі мазмұны алгоритмдерді 
құру және талдау» деп айтылған [2,38,4-б.].
Сол кездері басқа оқу құралдарының [4] авторлары өздерінің 
бағдарламаларында «өмірге қажетті есептерді ЭЕМ көмегімен 
шығаруды оқушыларға оқыту курстың негізгі мақсаты болып 
табылатындығын» баяндайды [2,38,32-б.].
Сонымен информатиканы оқытудың мақсаттарына әдеттегіден 
тыс түсінік беріледі - «ол ЭЕМ-де ақпаратпен жұмыс істеу 
шеберлігі: ақпаратты жазу, оқу, санау және сурет салу, іздеу, 
жинау және компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу» [2]. 
1
Талызина Нина Федоровна (28.12.1923) — психология ғылымының докторы, профессор
ССРО ПҒА-ң корреспондент мүшесі. 


27 
Информатика курсын оқыту тәжірбиелерін таңдау, мектепте 
информатиканы оқыту мақсатының жаңа түсінігі – мектептегі оқу 
процесіндегі ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мен 
информатика негіздерін меңгеруді бірнеше кезеңге бөлу қажеттілігін 
туындатты.
Сонымен орта мектепте информатикадан үздіксіз білім беру 
мақсатында оны оқыту төменгі сатыларға түсірілді. 11 жылдық 
мектепте информатиканы оқытудың жаңа мақсатын жүзеге асыру үш 
кезеңді қамтиды: 
• Бірінші кезең (I-VІ) – пропедевтикалық. Бұл кезеңде 
оқушылар компьютермен алғаш танысады, ойын бағдарламаларын 
және қарапайым компьютерлік жаттықтырушыларды математика
физикада және т.б. сабақтарда қолдануда ақпараттық мәдениеттің
алғашқы әлементтері қалыптасады. 
• Екінші кезең (VІІ-ІХ) – негізгі курс, оқушылардың 
информатикадан жалпы білім алуы негізін қамтамасыз етеді. Ол 
оқушылардың есептерді шешудегі ақпараттық технологияның әдіс- 
тәсілдерін меңгеруге, кәсіптік, оқу әдістеріне компьютерді тиімді 
және саналы қолдануға дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. 
• Үшінші кезең (Х-ХІ) – оқушыларды информатика саласында
қызығушылығына байланысты және кәсіптік дайындық бағыттары 
көлем бойынша кәсіптік сараланған оқыту ретінде білімнің жалғасуы.
Оқушылардың информатиканы ертерек үйренуіне байланысты 
мектептегі барлық оқу пәндерін оқып-үйренуде жаңа ақпараттық 
технологияның әдістері мен тәсілдерін жүйелі қолдану мүмкіндігі 
жоғарылайды. 
Міне, бұл фактор информатика саласында оқушыларға білім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет