«Абай туралы толғау» күй орындалады.
1–Жүргізуші: «Абайды оқитын уақыт келді» – атты Абай дефилемізді бастайық.
Уақыт кезегімен бала Абайды ортаға шақырамыз. Сағат тілі бала Абайды көрсетуде.
Абай атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бір бөлек дос тапты. Онысы әсіресе әжесі, одан қала берсе шешесі. Абай өзінің алғыр, дарындылығының арқасында, кітапты көп оқып көп ізденеді. Соның нәтижесінде шығыстың классикалық ақындары Низами, Сағди, Хафиз,Науаи, Физули шығармаларын қызыға оқыды. Басқа да әдеби мұралармен, қисса, дастан, ертегілерімен осы кезде танысады. Зерек Абай медресе бағдарламасындағы діни біліммен ғана шектеліп қана қалмай, араб, парсы, түрік тілдерін игеру нәтижесінде шығыс классиктерінің шығармаларын оқып үйренеді.
Талант таудың ұшағы –ұлы Абай,
Таңдан, әлем, қазақтың ұлы қандай!
Әр тасыңнан бастау – ап, өлең – бұлақ,
Сыбдыр қаққан балбөбек тілі балдай.
(Сағат тілі бала Абайды көрсетеді, Бала Абай, Абай өлеңдері оқылады.)
2-Жүргізуші
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,
Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпасыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
(Сағат тілі дана Абайды көрсетеді.)
Абай:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпасыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма...
1-Жүргізуші: Абай шығармашылындағы елеулі орын алатын бір сала– оның поэмалары. Олар: «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі». Абай өзінің поэмларында да, өлеңдеріндегі секілді әлеуметтік – адамгершілік идеяларын көтерді. Уақыт Абай поэмасына да келді.
Достарыңызбен бөлісу: |