Информатиканы оқыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет58/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   125
pdf24 converted 3

2. Бағалау тәсілі бойынша

«бағалық» – технологиясы бес балдық шкала бойынша баға 
қойылып, дәстүрлі болып табылады; 

«рейтингтік» – технологиясы бағдарламаның әртүрлі 
(тақырыптарын) тарауларын меңгергендері үшін алған балдардың 
қосылғыштарының қосындысына негізделген. Осыдан кейін өздерінің 
рейтингтері көтерілген соң, көптеген оқушылар бір тәртіптілікте 
болады. Оқушылардың әр тобының өзінің жеке дәреже алу мүмкіндігі 
бойынша да нұсқа болуы мүмкін. Осындай бағалау жүйесінде 
қосымша балл беру мүмкіндіктері болуы көзделген, осындай 
артықшылықтармен айрықша шығармашылық шешімдер және т.б. 
бастамалармен көзге түскен белсенді және талапкер оқушыларды 


89 
мадақтау үшін пайдалануға болады. Рейтингтік шкала бойынша 
нәтижелер есептеліп, дәстүрлі бес балдық жүйесі арқылы бағалануы 
мүмкін; 

«сапалық» – технологиясы негізінен білімі мен іскерлігін
сараптық бағалау және бақылау әдісін бірлестіре отырып 
пайдаланады. Бағалау қорытындысы және тұжырымдама жасау 
арқылы сипаттама түрінде «меңгерді- меңгермеді», «ұғып алды - ұға 
алмады», «түсінді-түсінбеді», «игерді - игере алмады» сияқты негізгі 
сөздердің көмегімен ұсынылады. Осы мінездемелер оқушылардың 
топтарына қолданылады және өздерінің «көпшілік - азшылық», 
«негізінде» сияқты негізгі сөздерін пайдаланады, пайыздық 
мінездемелерге рұқсат беріледі. Кей жағдайларда жеке оқушыларға 
осы технология шеңберінде бес балдық жүйе бойынша бағалар 
қойылуы мүмкін. 
3. Бақылауды ұйымдастыру тәсілі бойынша: 

автоматты түрде (машиналық); 

өзаралық; 

мұғалімнің бақылауы; 

өздік бақылау. 
4. Жетекші функциясы бойынша: 

диагностикалық бақылау – білімнің, іскерліктің және 
дағдылардың даму серпінін бақылауды, өз уақытында түзету енгізу 
үшін сабақтың материалдарын меңгеру жағдайы жөнінде мәліметтер 
алуға, қайталаудың тиімді ұйымдастырылуын, оқу бағдарламасын 
(тақырыптық жоспарлауды) анықтауды, оқу үрдісін оңтайландыруды 
жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады; 

ынталандыру бақылауы – оқушыны жүйелі жұмыс істеуге 
көңіл қоюына, шығармашылық іс-әрекеттке талаптануға, зейінді 
болуына, талапкерлігі мен өздігінен жұмыс жасауға, жетістіктері мен 
кемшіліктерін көруге, күшті және әлсіз жақтарын ашуға көмектеседі; 

тұрақтылық бақылауыоқушылардың дайындығының 
дәрежесі мен деңгейін бекітеді, емтихан мен сынақтарды өткізу 
үрдісінде пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет