Интервью по телевидению. Но при этом, в отличие от других прославленных имен в национальной науке, его биография, наугад повторяемая многажды в газетах и журналах, на самом деле неизвестна



бет11/14
Дата04.03.2016
өлшемі14.15 Mb.
#41339
түріИнтервью
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Литература
1. Абросов В.Н. Гетерохронность периодов повышенного увлаженения гумидной и аридной зон / В кн.: Гумилёв Л.Н. Открытие Хазарии. М. 1996. С. 266-275.

2. Афиногенов Д.Е. Новые сведения о климате Понта Эвксинского в историческую эпоху // ВДИ. 1999. № 1. С.137-146.

3. Атлас природных условий и естественных ресурсов Украинской ССР. М., 1978.

4. Боталов С. Г. Тюркские кочевники Урало-Прииртышья // Культуры степей Евразии второй половины І тысячелетия н.э. Самара, 1995. С.14-16.

5. Бучинский И.Е. Климат Украины в прошлом, натоящем и будущем. Киев, 1963. 307 с.

6. Географія Української РСР. Киев, 1982.

7. Гумилев Л.Н. Изменения климата и миграции кочевников // Природа. 1972. № 4. С.44-52.

8. Комар А.В. Кутригуры и утигуры в Северном Причерноморье // Сугдейский сборник. Киев-Судак, 2004. С.169-200

9. Комар А.В. Памятники типа Суханово: к вопросу о культуре булгар Северного Причерноморья 2-й половины VI – начала VII в. // Сугдейский сборник. Киев-Судак, 2008. Вып. III. С.87-117.

10. Песочина Л.С. Закономерности изменчивости почв и природных условий Приазовья за историческое время // Проблемы эволюции почв. Пущино, 2003. С. 145-151.

11. Прокопий Кессарийский. Война с готами. О постройках. М., 1996.

12. Раунер Ю.Л. Динамика экстремумов увлажнения за исторический период // Известия АН СССР: серия географическая. 1981. № 6. С.5-22.

13. Среда обитания человека в голоцене по данным изотопно-геохимических и почвенно-археологических исслеодований (Европейская часть России). М. 2002. 190 с.

14. Тортика O.O. Історична географія та населення Великої Болгарії (630 - 660 рр. н.е.): методика дослідження кочових суспільств середньовіччя. Автореф. дис. канд. іст. наук. Харків, 1999.

15. Швец Г.И. Многовековая изменчивость стока Днепра. Л., 1978.

16. Hewsen R.H. The Geography of Ananias of Sirak. Wiesbaden, 1992.

17. Pritsak O. The origin of Rus’ I. Cambridge–Massachusetts, 1981.

Рис. 1. Колебания влажности в бассейне Днепра (297-859 гг.) по Г.И. Швецу.

Д.Е. Базаров

Астана қ., Қазақстан


ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ

ТАСЫМАЛЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ
Әлем келешекте тапшылығын шеккелі отырған энергия көздерінің орасан зор қоры, Еліміздің жер асты қойнауы байлығында жеткілікті дәрежеде мол. Соның ішінде, локалдық және аймақтық деңгейдегі жанжалдарға себеп болып отырған мұнай және газ саласының орнын ерекше атап өткен жөн. Қазақстанның тәуелсіздіктен кейінгі жылдардағы жүргізіп келе жатқан көпвекторлы сыртқы саясатының бір бағыты, қолдағы бар мұнай-газ құбырларын пайдалана отырып, тасымалдың жаңа балама желілерін қалыптастыру дегенге келіп саяды.

Президент Н.Назарбаев «тәуелсіз экспорт арналары көп болғанда ғана біз көршіміздің біріне тәуелді болудан және келесі тұтынушыға баға жөнінен кіріптар болудан құтыламыз» деп «Қазақстан-2030» даму стратегиясында атап өткен болатын. Мәселен, «2006-2012 жылдардағы теңіз транспортының дамуы» «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясының дәйекті түрде жүзеге асырылуы болса, «Қазақстан Республикасының транспорттық стратегиясы» Отандық теңіз транспортының бәсекелестік қабілеттілігі мен дамуы мәселесін қамтамасыз етеді. Яғни сайып келгенде, көлік-коммуникация әлеуеті дегеніміз – бұл мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігі екендігін нық сеніммен айта аламыз.

Экономиканың қантамыры саналған көлік жүйесінің қалыптасуы және инфрақұрылым көздерінің дұрыс ұйымдастырылуы ішкі нарықтың кеңеюіне және сыртқы сауда айналымының тереңдеуіне бірден бір себеп. Әсіресе, Қазақстанның жаңа көлік жүйелерін қалыптастырушы мемлекеттерге географиялық тұрғыдан көршілес орналасуы, Еуразия континентіндегі сауда және транзиттік байланыстардың қалыптасуында байланыстырушы қызметін атқару мүмкіндігін береді.

Қазіргі кездегі Еуразия континентіндегі кең таралған басты халықаралық желілер ретінде төмендегі бағыттарды айта аламыз:



  • Транс Сібір бас желісі – Тынық мұхитындағы Ресей Федерациясы порттарынан Ресей, Беларусия, Украина арқылы Батыс Еуропаға;

  • Еуразия бас желісі – Оңтүстік-Шығыс Азиядан Қытай және Қазақстан арқылы Ресей, Беларусия, Украина топырақтарын баса өтіп Батыс Еуропаға;

  • Транс Азия бас желісі – Оңтүстік-Шығыс Азиядан Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Иран және Түркия арқылы Жерорта теңізі жағалауларына;

  • Таяу Шығыс-Сібір, Транс Сібір және Еуразия бас желілерін байланыстырады;

  • TRACECA – Еуропа-Кавказ-Азия (Каспий және Қара теңіздерінен кеме арқылы өту);

  • Солтүстік-Оңтүстік – Солтүстік Еуропадан Кавказ немесе Каспий арқылы Иран, Түркия топырақтарымен Үнді мұхиты жағалауларына.

Бұл арада, Мемлекет басшысы, үстіміздегі жылдың 22-23 тамызында Бішкекте өткен Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің екінші саммитінде «Орталық Азия ежелден Шығыс пен Батысты, Еуропа мен Азияны жалғайтын көпір саналып келгендігін» атап өте келе «Бұл – құрлықтар мен құндылықтардың тоғысқан жері. Біз өзімізді бүкіл дүние жүзіне танытқан Ұлы Жібек Жолын қайта жаңғыртуымыз керек. Ол үшін әлемнің басқа аймақтарымен жақындата түсетін жаңа магистральдар салу қажет. Еуропаны Тынық мұхитпен біздің аймақ арқылы жалғайтын жаңа теңіз, теміржол, автомобиль жолдарының құрылысы ерекше маңызды. Қазақстанда «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастығы орталығы құрылды. «Ақтау» теңіз портын кеңейту жобасы мен Ақтөбеде логистикалық орталықтың құрылысы іске асуда. Бұлар Қазақстанның Каспий өңіріне, Ресейге, одан әрі Еуропаға жол ашатын батыстағы қақпасы болады. 2015 жылы Қазақстан арқылы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізі ашылады. Біздің басты міндетіміз – батыстан шығысқа ғана емес, сондай-ақ солтүстіктен оңтүстікке қарай жүретін көлік жолын да қамтамасыз ету», - деген болатын.

Сонымен қатар, Еуразияның энергетикалық тұрақтылығының гаранты ретінде Қазақстанның халықаралық беделі өсуде. Үкімет басшысы К.Мәсімов жыл сайынғы Астанада дәстүрлі өткізіліп келе жатқан Үшінші Еуразиялық энергетикалық форумының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде «Қазақстан бұдан кейін де энергетикалық экспорты стратегиясын әртараптандырады, мемлекет бұл бағыттардың қауіпсіздігіне маңыз бере отырып, көпвекторлы саясатын жалғастыратын болады. Біздің ел бұрынғыдай, Еуразиядағы барлық ірі құбыр желісі жобаларына қатысады, соның ішінде Каспий құбыр консорциумы, «Баку-Тбилиси-Джейхан», «Қазақстан-Қытай», «Бургас-Александруполис» және Каспий газ құбыры» дей отырып, Үкімет басшысы Қазақстан құбыр желісі стратегиясының географиясын көрсетіп берген болатын.

Қазіргі таңда, көріп отырғанымыздай Қазақстан мұнай-газын ашық теңіздерге және әлемдік отын көздерін тұтынушылар нарығына шығарудың төрт айқын бағыты бар. Олар сәйкесінше батыс, шығыс, солтүстік және оңтүстік бағыттар, немесе:


  1. Каспий теңізінің солтүстігінен Ресей арқылы Еуропа Одағы мен Атлант мұхитына;

  2. Каспий теңізінің батысынан Әзербайжан және Түркия арқылы Жерорта теңізіне;

  3. Шығыс бағыты Қытай арқылы Тынық мұхитына;

  4. Каспий теңізінің оңтүстігінен Иран арқылы Үнді мұхитына.

Әрине, әр бағыт өз ішінде сан тарамлы желілерге ажыратылғанмен, түпкі бару бекеттері бір болғандықтан, аталмыш төрт топқа бөліп қарастырғанды жөн деп санаймыз.


Осы стратегиялық жоба аясында ағымдағы онжылдықта үш жаңа экспорттық: Қара теңізге құбыр консорциумы, Атырау-Кеңқияқ-Атасу-Алашанькоудан Қытайға дейінгі мұнай құбыры, Орта Азия мен Шығыс Азияны байланыстыратын, мұнайлы Атырау-Самара және газды САЦ магистральдарын өткізуге қабілетті, кеңейтілген Азиялық газ құбырлары жасақталды. Нәтижесінде, соңғы он жылда еліміздің мұнай және газ экспорттау көлемі екі есе өсті. Қазақстан негізінен батыс елдерін біріктіретін Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің рыногына, Еуразияның негізгі бөлігін құрайтын Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы мемлекеттері отын жүйесінің басты ойыншысына айналды.
Мұнай экспортының нақты және болжамдық көрсеткіштері

Бағыт

1991ж.

(нақты)


2011ж.

(күтілген)



2020ж.

(болжам)


КТК

-

28,0

52,0

Атырау-Самара

7,4

15,0

15,0

Порт Актау

4,9

9,0

12,0

Қазақстан-Қытай

-

11,0

20,0

Орынбор газ өңдеу зауыты

-

1,6

-

Темір жол бойымен

0,7

7,4

11,0

Барлығы:

13,0

72,0

110,0


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет