«Инклюзивті білім беру» пәнінен дәрістер жинағы Мамандықтар: 6B01701- Қазақ тілі мен әдебиеті», «6B01704- шетел тілі: екі шет тілі»


дәріс. Европадағы инклюзивті білім беру мәселесі



бет5/29
Дата31.03.2022
өлшемі117.56 Kb.
#456547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Инклюзивті білім беру пәнінен дәрістер

2 дәріс. Европадағы инклюзивті білім беру мәселесі

ХІХ ғасырда Еуропа елдері мен АҚШ-та болған саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру саласында мемлекеттік саясатты өзгертуге, жетілдіруге және кеңейтуге үлкен әсер етті. Еуропа елдерінде жалпыға бірдей міндетті ақысыз бастапқы білім беру туралы заңның қабылдануы осы санаттағы балаларды оқытуға арналған арнайы мекемелер жүйесінің құрылуына негіз болды, қаржыландыру көздерін анықтады, оқытудың мақсаттары мен тәсілдерін әзірлеуге көмектесті. Осылайша, көптеген еуропалық елдерде даму ауытқушылықтары бар балаларға арналған алғашқы оқу мекемелері ашыла бастады.


Еуропада интеграциялау үдерісі күшейе бастады және 1957 жылы Еуропаның батыс елдері ғылым, мәдениет және білім беру мәселелеріне бірыңғай көзқарасты қалыптастыруға көмектесетін Еуропалық экономикалық қауымдастықты құру туралы келісімге келді. 1961 жылы қабылданған Еуропалық әлеуметтік хартия «дене бітімі мен ақыл-ойы дамымаған жұмысқа қабілетсіз тұлғаларды кәсіптік дайындау, жұмысқа қабілеті мен әлеуметтік оңалтуды қалпына келтіру құқығын» бекітеді.
1-кесте – Европадағы инклюзивті білім беру жүйесі туралы мәліметтер




Мемлекеттер

Инклюзивті білім беру жүйесі туралы мәліметтер

1

2

3

1

Италия

Инклюзивті білім берудің зертханасына айналған. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан арнайы мектептер ман сыныптардың көп бөлігі жалпы білім беру жүйесіне интеграцияланған. 1971 жылы жалпы білім беретін мектептерде оқу құқығы туралы алғашқы Заң пайда болды. 1977 жылы нақты нормативтерін бекітті. Сыныпта балалардың саны – 20. Дамуында ерекшелігі көп балалардың ең көп саны – 2.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша арнайы іс-шаралар сыныптағы сабақтардың мазмұнына енгізілген. Арнайы бағдарламалармен оқылатын сыныптар жойылған. Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі барлық балалардың 99-пайызы жалпы білім беретін мектепте оқиды.

2

Швеция

Инклюзивті білім беру идиясы табысты жүргізіліп жатқан елдердің бірі. 1969 жылдан бастап интеграцияға бағытталған, соған сәйкес үкіметтік құжат пайда болды. 60-70-жылдары дамуы артта қалған адамдарға арналған ірі интернаттар мен психиатриялық ауруханалар жабылды. 1980 жылдан дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуды ұйымдастырудағы тәсілдері өзгертілген оқу жоспарын қабылдады. 1989 жылы орта білім туралы жаңа Заң қабылданды, 1990 жылдан бастап түзету педагогтарын оқытудың арнайы бағдарламалары қайта қарастырылды.

3

Дания

Бұл елде күрделі эмоциялық ауытқуы бар балаларды арнайы мектеп-интернатта, ал ақыл-ойының кемістігі бар балалар арнайы мектепте оқытылады. Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптар ашылған.

4



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет