Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың



Pdf көрінісі
бет8/62
Дата01.03.2024
өлшемі1.19 Mb.
#493487
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62
Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат

Төртінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды арнайы 
психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу.
Бала дамуындағы бұзылыс оның оқу материалын меңгеруіне және қоршаған 
адамдармен (құрдастарымен, үлкендермен) жеке дара қарым-қатынас 
жасауына әсер етеді. Сондықтан жалпы білім беретін ортада мұндай 
оқушыны табысты бейімдеу және оқытудың маңызды шарттарының бірі 
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу болып табылады. Психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу мамандардың біртұтас, жүйелі ұйымдасқан 
қызметін білдіретін білім беру-тәрбие процесінде балаға көмектің (немесе 
қолдаудың) ерекше түрі ретінде қарастырылады. Оның барысында баланың 
мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамуы үшін 
әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар жасалады. 
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің нысаны ретінде білім 
беру (оқу-тәрбиелік) үдерісі қарастырылады. Психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеудің тақырыбы - баланың әлеммен, айналасындағылармен 
(ересектер, құрбылар), өз-өзімен қарым-қатынасының жүйесі ретінде оның 
даму жағдайы. Ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды сүйемелдеу 


12 
командалық жұмыс стилін, әр түрлі мамандардың (психолог, логопед, арнайы 
педагог, әлеуметтік педагог), мұғалімдер мен ата-аналардың өзара тығыз 
байланысын көздейді. 
Арнаулы сүйемелдеу ішкі және сыртқы (мектепте қажетті мамандар 
болмаған жағдайда штатында, мысалы, сурдопедагог, тифлопедагог, емдік 
дене шынықтыру жөніндегі маман) болуы мүмкін. 
Іштей 
сүйемелдеу 
командалық 
жұмыс 
ретінде 
консилиумді 
пайдаланатын 
психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеу 
қызметінің 
мамандарымен жүзеге асырылады. Сыртқы сүйемелдеу аудандық 
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандарымен жүзеге 
асырылады. 
Бесінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу 
жетістіктерінің 
мониторингі 
және 
психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеудің жеке бағдарламасын толықтыру. 
Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
баланың оқу үрдісі мен әлеуметтік бейімдеуінің табыстылығы таңдап алған 
оқу 
бағдарламаның 
оқушының 
танымдық 
және 
функционалдық 
мүмкіндіктеріне сәйкестігіне және нақты оқу жетістіктерін тұрақты бақылау 
арқылы қол жеткізіледі. Көрсетілген бақылау білім беру ұйымдарында жүзеге 
асырылуы үшін тиісті білім беру мониторингі жүзеге асырылуы керек. Білім 
беру мониторингінің мәліметтері мұғалімге оқыту барысында балаларда 
туындайтын қиындықтарға дер кезінде араласуға және оларды жоюға, білімін 
толықтыру бойынша қажетті іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Оқу бағдарламаларын меңгерудегі туындайтын қиындықтарды талқылауға 
сүйемелдеу қызметінің мамандары (психолог, логопед, мұғалім-дефектолог) 
қатысады, олар қиындықтардың себептері мен жою жолдарын анықтауға 
көмектеседі. Егер қажет болса, жеке түзету сабақтарының мазмұнына 
өзгерістер енгізеді. 
Осылайша, жалпы білім беру процесіне енгізілген ерекше 
қажеттіліктері бар оқушылардың жоғары білім сапасын қамтамасыз ету үшін 
жағдайлар жасалады. Білім беру мониторингінің көмегімен педагог оқушыда 
қалыптастырылған дағдылар деңгейін анықтайды және оған сүйеніп, баланы 
табысты оқытуға жағдай жасайтын жеке білім беру бағдарын жасайды.
Әр оқу жылының соңында оқушылардың оқу жетістіктері 
оқушылардың психологиялық-педагогикалық карталарында сақталатын 
арнайы жетістіктер карталарында тіркеледі.


13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет