Информатиканы оқыту әдістемесі


Жаңа материал оқытылатын сабақтың құрылымы



Pdf көрінісі
бет37/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   125
pdf24 converted 3

Жаңа материал оқытылатын сабақтың құрылымы:
1) ұйымдастырушылық кезең
2) таным процесі кезінде 
оқушылардың жоғары ойлау 
белсенділігін ескере отырып материалды алғаш рет кірістіру;
3) оқушылардың нені есте сақтау керектігіне нұсқау;
4) жадыда ұзақ уақыт сақтау және есте сақтау уәждемесі 
(орысш. – мотивация); 
5) ойда сақтау техникасын өзектілеу немесе хабарлау (тірек
материалдармен жұмыс, мағыналық топтама және т.б.); 
6) мұғалімнің бақылауындағы жеке қорытындыларды тікелей 
қайталау арқылы алғаш рет бекіту; 
7) алғашқы ойда сақтаудың нәтижесін бақылау; 
8) қайталауға қойылатын талаптарға сәйкес, соның ішінде 
сараланған тапсырмаларды қысқа және ұзақ уақыттан кейін жүйелі 
қайталау;
9) жаңа білімдерді алу мақсатында алынған білімді және 
біліктіліктерді іштен қайталау және оларды жиі қолдану;
10) 
білімдерді жиі қайталауды бақылау және оларды әрдайым 
бағалау үшін тірек материалын қосу; 
11) 
үйге тапсырма беру; 
12) 
сабақтың қорытындысы.
Біліктілікті және дағдыларды қалыптастыру сабағының 
құрылымы:
1) ұйымдастырушылық кезең;
2) тірек болатын қалыптасқан білім және дағдыларды қайталау; 
3) тексеру жаттығуларын жүргізу;
4) жаңа біліктіліктермен танысу, қалыптастыру үлгісін көрсету;
5) біліктіліктерді меңгеру жаттығулары; 
6) біліктіліктерді бекіту жаттығулары;
7) үлгі, алгоритм, нұсқау бойынша жаттығу тапсырмалары;
8) ұқсас жағдайға ауыстыру жаттығулары;
9) шығармашылық сипаттағы жаттығулар;
10) үй жұмысы тапсырмасы;
11) сабақ қорытындысы. 
Бекіту сабағының құрылымы:
1) ұйымдастырушылық кезең;


62 
2) оқушылардың ұсынылған тапсырмаларды орындауға қажетті 
білімдерін, ептіліктері мен дағдыларын жаңғыртуы;
3) оқушылардың алуан түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды, 
есептерді орындауы; 
4) жұмыстардың орындалуын тексеру;
5) жіберілген қателіктерді талқылау және оларды түзету;
6) үйге тапсырма (қажет болса); 
7) сабақтың қорытындысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет