114
теориялық білімдерін, дағдыларын практикада
өз бетінше қолдана
білуге үйрету.
Оқушылардың өзіндік жұмысы – бұл мұғалімнің тікелей
қатысуынсыз, бірақ оның тапсыруымен,
оның басшылығымен және
бақылауымен орындайтын жұмысы. Өзіндік жұмысты орындау
кезінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс -
әрекет барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең бастысы өзіне
деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну қалыптасады.
Бұл жас жеткіншектің мәселе түйінін
өз бетімен шешуге
талпыныс жасауын, дағдының дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Информатика пәні бойынша оқу процесінде оқушылардың
орындайтын өзіндік жұмыстарының түрлері көп. Оларды мынадай 3
топқа бөлуге болады:
-
меңгерілген жаңа білімдер бойынша жұмыстар;
-
меңгерілген біліктер мен дағдылар бойынша жұмыстар;
-
білімдерді, біліктерді және дағдыларды қолдану бойынша
жұмыстар.
Бұл аталған жұмыс топтары бір – бірімен өте тығыз байланыс-
ты.
Мысалы,
оқулықпен,
ғылыми-көпшілік
әдебиеттермен,
сөздіктермен, анықтамалармен жұмыс істеудің көмегімен білім қорын
толықтыруға, сондай – ақ бұрын алған
білімдерді қолдануға қол
жеткізуге болады. Оқушылардың орындайтын өзіндік жұмыстарының
барлығына мұғалім жетекшілік рөл атқарады. Өзіндік жұмыстарды
ұйымдастыруға дидактикалық талаптардың орындалып отырылуы
қамтамасыз етіледі. Олардың ішінен мыналар басшылыққа алынады:
-
жоспарлы түрде, жүйелі, түсінікті, бір ізіділікпен жүргізілуі;
-
жаттығулардың біртіндеп, яғни қиындық дәрежесіне қарай өз
кезегімен күрделеніліп отырылуы;
-
теориялық, практикалық даярлықтары мен оқушылардың
жеке дара ерекшеліктерінің ескерілуі;
-
сабақта орындалатын өзіндік
жұмыстар мен сабақтан тыс
орындалатын өздік жұмыстардың бір – бірімен үйлесімі;
-
теорияның практикамен байланысы;
-
үздіксіз, жүйелі түрдегі бақылаудың үнемі болуы қажет.
Өздік жұмыстарға басшылық жасауда бұл дидактикалық
талаптарды пайдаланудың кейбір ерекшеліктері бар. Әрбір өзіндік
жұмыстың мазмұн көлемі оқушылардың шамасы келетіндей, жас және
дара ерекшеліктері ескеріліп берілуі тиіс.
Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарды мақсатына
қарай: оқыту; жаттықтыру; бекіту; қайталау; дамыту; шығармашылық
яғни іздену мақсатында; бақылау болып бөлінеді (3.2-кесте).