44
Ұжымдық
оқыту
формасының
жаппай
оқытудан
айырмашылығы, сынып оқушыларының арасында лидері бар қарым-
қатынас ерекшеліктерімен қалыптасқан жеке ұжым ретінде
қарастырылады.
Топтық оқыту формасында – оқушылар әртүрлі
негізінде,
алуан түрлі мерзімге құралатын топтарда жұмыс жасайды. Бұл
компьютерлік техниканы қолданғанда оқытудың әдеттегі түрі,
мысалы, жаңа бағдарламалық өнімдерді игергенде, жобалармен
жұмыс жасағанда, компьютер тапшы болғанда және т.б. жағдайларда.
Топтың ішінде қарқынды ақпарат алмасу пайда болады, сондықтан
деңгейі және ынтасы әртүрлі оқушылардан
құралған топтарда
топтық оқыту түрін қолдану тиімді болады.
Жұптық оқыту – негізгі іс-әрекет тапсырманы өзара талқылап,
бірін-бірі оқытып, бірін-бірі бақылап отыратын екі оқушы арасында
жүзеге асады [45]. Белгілі бір кезекпен оқушылардың жұптарын
ауыстырып оқыту формалары бар, сол арқылы жұптық оқыту түрін
ұжымдық оқытумен біріктіруге мүмкіндік береді.
Жеке оқыту формасы – мұғалімнің
бір оқушымен ғана жұмыс
жасауы (сабаққа қосымша дайындық, тьюторлық жұмыс, кеңес беру
және т.б.). Зертханалық жұмыс кезінде сабаққа дайындықсыз келген
оқушыларды теориялық материалды қосымша оқыту үшін
ЭЕМ-нен
алшақтату да кейде пайдалы.
Оқытуды ұйымдастыру түрі – уақытпен шектелген оқыту
үрдісінің жеке буынының құрылымы.
Достарыңызбен бөлісу: