«Инновация» терминіне анықтама беріңіз Инновация


(Сағат тілі Құнанбай қажыны көрсетеді. Құнанбай қажының киімін киген кейіпкер туралы.)



бет5/6
Дата13.10.2022
өлшемі32.09 Kb.
#462594
1   2   3   4   5   6
1 аралық бақылау

(Сағат тілі Құнанбай қажыны көрсетеді. Құнанбай қажының киімін киген кейіпкер туралы.)
1-Жүргізуші: Француз жазушысы Луи Арагон «Абай жолын» оқығаннан кейін мынадай ой түйіпті: «Әлемнің басқа елдерінен онымен тең түсетін шығарма табу қиын. Менің ойымша, бұл ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі». Олай болса «Абай жолы» эпопеясындағы арулар портретіне уақыттың кезегін берейік. Абай дефилесіндегі «Арулар портреті»
Уақыт тілі «Аналар бейнесін» көрсетеді
2-Жүргізуші:
Зере. Абайдың сүйікті әжесі. Құнанбайдың анасы, Ұлы Абайдың әжесі Зере де ақылды, парасаты мол, кісі ренжітпейтін байыпты, кең мінезді, тақуа, әңгімешіл әйел болған. Зеренің азан шақырып қойған аты – Тоқбала. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары «кәрі әже» деп атаған. Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраһимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген.
Ұлжан. Абайдың анасы. Ұлжан – Құнанбайдың екінші әйелі. Ұлжан үлкен, толық денелі адам. Ұлжан өте сабырлы, кеңмінезді, сөзге ұста, тапқыр, шешен кісі болған. Абай анасының осындай асыл қасиеттерін жастайынан бойына сіңіріп өскен. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында Ұлжанның бейнесі тамаша жасалған.
Тоғжан. Сүйіндіктің қызы – Тоғжан. Сылдырлаған шолпысы, құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктер, толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көздің жіп–жіңішке қасы да айдай болып қиылып тұрған Абайдың сүйген аруы бұл – Тоғжан.
Әйгерім. Абайдың сүйген жары, екінші әйелі. Шын есімі – Шүкіман Байшорақызы. Өзі әнші, өзі сұлу бітімге Шүкіман деген атты лайық емес деп тауып Әйгерім деп ат қояды.
1-Жүргізуші: Қазақтың сөз өнеріндегі айрықша әсем образдар галереясы ұлы эпопеяның жан тебірентер ғажайып жаңа бейнелерімен толықты. Романдағы әйелдерлі бейнелеген сәттер оқырманның көзі мен көңілін қатар жаулап, жан – жүрегін қоса баурайды. Бұлар жүрген жерлер кейде мұхит бойын түгел жайлаған жылы ағыс секілді, кейде қиырсыз кең байтақ құрлықтың ойы – қырын тегіс сәулелендіре шүлен шұғыласына бөлеген күн нұры тәрізді, кейде көкжикеті керіп әкеткен кербез теңіздің көз жетксісіз көк айдынына сән берген аппақ ақ шағалалар сияқты.
2-Жүргізуші: Абай – әлемі ұлы қазына, біз тек ақын шығармаларының аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық. Бүгін ХХІ ғасырдың басында біз Абайдың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз. Себебі Абай – адамзат ақылшысы.
1-Жүргізуші: Құрметті қауым, Абайды оқиық, Абайды оқитын уақыт келді. Қатысушылар мен көрермендерге өз алғысымызды білдіре отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз.
Біз сіздерді кітапханада күтеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет