23
барлық топпен бірге немесе шағын топтармен қызығушылық орталықтарында
ұйымдастыруға болады.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттерде педагог түсіндіруге
уақытты көп
бөлмей оның орнына көрсетуге, балалардың әрекеттерді
орындауына, ойнауына, өз пікірін білдіруіне, зерттеуіне, құрастыруына,
сурет
салуына, шешім шығаруына және басқаларға мән беруі қажет.
Педагог әрекетінің алгоритмі:
- балаларға айтып беру;
- балаларға көрсету;
- балалармен бірге орындау.
Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілі (штаттық кестеге сәйкес қазақ тілі
маманы болған жағдайда), дене шынықтыру және музыка ұйымдастырылған іс-
әрекеттері кесте бойынша өткізіледі. «Сөйлеуді дамыту», «Көркем әдебиет»,
«Қоршаған ортамен таныстыру», «Математика негіздері», «Сенсорика», «Сурет
салу», «Мүсіндеу», «Жапсыру», «Құрастыру» ұйымдастырылған іс-әрекеттері
әр баланың қызығушылықтары, ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескеріле
отырып, күні бойы кіріктірілген түрде немесе жеке балалардың түрлі әрекеттері
арқылы ойын түрінде ұйымдастырылады[24].
Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған іс-әрекет тек топ
бөлмесінде
ғана емес сондай-ақ жатын, қабылдау бөлмелерінде, арнайы
кабинеттер болған жағдайда кабинеттерде, дәліздерде, ойын алаңдарында,
серуен кезінде және т.б. балаларға ыңғайлы жағдайларда өткізу ұсынылады [24].
Мектепалды топта, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы)
мектепалды
сыныпта ұйымдастырылған іс-әрекеттің саны аптасына - 20 сағатты, мектепалды
жастағы
балалардың
құзыреттіліктерін
қалыптастыру
бойынша
бір
ұйымдастырылған іс-әрекеттің ұзақтығы 20-25 минутты құрайды. Мектепке
дейінгі ұйымдардағы мектепалды топтарда балалардың қызығушылықтары
ескеріліп, ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу күні бойы кіріктірілген түрде
немесе жеке жоспарланады [24].
Мектептегі
(лицейдегі,
гимназиядағы)
мектепалды
сыныптарда
балалардың қызығушылықтары ескеріліп, ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізу
күннің бірінші немесе екінші жартысында білім беру ұйымының оқу-тәрбиелеу
процесінің кестесіне сәйкес кіріктірілген түрде немесе жеке жоспарланады.
Циклограмма тәрбиеленушілердің мектепалды даярлық сыныбында болу
уақытына жасалады (4-қосымша). Мектепалды сыныптарда таңертеңгі
қабылдау,
таңертеңгі жаттығу, балалар әрекетінің түрлері (ойын,
шығармашылық, танымдық, эксперимент жасау, дербес және т. б.), серуендеу,
жеке жұмыс, сондай-ақ Үлгілік оқу жоспарына сәйкес кесте бойынша
Ортаңғы топтан бастап мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы
режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік
минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі
байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен,
салттары мен дәстүрлерімен
таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік
нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.
24
ұйымдастырылған іс-әрекет өткізіледі [24].
Балаларды дамытуда баланың ынтасын, пікірін және тілегін ескере
отырып, ойын түрінде, барлық балалармен бір уақытта ғана емес, сонымен
қатар
шағын топтармен өткізу, балалар әрекетінің бірнеше түрі қатар
ұйымдастырылған жағдайда балаларға аталған әрекеттердің бір түрінен өзін
қызықтыратын басқа екінші әрекетке ауысуға рұқсат ету, қызығып орындап
отырған баланы басқа балалармен бірге еріксіз келесі әрекетке көшірмеу
ұсынылады [24].
Түрлі жас топтары перспективалық жоспарында балалардың жасына
сәйкес (егер 3, 4 немесе 5 жастағы балалар болса онда осы аталған жас балалары
үшін) Үлгілік оқу бағдарламасына [4] сәйкес міндеттер жеке-жеке көрсетіліп,
ортақ бір перспективалық жоспар жасалады. Ал
циклограмма жасау кезінде
перспективалық жоспарда ұсынылған міндеттерді іске асыру үшін балалардың
түрлі әрекеттері айқындалады. Балалардың түрлі әрекеттерін ойын түрінде
ұйымдастыруда балаларға тапсырмалар жасына сәйкес беріледі.
Циклограмманың «ұйымдастырылған іс-әрекет» бөлімін құрастыруда
алдымен тақырыбы егер болған жағдайда, ал тақырып болмаған кезде ойын
немесе әрекет түрлері жазылады.
Содан кейін перспективалық жоспарда
айқындалған міндеттерді іске асыру үшін әр күнге кіріктірілген
ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: