Информатиканы оқыту әдістемесі


-тарау. Информатиканы оқытуды ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет21/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   125
pdf24 converted 3

2-тарау. Информатиканы оқытуды ұйымдастыру 
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі қағидалары 
Оқытуды ұйымдастырудың негізіне мына айқындалған 
қағидалар жатады: 

үздіксіздік – оқытудың барлық кезеңдеріндегі сабақтастықты 
есепке ала отырып, оқытудың мазмұндылығы мен білімді 
бақылаушылық жүйесін құру арқылы жасалады; 

сызықты емес – білім беру үрдісінің қатысушыларының 
мүмкіндіктері мен әлеуметтік тапсырысқа қатысты, оқыту мен
бақылау жүйесінің дамуы мен мазмұнын өзгертуге рұқсат етіледі;

өзін-өзі ұйымдастыру – оқытуды ұйымдастырудың оңтайлы 
өзін-өзі жоғарылататын моделін таңдау мүмкіндігін ұсыну арқылы 
жасалады; 

ашықтығы – пәнаралық тәсілде оқытудың мазмұнын 
құрумен негізделеді және бағдарлама мен бақылау жүйесін дайын 
ақпараттық блоктардан жобалау мүмкіндігін болжайды. 
2.1 Әдістеме және оқыту технологиясы
Қазіргі білім берудің ең басты мақсаттарының бірі – 
оқушыларды өмірге бейімдеу, өз бетімен білім алуға дағдыландыру
алған білімін жасампазды қолдануға икемдеу екені белгілі.
Педагогикада, дәстүрлі педагогикалық, әдістемелік және 
дидактикалық жүйелерге қарағанда, педагогикалық технологиялар 
немесе оқыту технологиялары зор маңызға ие болып озық дамуда.
«Педагогикалық технология» термині шетелде, өткен 
ғасырдың 60-жылдарында пайда болды. Содан бері әр елдерде, 
мысалы АҚШ-та, Жапонияда «Педагогикалық технология», Англияда 
«Педагогикалық технология және оқыту процессі» журналдары 
баспаға шыға бастады. Ал ЮНЕСКО-ң халықаралық білім беру 
бюросының бюллетені «Педагогикалық технологиялар» топтамасын 
шығарды.
«Оқыту технологиясы» ұғымы 60-жылдардың аяғында пайда 
болып, 70-жылдары көптеген жақтаушыларға ие болды. Қазіргі 
уақытта, ол педагогикалық сөздікке бекем енді. Әйтсе де, оны түсіну 
және қолдану әртүрлі болуда. 
Қазіргі заманның педагогикалық теориясында жаңа оқыту 
технологиясын мектепке енгізуде бірінші зерттеу жүргізген академик 
В. Беспалько [1] болатын. Оның айтуы бойынша – «Педагогикалық 
технология – бұл оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұнды техникасы»
Ал жаңа технологияның жеке сүрақтарын зерттеген және 
«Модулді оқыту технологиясын» енгізген В.М. Монаховтың пайымы 


38 
бойынша – «Педагогикалық технологиябұл оқушы мен мұғалімге 
барлық жағдай жасау арқылы оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру 
және өткізу бойынша бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің жан-
жақты ойластырылған моделі»
«Педагогикалық технология – техникалық және адами 
ресурстарды, олардың өзара байланысын ескере отырып, оқыту 
және білімді игерту үрдістерін құрайтын, қолданатын және 
белгілейтін, білім беру түрлерін оңтайландыруды міндет санайтын 
жүйелі әдіс» (ЮНЕСКО). 
Дегенмен, әдебиеттерде, мысалы: «массив ұғымын енгізу 
әдістемесі», «бағдарламалауға оқыту әдістемесі», «ақпараттық 
технологияларды оқыту әдістемесі» және т.б. сөз тіркестері кездеседі. 
Мұндағы «әдістеме» ұғымы мүлдем басқа мағына беретіні анық, ол 
«алгоритм», «әдіс», «технология» түсініктеріне жақын.
Осыған 
байланысты, 
«әдістеме» 
және 
«технология» 
ұғымдарын бөлу мәселесі туындайды.
А.В. Хуторской айтқандай, «оқыту теориясы „бәріне барлығын“ 
(жалпы дидактика) және жеке оқу пәнін оқыту немесе белгілі типті 
мекемелерінде оқыту теориясы (дербес дидактикалар) болып 
ажыратылады. Дербес дидактикалар ... оқыту мәселелерін сәйкес оқу 
пәндеріне қарай үйлестіреді және де әртүрлі деңгейде – бала бақшадан 
бастап орта және жоғарғы оқу орындарына дейін. Дербес 
дидактикаларды оқыту әдістемелері деп те атайды... Олардың мақсаты 
– сәйкес оқу пәнін немесе пәндер тобын оқыту үрдісінде оқушыларды 
дамыту және тәрбиелеу, оқыту құралдары және жолдары 
заңдылықтарын зерттеу» [45, 9–21б.].
Г.К.Селевко 
педагогикалық 
технология 
ұғымының 
үш 
иерархиялық деңгейін бөліп көрсетеді [41]: 

бүтіндей 
білім 
беру 
үрдісін 
сипаттайтын 
жалпы 
педагогикалық немесе жалпы дидактикалық деңгей (аймақта, оқу 
орнында, оқу деңгейінде), синонимі – «педагогикалық жүйе»; 

бір пән, сынып, мұғалім және т.б. аясындағы білім беру 
үрдісін сипаттайтын жеке әдістемелік немесе пәндік деңгей, синонимі 
– «жеке әдістеме»; 

оқшауланған немесе модульдік деңгей, яғни оқу-тәрбиелік 
үрдістегі жеке элементтер технологиясы (ұғымдарды қалыптастыру, 
бақылауды ұйымдастыру, жаңа білімді игеру және т.б.).
Сонымен мынадай бастапқы тұжырымды қабылдайық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет