Информатиканы оқыту әдістемесі


 Информатика сабағының құрылымы



Pdf көрінісі
бет35/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   125
pdf24 converted 3

2.4.2. Информатика сабағының құрылымы
Сабақ бұл оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін 
ұжымдық және жеке орындау кезінде жүйелі түрде қолданылатын
мұғалімдер мен оқушылардың белгілі бір құрамының (белгілі бір 


59 
уақыт кезеңінде) өзара нысаналы қарым-қатынасын (әрекеті мен 
қатынасын) ұйымдастырудың вариативті түрі (М.И. Махмутов).
Материалды уақыт бойынша үлестіру сабақтағы зейіннің 
тұрақтылығын зерттеуге байланысты екенін есте сақтаған жөн [27]:
Сабақтың 0-7 мин. – зейін шашыраңқы. Оқушылардың назарын 
өзіне аудару үшін мұғалім көп күш жұмсауы керек. 
Сабақтың 8-23 мин. – зейіннің неғұрлым ұзақ тұрақтылығы мен 
жинақылығының кезеңі.
Сабақтың 24-30 мин. – зейіннің тұрақтылығы төмендейді, зейін 
құбыла бастап, қателер көп жіберіледі. Жұмыс ынтасының 
азайтылуын, зейіннің босаңсуын талап етеді (теориялық дәлелдерден 
мысалдарға көшу және т.б.). 
Сабақтың 31-45 мин. – қойылған мақсатқа байланысты зейінді 
жинақтау (ерікті зейін). 2.2-суретте сабақтың оқу уақытын осылай 
үлестіру сызбасы көрнекі ұсынылған.
2.2-сурет. Сабақтағы уақытының бөлінуі 
Сабақ біртіндеп, бірақ тұрақты түрде өзгерістер үстінде болды. 
Қазіргі сабақтың ерекшеліктерін анықтау үшін дәстүрлі сабақтың 
оның негізгі құрылымдық элементтерін қарастырайық.
Сабақтың құрылымы бұл оқу үрдісінде пайда болып, оның 
нысаналы әрекетін қамтамасыз ететін, сабақ элементтері 
арасындағы қарым-қатынастың түрлі нұсқаларының жиынтығы.
Ақпаратты алу – 40% 
(оқу уақыты) 
1. Оқушылар алдында оқу 
мақсатын қою 
2. Жаңа білімді баяндау 
немесе 
оны 
игеруге 
бағытталған оқушылардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет