Инструктивно-методическое письмо по организации воспитательно-образовательного процесса в дошкольных организациях и предшкольных классах



Pdf көрінісі
бет2/42
Дата31.01.2024
өлшемі1.78 Mb.
#490322
түріИнструктивно-методическое письмо
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
imp kz 1509

 
 
1. Кіріспе 

2. Нормативті құқықтық қамтамасыз ету 

3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету 

4. Мектепке дейінгі ұйымдарды басқару 
27 
5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын басқару 
31 
6. Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін жылдық жоспарлау 
58 
7. 
8. 
9. 
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру 
 
Әдебиеттер тізімі 
Қосымшалар
 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын
меңгерту бойынша жүргізілетін мониторинг критерийлері мен 
индикаторлары
 
35 
 
Перспективалық жоспар үлгісі 
60 
 
Циклограмма үлгісі 
61 
 
Баланың жеке даму картасының үлгісі 
63 



КІРІСПЕ 
 
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі 
қағидаттары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі 
- Заң) айқындалған. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру жүйесінің бастапқы деңгейі 
ретінде отбасында немесе бір жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға 
дейін мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылады. 
Мектепалды даярлық міндетті және отбасында, мектепке дейінгі 
ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың 
мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады (Заңның 30-бабы). 
Бүгінгі күні елімізде балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және 
оқытумен қамтумен бірге мектепке дейінгі ұйымдар ұсынатын қызметтің 
сапасын арттыру үшін кешенді шаралар қабылдануда.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 
қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі 
(бұдан әрі – Модель) бекітілді [1]. Аталған Модельді іске асыру асыру әр 
баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу жоспарлары мен 
бағдарламаларының икемділігін қамтамасыз ету арқылы педагогикалық 
процесті жетілдіру арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын 
трансформациялауға бағытталған. 
Моделді іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту 
министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен Мектепке дейінгі 
тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – 
Стандарт) [2], Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 
қыркүйектегі № 394 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік 
оқу жоспарлары [3] және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 
жылғы 14 қазандағы №422 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 
үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) [4] мазмұны қайта 
қаралып бекітілді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жүзеге асыру үшін Мектепке 
дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқаулық 
(бұдан әрі – Нұсқаулық) [5] әзірленді. Сонымен қатар Үлгілік оқу 
бағдарламасының мазмұнын меңгерту бойынша мониторинг жүргізудің 
әдістемелік ұсынымдары әзірленді [6]. 
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында және жалпы 
білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды даярлық 
сыныптарында 2023-2024 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін 
ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат Қазақстан Республикасының «Білім 
туралы» [8], «Педагог мәртебесі туралы» [9] Заңдары және Мектепке дейінгі 
тәрбие мен оқытуды дамыту моделі [1], Қазақстан Республикасында мектепке 
дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 
жылдарға арналған тұжырымдамасы [10] негізінде әзірленген. 
Әдістемелік-нұсқау хат 2023-2024 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру 
процесін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету үшін меншік түріне, 



нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі 
ұйымдардың басшыларына, әдіскерлеріне, педагогтеріне және мектептердің
лицейлердің, гимназиялардың директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына, 
мектепалды сыныптарының педагогтеріне арналған, ол:
- мектепке дейінгі ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептерде, 
лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында тәрбиелеу-білім беру 
процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттарды; 
- тәрбиелеу- білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін; 
- мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласы педагогтерінің негізгі 
міндеттерін; 
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын меңгерту бойынша 
мониторингті қамтиды. 
Әдістемелік нұсқау хатта негізгі міндеттер белгіленген: 
- тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері және 
жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке 
тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау; 
- тәрбиеленушілердің өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, салауатты 
өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру; 
- тәрбиеленушілердің қимыл-қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, 
эмоционалдық, әлеуметтік, когнитивтік дағдыларын қалыптастыру; 
- Отанды, ана тілін сүюге, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздеріне және
патриотизмге баулу; 
- баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, 
әлеуметтік дайындығын қалыптастыру және тең бастапқы мүмкіндіктер беру. 
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі 
қағидаларды назарда ұстау ұсынылады: 
- ойын арқылы үйрету; 
- түрлі балалар әрекетін ұйымдастыру арқылы (ойын, қимыл, танымдық, 
шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) балаларды дамыту. 
Әдістемелік нұсқау хат жыл бойы 
www.irrd.kz 
сайтында қолжетімді 
болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет