16
Бастауыш мектепте оқытудың мазмұны
қалдық есту қабілетін
дамытуға, сөйлеу тілін қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға және
оқушылардың танымдық қызметін дамытуға бағытталған.
Бастауыш мектепті оқуы аяқталғаннан кейін ауызша сөйлеуді
меңгерген кезде сөзді қабылдау және айтуда шағын кемшіліктері бар оқушы,
мектепаралық логопедтің немесе психологиялық- педагогикалық түзету
сияқты арнайы педагогикалық қолдауды сақтай отырып кәдiмгi сыныпқа
ауыстырыла алады.
Аз сөйлейтін және сөзді айтуда елеулі
кемшіліктері бар оқушылар,
жалпы орта мектептің арнайы сыныбында оқуын жалғастырады.
Арнайы оқу -әдістемелік қамтамасыз ету
Есту қабілеті нашар балаларға арнайы сыныпта білім беру түзету
компоненті бар арнайы типтік оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Оқыту төмендегідей жүзеге асырылады:
а) естімейтін оқушылардың "0" (дайындық) және 1-7-сыныптарда –
арнайы бағдарламалар бойынша, 8-11 сыныптарда жалпы білім беру
бағдарламалары бойынша оқиды, білім беру мазмұны оқудың ұзақтығы 1
жылға артуына байланысты қайта бөлінеді
және білім алушылардың
мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді.
б)
нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар «0» (дайындық)
және 1-4 сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 5-11 сыныптарда
жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша, білім беру мазмұны оқудың
ұзақтығы 1 жылға артуына байланысты
қайта бөлінеді және білім
алушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып бағдарлама бейімделеді.
Арнайы бағдарламалар мазмұнында жалпы білім беретін пәндер
бойынша оқушылардың естуінің төмендігі және сөйлеу қабілеті дамымай
қалғандығын ескерген.
Ол коррекциялық бағытта сипатталады және есту түйсігін дамытуды,
тілдік дағдыларды практикалық қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру мазмұнын анықтау кезінде
білім алушыға жалпы білім беру және тәрбиелеудің, сондай-ақ арнайы білім
берудің міндеттері есептеледі.
Оқытудың негізгі міндеттері мен принциптерінде балалардың даму
ерекшеліктерін ескере отырып айқындалған
және есту қабілеті бұзылуы
салдарын тиімді меңгеруге қажетті педагогикалық жағдайды құру, оқыту
процесінде түзету-алмастыру (компенсаторлық мүмкіндіктерін қосу) базасын
қамтамасыз ету қарастырылған.
Естуді қабылдауды дамытуға арнайы еріннен оқу, дыбысты айту
жұмысы,
есту- көру негіздерін
қалыптастыру ықпал етеді,
оқушылардың
ауызша сөйлеуін жетілдіруге және түйсіну дағдыларын қалыптастыруға
, әр
түрлі сөзге жатпайтын дыбыстар шығаруын, музыканы қабылдауына
назар
аударылады.