12. Оқытушы талабы.
1. Сабаққа қатысу, лекция жазу, сабақта белсенді жұмыс жасау, үй тапсырмаларын орындау студенттің міндеті болып табылады. Егер студент қандай да бір себептермен сабаққа қатыса алмаса, онда ол лекция материалын топтағы басқа студенттен алу керек немесе өз бетінше өтеу қажет. Аудиториядан тыс уақытта оқытушы лекциялық материалдармен сабақтан қалған студенттерді тек қана белгіленген уақытта қамтамасыз етеді.
2. Студент университеттегі оқу ережесіне бағыну керек: сабақты себепсіз жібермеу, сабаққа кешікпеу, оқу материалын түсіндіру кезінде сөйлеспеу, ұялы телефондарды өшіріп қою, сабаққа тән киім үлгісімен келу т.б. Егер студентте курс бойынша сұрақтар туатын болса, онда ол оқытушыдан белгіленген уақытта кеңес алуына болады.
3. Әрбір үйге берілген тапсырма уақытылы орындалып, сабақта талқылануы қажет. Уақытылы орындалмаған тапсырма үшін студенттің бағасы 1 балл кемиді.
4. Бақылау жұмысына қатыспаған немесе кешіккен студенттер автоматты түрде бақылау жұмысы үшін 0 балл алады. Бақылау жұмысын қайта тапсыру рұқсат етілмейді.
5. Аудиториялық уақыт курстың ең негізгі ұғымдарын түсіндіретін лекциядан және әртүрлі формаларда өтілетін практикалық сабақтардан тұрады.
6. Курс студенттен күнделікті өзіндік жұмысты орындауды талап етеді. Студент әрбір сабақта және оқытушының сабақ үстінде берген өзіндік жұмысына тізімдегі негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалу қажет.
7. Сонымен бірге курс СОӨЖ (студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы) сияқты жұмыс түрін қамтиды. Онда үй тапсырмаларын әртүрлі жеке және топтық формаларда өткізу, консультациялар, жеке тапсырмаларды орындау ұйғарылады. Әрбір сабақта студент талқылауға белсенді қатысуы керек.
8. Курс барысында студент 2 аралық тапсырма орындау керек. Курстың соңында қорытынды Мемлекеттік емтихан емтихан ауызша өтеді.Орындалған жұмыстар дәстүрлі 5 баллдық жүйемен бағаланады, содан соң балдық жүйеге аударылады. Студент бағаларын есептеу және өз бетінше өзінің үлгерімін бақылау әдістемесін игеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |