«Инклюзивті білім беру» пәнінен дәрістер жинағы Мамандықтар: 6B01701- Қазақ тілі мен әдебиеті», «6B01704- шетел тілі: екі шет тілі»



бет26/29
Дата31.03.2022
өлшемі117.56 Kb.
#456547
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Инклюзивті білім беру пәнінен дәрістер

«Тәуелсіз өмір» британдық моделі қалыптандыру және әлеуметтік валоризация теориясына негізделеді. Бұл модель көптеген батыс мемлекеттерінде мүгедектік аймағында әлеуметтік саясат концепциясының қалыптасуына әсер етті (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция). Ресми түрде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы интернаттарды біртіндеп жабылып, мекен-жайы бойынша мүгедектерге қолдау және қызмет көрсетудің түрлі бағыттары дамыды (алғашқыда Скандинавия мемлекеттерінде, соңынан Ұлыбританияда және АҚШ). Аталған модельдің негізінде жатқан қалыптандыру идеясы бұл бағытта түрлі өзгерістер енгізуді қарастырады. Сонымен қатар, тәуелсіз өмір сүру идеологиясына сай өз-өзіне көмек көрсету де дамытылады. Тәуелсіз өмір сүру идеологиясын жақтаушылар өз-өзіне көмек көрсете алуды мүгедектің өзіндік іске асыру процестерінің нәтижелілігіне әсер етеді деп қарастырады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмірін қалыптандыру жағдайлары дегеніміз – білім алуға, еңбек етуге, демалуға, түрлі әлеуметтік жетістіктермен пайдалануға, өз-өзіне қызмет көрсету мен қарым-қатынасқа түсе алуға қол жеткізуі.
Бұл модельдің компоненттері келесі пікірлерден құрылған:
- біріншіден, қалыптандыру теориясы капиталистік қоғамда мүгедектер неліктен кемістілетіні мен дискриминацияланатынына қанағаттандыратын жауап бермейді;
- екіншіден, бұл модельде дискриминациядан толық босату стратегиясы ұсынылмаған, тек «тәуелсіз өмір сүрудің» кейбір әдістері ғана бар;
- үшіншіден, «қалыптылық/қалыпты емес» түсініктерінің анық еместігі, сондықтан оларды мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қалпын бағалауда қолдануға болмайтындығы.

12 дәріс. Қоғамда әлеуметтік бейімделуінде қиындықтары бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері

13 дәріс. Инклюзивті білім беру жөніндегі негізгі идеялар

Инклюзивті білім беруді қалыптастырудың негіздері








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет