Инструктивно-методическое письмо по организации воспитательно-образовательного процесса в дошкольных организациях и предшкольных классах


Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласы педагогтерінің



Pdf көрінісі
бет21/42
Дата31.01.2024
өлшемі1.78 Mb.
#490322
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
imp kz 1509

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласы педагогтерінің
басты міндеттері 
 
Топта ( мектепалды сыныпта) эмоционалдық жайлылықты орнату.
Балаларға жылы қабақ таныту, барлық балаға мейірімді, кешірімді болу,
олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне құрметпен қарауды, 
жетістіктеріне қуана білуді, бастамашылдығына қолдау көрсетуді, оларға сенім 
артуды, әр бала өзін қауіпсіз сезінуі үшін, мұнда оны жақсы көретініне, оған 
қамқорлық жасайтынына сенімді болуды, баланың жеке басына құрмет көрсетуді 
және 
т.б.білдіреді. 
Балалардың 
ұлтына, 
әлеуметтік 
статусына, 
психофизиологиялық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан барлығына 
бірдей көңіл бөлу және әділ болу. 
Құбылмалы әлемде педагогтің үнемі даму, балаларды тыңдай білу, 
сұрақтар қою, дәлелдер іздеу, оларды сыни тұрғыдан талдау және 
шығармашылық эксперименттер жүргізу қабілеті маңызды. Педагогтер белсенді 
зерттеуші және балалармен жұмыс істеудің жаңа нысандарын жасаушы, 
жаңашыл және жауапты болуы тиіс. 
Сапалы маңызды өзара іс-әрекет - педагогтің әр баламен жеке қарым-
қатынасы, баланың іс-әрекетіне және оның пікіріне шынайы қызығушылықпен 
қарау, тыңдау, қолдау көрсету, балаға жылы қарым-қатынас көрсету болып 
табылады. 
Педагог келесі функцияларды атқарады: 
– перспективалық жоспарды және циклограмманы құрастырады (балалар 
мектепалды сыныпта болған кезде), «Баланың жеке даму картасын» толтырады; 
– ұйымдастырылған іс-әрекеттерді өткізеді; 
– таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, балалар әрекетінің түрлері 
(ойын, шығармашылық, танымдық, эксперимент жасау, дербес және т. б.), 
серуен, жеке жұмыс ұйымдастырады; 
– балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг 
(бастапқы, аралық және қорытынды) жүргізеді; 
– ата-аналармен балаларды тәрбиелеу мен дамытуды ықпалдастықта 
жүзеге асырады; 


27 
– білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға қатысады
(жиналыстар, педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес, конкурстар және т. б.); 
– ертеңгіліктерді, мерекелер мен ойын-сауықтарды, спорттық іс- 
шараларды және т. б. ұйымдастырады және өткізеді

Бағдарлама мазмұннын іске асыру педагогтен балаларға нұсқаушы 
ретінде қарауды емес серіктестік қарым-қатынас жасауды, баламен бірге 
ойнауды, бірлесіп әрекет жасауды көздейді. Сондықтан баламен күнделікті 
жұмыс жасау барысында өзіне ыңғайлы киімдерді киюге (спорттық, 
классикалық) болады.
Ертеңгіліктерді, мерекелер мен ойын-сауықтарды ұйымдастыруда
дәстүрлі форматта емес балалар қызығатындай олардың түрлі әрекеттері арқылы 
ойын түрінде жаңа форматта ата-аналарды «көрермен» ретінде қабылдамай
оларды ұйымдастырушы ретінде тартып өткізу ұсынылады. Аталған шараларда
таңдалған ән, би, қойылымдар (хит, той әндері мен билері, балаларды 
қатыгездікке жетелейтін емес) балалардың жасына сәйкес бастысы тәрбиелік
мәні болуы қажет.
Ата-аналарды білім беру процесіне тарту балаларды, ата-аналарды және 
педагогтерді бір командаға біріктіруге, олардың арасында сенімді қарым-
қатынас орнатуға, бір-бірімен өз проблемаларын бөлісуге және оларды бірлесіп 
шешуге ұмтылуға жағымды әсер етеді. Осы міндетті тиімді іске асыру үшін  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет