Информатиканы оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет61/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   125
pdf24 converted 3

Алдын ала бақылау оқу басында оқушылардың білімдерін, 
ептіліктері мен дағдыларын, сондай-ақ даму деңгейін анықтауға 
арналған бақылау. Көбінесе оқу басында немесе жаңа тақырыпты 
(бөлімді) оқыту алдында қолданылады. Сыныпқа жаңадан келген 
оқушыларға да қатысты пайдаланылады.


94 
Ағымдық бақылау – бұл оқушылардың білімдері, ептіліктері 
мен тәжірибелік дағдыларын жүйелі тексеру, әдетте оқу барысында 
қолданылып, көптеген құрама сабақтардың маңызды бөлігі болып 
табылады. Білімнің, ептіліктер мен дағдылардың, практикалық 
әрекеттің қалыптасу деңгейін, тереңдігін, беріктігі мен толықтығын 
дәл анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім бұл жағдайда ағымдағы оқу 
материалын тексеріп қана қоймай, өткен тақырыптардан алған 
білімдерін қайталауды қамтамасыз етеді. Ауызша сауалнама, жазбаша 
тексеру жұмыстары, фронталды әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.
Кезеңдік бақылау – үлкен бағдарламаны немесе ұзақ мерзімді оқу 
кезінде алған білімдерін ағымдағы бақылау бағаларын ескере отырып 
бағалау. Бақылау жұмыстары, әңгімелесу, сынақтар немесе тестілеу 
түрінде өткізіледі.
Қорытынды бақылау оқытудың соңғы нәтижелерін анықтауға, 
бұдан әрі оқуды қамтамасыз ететін даярлықтың қажетті көлемін 
белгілеуге арналған. Курстың немесе белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, 
жартыжылдық, семестр, оқу мерзімінің соңы) аяқталған кезде өткізіледі. 
Оның түрлері – сынақтар, рефераттарды, курстық және дипломдық 
жұмыстарды қорғау, ауыспалы немесе бітіру емтихандары.
3.1.4. Үздіксіз бақылау моделі 
Бақылау жүйесін ұйымдастыру кезінде толықтық және 
жанжақтылық, тұрақтылық және жүйелілік, объективтілік және 
валидтілік 
есепке 
алынады. 
Бақылау 
оқу 
үрдісін 
құрастырушыларының бірі болып табылатындықтан, ол оның негізгі 
атқаратын қызметтерін, мысалы, білім беру, тәрбиелеу және дамыту 
жақтарын ашып көрсетуі керек. Осы талаптарға дифференциялық 
тәсілді, 
функциялық 
өзін-өзі 
бақылаудың 
дамуын 
және 
пайдаланылуын қосуға болады. 
Толықтық пен жан-жақтылықпен – оқу бағдарламасына 
енгізілген дайындық деңгейінің талаптарын есепке ала отырып, 
барлық тараулар мен тақырыптар бойынша өздік және бақылау 
жұмыстарын, тексеру кешендерін жасау қамтамасыз етіледі. 
Тұрақтылық және жүйелілік – оқытудың барлық кезеңдерінде 
мерзімділік пен үздіксіздіктің сақталуымен байланысты болады. 
Объективтілік және валидтілік бақылау жүйесінің негізгі 
сипаттамасы болып табылады, олар арқылы бақылау кезінде алынған 
ақпараттың растығы дәлелденеді және сапалық кепілдік беріледі. 
Бақылау үрдісінде терминдерді, қағидаларды және түсініктерді, 
тұжырымның мәнін, ғылыми білімділікті және жаңалық ашуды түсіну 
және меңгеру бойынша тексерулер, сонымен қатар, машықтандыру 


95 
тәжірибесін игеру, жалпы және арнайы жұмыстарды қабылдау, жеке 
және ұжым құрамын қызметінің іс - әрекетін жоспарлау және 
ұйымдастыру жүзеге асырылады. Сонымен, үшбірлікті оқыту жүзеге 
асырылады: білім беру, дамыту және тәрбиелеу. 
Бақылаудың дифференциациясы оқушылардың оқу материалын 
меңгеру және қабылдаулары кезіндегі қабілеттіліктерінің айырмасын 
есепке алудың қажеттілігін ескертеді. Дифференциялық тәсіл көп 
деңгейлі бақылауды және әрбір деңгей үшін оқытудың нәтижесін 
бағалау өлшемінің әзірлемесін жасау жолымен жүзеге асады. 
Оқушыларға бірдей тапсырмалар беріліп, оларды орындау кезіндегі 
оқытушының көрсеткен көмегінің дәрежесі әртүрлі болуы - 
гуманистердің дифференциялық бақылауға деген көзқарасының бірі 
болып табылады. 
Қазіргі кезде оқушылардың өз бетімен өзінің білімі мен 
іскерлігін бағалауы, оларға дайындық деңгейінің талаптарына сәйкес 
түзетулер енгізу бойынша қабілеттіліктері үлкен рөл атқарады. 
Бақылау мен өздік бақылауды ақыл-оймен үйлестіріп отыру, 
жүргізілетін бақылаулық іс - шаралардың тиімділігін күшейтеді. 
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай жасалынған бақылау 
жүйесі, оқушылардың жас ерекшеліктерін, оқу үрдісіндегі 
оқытылатын материалдың ерекшелігі мен басқа да ерекшеліктерін 
есепке ала отырып, адекваттық және әртүрлі тәсілдерді пайдалануы 
керек. Тәсілдерді орынды түрде және ақыл-оймен үйлестіріп отыру, 
бақылау жүйесінің тиімділігін және өнімділігін қамтамасыз етеді. 
Информатиканы мектептегі салыстырмалы жас пән екендігін 
есепке ала отырып, бақылау оқушылардың дайындық деңгейінің 
талаптарын 
есепке 
алмай, 
көбінесе 
жеке 
көріністермен 
(фрагменттермен) ғана жүзеге асырылады. Жүргізіліп отырған 
бақылаулық іс-шаралардың жүйесіздігі мен тұрақсыздығы оқыту 
үрдісіне зиянын тигізеді. Нақтылы жасалған бағалау өлшемдерінің 
жоқтығы, оқытудың деңгейлік көрсеткіштерінің нәтижелерін 
бағалауда субъектілікке әкеліп соғады. Қорыта келгенде, осы 
өлшемдер мен тәсілдер оқушыларға бақылау жұмысы өткізіліп 
жатқанда немесе оның соңында емес, бақылау жұмысының алдында 
белгілі болуы керек. 
Ұсынылып отырған үздіксіз бақылау моделі информатика пәні 
бойынша білім беру мониторингісі бола алмайды, бірақ оның 
мұраттарын және кейбір қағидаларын, айтар болсақ, объективтілігін, 
жүйелілігін және ашықтығын пайдаланады. 
Оқушылардың білімсіздіктен білімділікке қарай жылжып 
отыруын үздіксіз бақылаудың нәтижелері, олардың әрбірінің даму 


96 
серпінін бағалау, тұрақты түрде бақылаулық іс-шараларды өткізу, 
нәтижелерді бағалаудың жүйесін әзірлеу және осы туралы 
оқушыларға мәліметтер беріп, таныстыру, бақылаудың нәтижелері 
бойынша ақпараттар жинақтау және осы деректерді талдау, жалпы 
оқыту мақсаттарын есепке ала отырып, әртүрлі бақылау әдістерін 
пайдалану – информатика пәнінің кейінгі кезеңдеріндегі дамуының ең 
маңызды міндеті болып табылады. 
Оқытудың 
әртүрлі 
кезеңдеріндегі 
тапсырмалардың, 
міндеттердің, жобалардың, бақылаулық және жобалық жұмыстардың, 
тестердің жүйелері, жасалған оқу-әдістемелік базасының тәжірибесіне 
тәуелді бола отырып, негіздеме үшін алынып, оқытушының 
(әдістемешінің) 
бақылау 
моделіне 
«кіргізілуі» 
мүмкін. 
Ол 
информатика пәнінің курсының ерекшелігі мен дайындық деңгейінің 
талаптарын есепке ала отырып, бейімделуі мүмкін, сонан соң жаңа 
әзірлемелермен толықтырылып, кеңейтілуі мүмкін. Осы модельді 
жетілдіру және дамуы үшін ашық болуы бойынша материалдың 
құрылымы орындалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет