Информатиканы оқыту әдістемесі


-тарау. Информатика кабинеті



Pdf көрінісі
бет93/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   125
pdf24 converted 3

5-тарау. Информатика кабинеті
5.1. Информатика кабинетінің үйымдастыру-әдістемелік 
жұмыс істеу шарттары 
5.1.1. Информатика кабинетінің қызметі 
Информатика кабинеті – бұл оқыту есептегіш техника 
кешенімен (ОЕТК), интерактивті тақтамен, оқу-көрнекі құралдармен
оқу жабдықтарымен, жиһазбен, ұйымдастырушылық техникамен, 
сонымен 
қатар, 
информатика 
курсы 
бойынша 
теориялық, 
практикалық және сыныптан тыс факультативтік сабақтарды, басқа да 
білім беру пәндерін ақпараттық технологиялардың көмегімен өткізуге 
жабдықталған заманауи білім беру мекемесінің оқу-тәрбиелік 
бөлімшесі.
Информатика кабинеті мына міндеттерді орындауға 
арналған: 
- оқушылардың заманауи есептегіш техниканың құрылысы, 
қызметі және пайдалану саласы туралы білімдерін қалыптастыру; 

ЭЕМ-нің көмегімен есептерді шешу ептіліктері мен 
дағдыларын қалыптастыру, заманауи ЭЕМ-ді бағдарламалық 
қамсыздандыруды және ақпараттық ресурстармен жұмыс жасауға 
пайдалану;

оқушыларды есептегіш техниканың өндірісте, жобалау-
құрастыру ұйымдарында, ғылыми мекемелерде, оқу үрдісінде және 
басқаруда қолданылуымен таныстыру; 

оқу мекемесіндегі оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру және 
оқыту әдістерін жетілдіру [17, 28]. 
Информатика кабинетінде мына шараларды:

информатика сабағын және жаңа ақпараттық технологиялар 
құралдарын (ЖАТҚ) пайдалану арқылы оқу пәндерін өткізуге;

оқушылардың мұғалімдер немесе мектеп басшылығының 
тапсырмасы бойынша мектептің және кәсіпорындар қорының 
мұқтаждығын 
қанағаттандыратын 
қолданбалы 
бағдарламалар 
құрастыруына; 

ЖАҚ құралдарын пайдалану арқылы сыныптан тыс және 
факультативтік сабақтарды өткізуге болады.
Информатика кабинетінде өтетін сабақ табысты болуы үшін 
оқу-тәрбиелік үрдістің арнайы шарттарын құру қажет, олардың 
құрамына өзара байланысқан құрамдас компоненттер кіреді, атап 
айтқанда:


149 
материалдық (сабақ өтетін орын; мұғалім мен оқушының 
жұмыс орны; оқу-көрнекі құралдар және оқу жабдықтары; оқытудың 
техникалық құралдары);
а) гигиеналық 
(санитариялық 
шарттар; 
температуралық, 
жарықтық және ауа режімі);
б) эстетикалық (кабинеттің безендірілуі); 
в) эргономикалық
г) қауіпсіздік техникасы.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет