Информатиканы оқыту әдістемесі


«5»-тік бағасы оқушыға келесі жағдайларда қойылады



Pdf көрінісі
бет79/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   125
pdf24 converted 3

«5»-тік бағасы оқушыға келесі жағдайларда қойылады:
- материалды ауызша да, жазбаша да қателіксіз айта білсе; 
- бағдарламаға сәйкес білімді, ептілік пен практикалық 
дағдыларды толық мөлшерде игерген болса; 
- материалды ауызша да, жазбаша да тиісті орындап, мәтіндегі 
негізгі тұстарды бөліп бере алса, өзгертіліп қойылған сұрақтарға 
кідірмей жауап бере алса; 
- материалды түгелдей орындап, жазбаша жұмыстарда қателік 
жібермесе; 
- алған білімдерін тәжірибеде еркін пайдалана алса.
«4»-тік бағасы оқушыға келесі жағдайларда қойылады:
- бағдарламалық материалдан білім алса; 
- материалды саналы түрде орындап, бірақ оның негізгісін 
үнемі бөліп айта алмаса;
- алған білімін тәжірибеде пайдаланып, бірақ өзгертіліп 
қойылған сұраққа жауап беруге қиналса; 
- ауызша және жазбаша жауап беру кезінде нақтылықты 
жоғалтып, мұғалімнің ескертулерін лезде жоя білсе.
«3»-тік бағасы келесі жағдайларда қойылады:
- бағдарламалық материалдан білім алып, бірақ оны өздігінен 
орындауда қиналып, мұғалімге қосымша нақтылаушы сұрақтарын 
қойса; 
- еске түсіретін сұрақтарға жауап беруді ұнатса; 
- өзгертілген сұрақтарға жауап беруге қиналса; 
- ауызша да, жазбаша да жауаптарында қателіктер жіберсе. 
«2»-лік бағасы келесі жағдайда қойылады:


119 
- оқушы материалды басқаша түсінсе; 
- ауызша да, жазбаша да жауаптарында өрескел қателіктер 
жіберсе.
3.9. Семинар/практикалық сабақтарын өткізуге ұсыныстар 
Тақырыбы: «Оқушылардың білім диагностикасы» 
Мақсаты:
1) информатика сабағында білім мен біліктілігін тексеретін 
әдістері мен формаларына талдау; 
2) информатикадан 
жеке тұлғаға бағытталған бақылау 
тапсырмаларын дайындау дағдысын қалыптастыру. 
I. Таңдаған жеке тапсырмаңыз бойынша баяндаңыз. Өз 
тапсырмаңыз бойынша сабақ фрагментін демонстрациялаңыз. 
1. Информатикадан өзіндік жұмыстарды жүргізу әдістемесі, 
олардың түрлері мен ерекшеліктері. 
2. Өзіндік жұмыстардың тапсырмаларын даярлау. 
3. Сынақ жүргізу әдістемесі. 
4. Бақылау жұмысы, информатикадан бақылау жұмыстарын 
жүргізу ерекшеліктері . 
5. Сұраудың әртүрлілігі. 
6. Тестілеу жүргізу (компьютерлік және компьютерлік емес). 
7. Үй тапсырмаларының түрлері, оларды тексеру әдістемесі. 
8. Диктант жазғызу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет