Информатиканы оқыту әдістемесі


 Оқушы білімдерін тест арқылы тексеру



Pdf көрінісі
бет72/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   125
pdf24 converted 3

3.6. Оқушы білімдерін тест арқылы тексеру 
3.6.1. Білімді тест арқылы тексеру жүйесінің дамуы 
Тест (ағылш.– test) – оның қазақша аудармасы тексеру, сынау, 
байқау деген мағына білдіреді. 
Соңғы жылдарда оқушылардың білім сапасын тексеруде тест 
тиімді тәсіл ретінде көрініс табуда. Тест оқушы білімінің деңгейін 
ғана анықтап қоймайды, оның ойын жүйелеп, жылдам есептеуіне, 
логикалық ойлау, есептеу дағдыларының қалыптасуына, тез шешім 
қабылдау қасиетінің дамуына тиімді әсер етеді. 


109 
Қай пәннен болмасын оқушы білімін тексерудің, бағалаудың бір 
түрі – текстік бақылау болып табылады. Тест оқушының білім 
дәрежесі қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі 
жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жол. 
Тестік бақылауда берілетін есептер есептеу жолы жеңіл, ықшам, 
шешуге жеңіл, оқушыны жалықтырмайтындай болғаны абзал. 
Жасалған тест сұрақтарына қанша уақыт қажет екенін мұғалім 
күні бұрын есептеп, анықтап алғаны дұрыс. Шамамен жетілдіріп 
отыру керек.
Тест жүргізгенде берілген дайын жауаптардың дұрыс немесе 
теріс екенін шартты белгі қойып, сызып немесе жазып көрсетуге 
болады. Бұл көп уақытты қажет етпейді.
Тест сұрақтарын құрғанда мұғалімдер пәннің бағдарламасын 
ескеріп, сұрақтарды бірнеше жәйтте, кем дегенде үш жәйтте жасайды. 
Олар мыналар:

тест сұрақтары түсінікті, анық болуы, жауабына екі ұшты 
тақырыптар енгізілмейді; 

тест сұрақтары оңай және қиын тақырыптарды қамтып 
жасалады; 

бір сұраққа бірнеше жауап беріледі. Олардың екеу-үшеуі 
немесе бірнешеуі дұрыс жауап ретінде беріледі (дұрысын тауып белгі 
қою керек); 

тест сұрақтары бойынша оқушылардың үлгерім дәрежесін, 
білім сапасын пайыз арқылы бағалап шығаруға да болады. Олардың 
дұрыс жауаптары 50% төмен болса, білім дәрежесі төмен, 50% асса 
орташа үлгерім, 75% болса, білім дәрежесі жақсы үлгерім, 80-90% 
болса, білім дәрежесі жоғары үлгерім деп есептеледі. Мұғалім бес 
балдық жүйе бойынша оқушылардың білім сапасын бағалай алады. 
Тестілеу технологиясын пайдалану, жобалар мен рефераттарды 
қорғау және ауызша емтихан нысаны ретіндегі қортынды бақылауда 
кездесетін кейбір кемшіліктерді түзетуге байланысты болып келеді. 
Информатиканың барлық тарауларын толығымен қамтуы 
тестілеудің пайдалы жағы болып табылады. Бағалау нәтижелері 
емтихан алушының жеке және кәсіби сапалықтарына қатысты емес 
және объективтік түрде сипатталады. Нәтижесінде оқушы өзінің білім 
алу кезіндегі жетістіктерін, информатика пәнінің мазмұнды 
кеңістігінде бұдан да кең көлемде көрсете алады. Осының бәрі 
қорытынды бақылауға жұмсалатын уақыттың аз болуына қарамастан 
іске асырылады. Тесттер логикалық және қарама-қайшы емес, 
интерпретациясы біркелкі мәндес, тестілеуді ұйымдастыру реттелген. 
Әлемдік тәжірибеде тестілеу кең көлемде қолданылады. 


110 
Осы әдістің пайдалы жақтарымен бірге, кемшіліктері де бар, ол 
тесттердің жоғары сапалы түрде дайындау қажеттілігіне байланысты. 
Екінші мәселеге оқушылардың синтетикалық - талдаулық дағдыларын 
тексерудің күрделілігі жатады. Осындай және басқа да кемшіліктерін 
түзету үшін көп нұсқалы тесттер мен ашық жауаптары бар тесттері 
бар тапсырмалар жүйесін әзірлеу керек. Осындай тесттік 
тапсырмаларды тексеру оқушының жазбаша жауабында керекті 
сөздердің бар болуы бойынша жүзеге асырылады. Берілген мәтінде 
құрылымды, керекті сөздерді қарайту, сұрақтарға жауап қайтару 
сияқты тесттер және басқа да әр түрлі типтегі тапсырмалар бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет