Иодты чили селитрасын тазалағанда қосалқы өнім ретінде алады. Ол сондай-ақ теңіз өсімдіктерінің күлінен де алынуы мүмкін. Зертханалық жағдайда иодты калий иодидінің (Кℓ) сулы ерітіндісіне хлормен әсер еткенде алады



бет4/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#141595
1   2   3   4   5

srebro_z

Күміс асыл металл есебінде айна өндірісінде басқа металдардың бетін әрлеу үшін қолданылады. Электр өткізгіштігі жоғары болғандықтан ол электрондық өндірісте қолданылады. Күміс қосылыстары фотографияда пластина мен үлдірлерді өңдеу үшін қолданылады.

stront_o

Стронцийді оның тұздарының балқымасын электролиздеу арқылы алады.

stront_w

Стронций табиғатта тек қосылыс түрінде, негізінен целестин және стронцианит минералдары түрінде кездеседі. Стронций Жерде таралуы жөнінен 16-шы орында. Ол жер қыртысы массасының 0,037 пайызын құрайды. Сонымен бірге стронций өсімдіктер мен жануарлардың терілерінде болады.

stront_wo

Стронций күмістей ақ түсті жылтыраған, жұмсақ металл. Стронций буы от жалынын қызыл түске бояйды. Стронций химиялық өте белсенді, сондықтан оны керосинде сақтайды. Ауада ол стронций оксидінің Sro және стронций нитридінің жұқа қабықшасымен қапталады.

Стронций сумен стронций гидроксидін түзе отырып әрекеттеседі және сутекті ығыстырып шығарады. Стронцийдің радиоактивтік изотопы.



Стронций радиоактивтік ыдырау өнімі, ол жұлында жиналып, организмге зиянын тигізуі мүмкін. Бұл металл 18 ғасыр соңында оның минералы табылған шотландияның Стронциан қаласының атымен аталған. Стронцийді алғаш рет 1808 жылы ағылшын химигі Хамфри Дэви бөліп алды.

stront_z

Стронцийдің қосылыстары фейерверктер (отшашу) және бояулар жасауда қолданылады. Радиоактивті изотоп медицинада сүйек рагы ауруын анықтауда қолданылады.

tal_o

Таллий пириттен күкірт қышқылын алу кезінде және мырыш, хром рудаларын өңдеу кезінде қосалқы өнім есебінде алынады.

tal_w

Таллий табиғатта тек қосылыс түрінде, негізінен мырыш, темір және хром рудаларының қоспалары құрамында кездеседі. Оның үлесі жер қыртысы массасының 6 құрайды. Жерде таралуы жағынан 59 орында.

tal_wo

Таллий жұмсақ сұр металл. Ол атмосфера әсеріне төзімді емес, ауадағы оттекпен қосылып таллий (І) оксидін және таллий (ІІІ) оксидін сумен әрекеттесіп Таллий гидроксидін түзеді. Қышқылдармен әрекеттесіп тұздар түзеді. Таллийдің өзі және оның қосылыстары улы. Олар жалынды зұмрат жасыл түске бояйды. Таллийді 1861 жылы ағылшын химигі Уильям Крукс ашты. Оның аты гректің “жасыл бұтақ” сөзінің мағынасын білдіреді.

tal_z

Қату температурасы 60 ºС болғандықтан Таллийдің амальгамасы (сынаппен құймасы) термометрлер жасауда қолданылады. Таллий қоспалары — таллийдің (І) иодиді Tlℑ және таллийдің (І) бромиді TlBr — линзалар өндірісінде қолданылады.

tantal_o

Танталда тантал (V) оксидін көмірмен немесе белсенділігі төмендеу металмен тотықсыздандыру арқылы алады.

tantal_w

Тантал табиғатта тек қосылыс түрінде, негізінен танталит минералының құрамында кездеседі. Тантал Жерде таралуы жөнінен 51-ші орын алады, оның жер қыртысындағы массалық үлесі 2 құрайды.

tantal_wo

Тантал жылтырақ, көгілдір-сұр түсті, өте қатты, бірақ соғылғыш металл. Танталдың химиялық активтілігі төмен. Бөлме температурасында ол атмосфера әсеріне төзімді, балқытқыш қышқыл НҒ-дан басқа қышқылдармен және негіздермен әрекеттеспейді. Қыздырғанда тантал (V) оксидін түзе отырып, оталып жанады. Танталды 1802 жылы швед химигі Андрес Густав Экеберг ашты, ал 1820 жылы швед химигі Йенс Якоб Берцелиус алғаш рет бөліп алды. Тантал оксиді көп мөлшердегі қышқылдармен әсер еткенде де бұзылмайтын өте тұрақты болғандықтан грек мифологиясы танталдың атауымен аталған. Мифологияда Зевстен жаза алған Тантал кеңірдегінен келер суға батып тұрса да шөліркеп қанағаттанбай тұрғаны сияқты тантал да ешқашан қышқылға тояттаған емес.

tantal_z

Тантал элетрондық өндірісте конденсаторлар мен түзеткіштер өндіруде қолданылады. Танталдан хирург пен тіс дәрігерінің құралдарын жасайды. Аса қатты заттардың бірі тантал карбиді ТаС – металл өңдеу, метал кесу құралдарын жасауда қолданылады.

technet_o

Технеций – уранның бөліну өнімі. Басқаша ол молибденді нейтрондық атқылау кезінде алынады:

technet_w

Технеций табиғатта мардымсыз мөлшерде кездеседі. Технеций жерде таралуы жөнінен 76-шы орында. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі 7 % құрайды. Технеций космоста жиі кездесуі мүмкін деп етептеледі.

technet_wo

Технеций күмістей сұр металл. Қыздырғанда ол технеций (VII) оксидін түзіп жанады. Технеций тұз қышқылымен әрекеттеспейді, бірақ патша шарабымен (концентрлі тұз және азот қышқылдарының көлемдік 3:1 қатысындай қоспасы) реакцияға түседі. Технецийді 1937 жылы италия зерттеушілері Эмилио Серго және Карло Перье молибден 96-ны дейтрондық атқылау жолымен алды. Технецийдің барлық изотоптары жасанды жолмен алынған және бәрі де радиоактивті. Олардың массасы 90 мен 111 аралығында өзгереді, ең тұрақты изотопы технеций-99. Технеций жасанды жолмен алынған бірінші элемент. Оның атауы гректің “technetos” “жасынды” деген сөзінен шыққан.

technet_z

Технеций болатқа оның коррозияға төзімділігін арттыратын қоспа есебінде қолданылады. Технецийдің радиактивтілік қасиеттері медицинада қолданылады. Сонымен қатар технеций катализатор есебінде қолданылады.

tellur_o

Теллур алтын теллуроидынан алынады. Сонымен қатар ол мысты электролиттік жолмен алудың қосалқы өнімі – анодтық шлактан да алынады.

tellur_w

Теллур табиғатта бос күйінде, сонымен бірге күміс, алтын, висмут теллуридтері түрінде кездеседі. Теллур — салыстырмалы түрде сирек кездесетін элемент. Ол Жерде таралуы жөнінен 72-ші орында. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі 5 құрайды.

tellur_wo

Теллур күмістей ақ түсті морт сынғыш металлойд. Қыздырғанда теллур (ІV) оксидін түзіп жанады. Галогендермен әрекеттеседі, мысалы хлормен әрекеттесіп теллур (ІІ) хлоридін және теллур (ІV) хлоридін түзеді. Металдармен әрекеттесіп теллуридтер түзеді, мысалы натрий теллуриді. Теллур тұз қышқылының әсеріне тұрақты. Бірақ азот қышқылымен оңай әрекеттеседі. Теллур және оның қосылыстары улы. Теллурды 1782 жылы венгер тау инженері Ференц Йожеф Мюллер фон Рейхенштейн ашты. Теллурдың атауы латынның “tellus”- “Жер, жер шары, топырақ” деген мағынаны білдіреді.

tellur_z

Теллур құймаларға оларды өңдеуде оңайлататын қоспа есебінде қолданылады. Ол электроникада түзеткіштер мен жартылай өткізгіштер жасауға қолданылады. Теллур қосылыстары шыныны және фарфорды бояу үшін қолданылады.

terb_o

Тербийді тербий (ІІІ) хлоридін литиймен немесе тербий (ІІІ) фторидін кальциймен тотықсыздандыру жолымен алады.

terb_w

Тербий табиғатта тек қана косылыстар түрінде, церий, торий, лантан т.б. лантаноидтардың фосфаттарының қоспасы — монацит сияқты минералдардың құрамында кездеседі. Бұл минералдың құрамында тербий 0,03%. Жерде таралуы жөнінен тербий 57-ші орында. Оның жер қыртысындағы үлесі 1,1 % құрайды.

terb_wo

Тербийді қолмен ұстап көргенде қорғасынға, ал сыртқы көрінісі алюминийге ұқсайтын жұмсақ және соғылғыш күмістей ақ түсті металл. Ол лантаноидтар туыстығына кіреді. Тербий химиялық белсенді элемент. Оттектеп әрекеттесіп, тербий (ІІІ) оксидін түзеді, ыстық сумен әрекеттесіп тербий (ІІІ) гидроксидін түзеді. Қышқылдармен олардың құрамындағы сутегіні ығыстыра отырып әрекеттесіп, тұздар түзеді. Бұл элементтердің ашылу тарихы ұзақ, жарты ғасыр бойында оның бар-жоқтығы күмәнді болып келді. Тек XX ғасырдың басында француз химигі Жорж Урбен тербийді таза күйінде алды.

terb_z

Тербий лазерлік өндірісте және түрлі-түсті теледидарлардың кинескоптарын жасауда жасыл люминофор есебінде қолданылады. Сонымен қатар тербийді олардың жоғарғы температураға шыдамдылығын арттыру үшін құймаларға қосады.

tlen_o

Зертхана жағдайында оттекті калий перманганатын немесе калий хлораты қоспасы мен марганец (ІV) оксидинің қоспасын қыздыру жолымен алуға болады. ¤ндірісте оттекті сұйық ауаны ректификациялау (бөлу) әдісімен алады. Бұл процесс кезінде тек қана оттек емес, азот пен аргонда алынады. Оттекті суды электролиздеу арқылы да алуға болады.

tlen_w

Оттек жердегі ең көп тараған элемент. Оттектің аса маңызды қосылысы кремний оксиді және су. Оттек ауа көлемінің 20,95 %-ін, массасы бойынша 23,2 %-ін құрайды. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі 47,4 % құрайды.

tlen_wo

Оттек иіссіз, түссіз, дәмсіз газ. Ауадан аздап ауырлау. Оттек табиғатта екі жай зат, тұрпаттық түр өзгерісте (аллотропия), екі атомды оттек газы және үш атомды озон газы түрінде кездеседі. Оттектің кең тараған үш изотопы: О16, О17, және О18. Оттек дерлік барлық элементтермен реакцияға түседі. Бұл жер бетіндегі тіршілік түрлерінің бәрі үшін аса маңызды элемент. Оттекті алғаш рет 1774 жылы ағылшын ғалымы Джозеф Пристли және сол мезгілде Карл Шееле де тапты. Антуан Лавуазье 1775 жылы оттектің жеке элемент екенін дәлелдеді. Оның атауы гректің “oxys”- “қышқыл” және “gennao ”- “туындатамын” деген сөзінен алынған.

tlen_z

Оттек металургияда, химия өнеркәсібінде, медицинада (жасанды тыныс алдыру аппараттарында) қолданылады. Сұйық оттек — ракета жанармайының құрамдас бөлігі.

tytan_z

Титан жеңілдігіне және беріктігіне байланысты авиация және ғарыш өнеркәсібінде кең қолданылады. Сонымен қатар ол құймалардың жоғары температураға төзімділігін арттыратын қоспа есебінде қолданылады. Титан қосылыстары тотықсыздандырғыштар есебінде қолданылады. Титан (V) оксиді – кең тараған ақ бояғыш зат. Барий титанаты электроникада қолданылады.

tytan_wo

Титан қатты, жеңіл және күмістей ақ түсті металл. Оның бетін оны ары қарай тотығудан сақтап тұратын титан (ІV) оксидінің жұқа қабықшасы қаптап тұрады. Температураны жоғарылатқанда титан көптеген элементтермен әрекеттеседі. Хлормен, азотпен, көміртекпен реакцияласқанда титан оларға сәйкес хлоридтер, нитридтер және карбидтер түзеді. Титанды 1791 жылы ағылшын химигі және минерологі Уильям Грегор және оған байланыссыз 1795 жылы Мартин Генрих Клапорт ашты. Алғаш рет титанды таза күйінде 1910 жылы Мэттью Аю Хантер алды. Титан атауы аспанға ие болу үшін Зевспен айқасқа түсіп, сол үшін жазаланып қапасқа тасталған грек құдайлары Уран мен Геидің балалары — Титан құрметіне берілген.

tytan_o

Титанды титан хлоридін аргонның инертті атмосферасында магниймен тотықсыздандыру жолымен алады.

tytan_w

Титан Жерде таралу жөнінен 9 орында. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі 0,56% құрайдынеасуғылғышы –н білдіреді.мигі Уильям Круксжалынды зұмрат жасыл түске бояйды. . Титанның негізгі маңызды рудалары рутил және ильменит.

tor_o

Торийді торий (ІV) оксидін кальциймен тотықсыздандыру жолымен немесе торий (ІV) хлоридінің ерітіндісін электролиздеу жолымен алады.

tor_w

Торийді алудың аса маңызды көзі – монацит минералы. Торий Жерде таралуы жөнінен 37-ші орында. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі – 1,2 % құрайды.

tor_wo

Торий — күмістей ақ түсті жұмсақ металл. Ол актиноидтар ұяласына жатады. Торийді кессе ол алғашқыда жылтырап көрінеді, бірақ ауада біртіндеп торий оксидінің жұқа қабықшасы пайда болып күңгірттене бастайды. Бөлме температурасында торий сумен баяу әрекеттесіп, торий гидроксидін түзеді. Торий тұздар түзе отырып, қышқылдарда ериді. Торий — барлық актиноидтар сияқты радиактивті элемент. Торий изотопының ең ұзақ жартылай ыдырау мерзімі 1,4 жыл (14 млрд жыл). Торийді 1828 жылы Йенс Якоб Берцелиус ашты. Элемент норвегияның күн күркіреу құдайы Тора құрметіне аталған.

tor_z

Торий құймалардың жоғары температураға шыдамдылығын арттыратын қоспа есебінде қолданылады. Ол фотоэлементтерде қолданылады. Торий оксиді жоғары сапалы линзалар жасауда қолданылады.

tul_o

Тулийді тулий (ІІІ) оксидін лантанмен тотықсыздандыру жолымен алады.

tul_w

Тулий табиғатта тек қосылыс түрінде церий, торий, лантан фосфаттарының қоспасы болып есептелетін монацит сияқты минералдардың құрамында кездеседі. Осы минералдағы тулийдің массалық үлесі 0,07%. Жерде таралуы жөнінен тулий 61-ші орында. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі 4,8% құрайды.

tul_wo

Тулий пышақпен кесуге болатындай жұмсақ, күмістей ақ түсті металл. Ол лантаноидтар ұяласына жатады. Тулий химиялық белсенді элемент. Ауадағы оттекпен тулий оксидін түзе отырып әрекеттеседі. Сонымен қатар ол галогендермен, фосформен және көміртекпен әрекеттеседі. Сумен әрекеттесіп тулий гидроксидін және сутек түзеді. Сутекті ығыстыра отырып қышқылдарда еріп, тұздар түзеді. Тулий қосылыстары әдетте жасыл реңді болады. Тулийді 1879 жылы швед химигі Пьер Теодор Клевс ашты. Тулий атауы Скандинавияның ежелгі (Рим империясы кезіндегі) атын білдіретін латынның “Thule” сөзінен алынған.

tul_z

Тулий іс жүзінде қолданылмайды.

ununbium_wo

Унунбиум — жасанды жолмен синтезделініп алынған радибелсенді металл. Унунбиумды 1996 жылы 9 ақпан күні 22 сағат 37 минутта Дармштадтағы ауыр иондарды зерттеу лабораториясының бір топ неміс зерттеушілері мырыш ядросын қорғасын ядросымен атқылау нәтижесінде алды. Бөлме температурасында унунбиум күмістей ақ түсті немесе сұр түсті сұйықтық. Унунбиумнан алынған бірнеше атомның жартылай ыдырау периоды 240 миллисекунд болып шықты.

ununhexium_wo

Унунгексиум – жасанды жолмен синтезделінген радибелсенді элемент. Унунгексиум алғаш рет Берклийдегі Калифорния университетінде -бөлшектерді бөліп шығару арқылы унуноктиумның радибелсенді ыдырау жолымен алынды. Алынған изотоптың массасы 289 (ядросында 116 протон 173 нейтрон), ал жартылай ыдырау периоды 1 миллисекунд болды. Унунгексиум бөлме температурасында күмістей ақ түсті немесе сұр түсті болуы мүмкін деп есептеледі.

ununnilium_wo

Унуннилиум — жасанды жолмен синтезделген радибелсенді металл. Унуннилиумды 1994 жылы Дармштадта ауыр иондарды зерттеу лабораториясында бір топ неміс зерттеушілері қорғасын иондарын никель иондарымен атқылау жолымен алды.

ununoctium_wo

Унуноктиум – жасанды жолмен синтезделген радиоактивті элемент. Уноноктиум алғашқы рет Берклиде Калифорния университетінде 86-криптон ядросын 208-қорғасын ядросымен атқылау жолымен алынды. Унуноктиум атомына бұл изотоптардың бір-бірімен сәтті қосылуы бір соқтығысу жағдайында болады. Унуноктиумның жартылай ыдырау периоды 0,12 миллисекунд. Унуноктиумның бөлшектер бөліп шығара отырып радибелсенді ыдырауы нәтижесінде унунгексиум түзіледі. Қалыпты жағдайда унуноктиум күмістей ақ немесе сұр түсті қатты зат болуы мүмкін деп жорамалданады.

ununqadium_wo

Унунквадиум – жасанды жолмен синтезделген радибелсенді элемент. Унунквадиумды алғаш рет 1998 жылы Дубна қаласындағы ядролық зерттеулер Біріккен институтының бір топ орыс зерттеушілері алды. Ғалымдар унунквадиумды изотопының бір атомын Uug 244-плутоний пен 48-кальций арасындағы ядролық реакциялар нәтижесінде алды. Басқа изотоптары унунквадиумның радибелсенді ыдырауы нәтижесінде алынады. Унунквадиум қалыпты жағдайда күмістей ақ түсті немесе сұр түсті қатты зат деп жорамалданады.

unununium_wo

Унунуниум — жасанды жолмен синтезделген радибелсенді металл. Унунуниумды 1994 жылы Дармштадта ауыр инондарды зерттеу лабораториясында С. Хофман бастаған бір топ неміс зерттеушілері алды.

uran_wo

Уран күмістей ақ түсті иілмелі радибелсенді металл. Ол актиноидтар ұяласына кіреді. Уран — химиялық белсенді элемент. Ол оттекпен әрекеттесіп сары түсті уран (VІ) оксидін түзеді. Сумен, әсіресе ыстық сумен әрекеттеседі. Тұз түзе отырып қышқылдармен әрекеттеседі, ал негіздермен әрекеттеспейді. Уранның радибелсенділігін 1896 жылы француз химигі Антуан Анри Беккерель ашты. Уранның ең ұзақ өмір сүретін изотопының жартылай ыдырау периоды 4,46 жыл. 1789 жылы Уранды алғаш ашқан ғалым неміс химигі Мартин Генрих Клапрот, ал 1841 жылы алғаш алған ғалым Эжен Мелькьор Пелиго. Атауы осы элементтен бірнеше жыл бұрын ашылған Уран планетасының құрметіне қойылған.

uran_o

Уранды уран (ІV) фторидін магниймен тотықсыздандыру арқылы алады.

uran_w

Уран табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі. Оның аса маңызды минералы — уранинит (уран қара майы). Жерде таралуы жөнінен уран 48-шы орында. Ол жер қыртысы массасының 2,4% құрайды.

uran_z

Уран ядролық реакторларда энергия көзі есебінде қолданылады. Сонымен қатар соғыс мақсаттарында пайдаланылады. Шыны және керамикадан жасалған заттарды бояуда қолданылады.

wanad_wo

Ванадий өте қатты күмістей сұр металл. Бөлме температурасында ванадий су мен ауаның әсеріне төзімді, бірақ күкірт қышқылымен, патша шарабымен (концентрлі тұз қышқылы мен азот қышқылдарының 3:1 көлемдік қатынасындағы қоспасы) және балқытқыш қышқылмен әрекеттеседі. Жоғары температурада ванадий көптеген бейметалдармен әрекеттеседі. Ол оттегімен әрекеттескенде әртүрлі түсі бар оксидтер түзеді, мысалы: қара, қою көк және сарғылт түсті. Ванадийді 1801 жылы Мехиколық минерология профессоры Андрес Мануэль дель Рио, ал 1830 жылы Нильс Габриэль Сефстрем оны екінші рет ашты.

wanad_z

Ванадий болатқа және басқа құймаларға оның беріктігін арттыратын қоспа есебінде қолданылады. Ванадий (V) оксиді әртүрлі химиялық реакцияларға катализатор есебінде кең қолданылады.

wanad_o

Ванадийді феррованадий деп аталатын темірмен құймасы түрінде алады. Ал таза ванадийді ванадий (V) оксидін калициймен тотықсыздандыру арқылы алады.

wanad_w

Ванадийдің негізгі көзі патронит және ванадит минералдары. Жерде таралуы жөнінен ванадий 19-шы орында. Жер қыртысындағы оның массалық үлесі 0,016% құрайды.

wapn_o

Кальцийді 800 ºС температурада кальций хлоридінің () балқымасын электролиздеу жолымен алады.

wapn_w

Кальций табиғатта негізінен қосылыстар түрінде, оның ішінде негізінен кальцит немесе әк шпаты минералдарының құрамында кездеседі. Кальций жерде таралуы жөнінен 5-ші орында. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі 4,1%. Адам организмінде кальций қосылыстары 2%-ды құрайды.

wapn_wo

Кальций күмістей ақ түсті айтарлықтай қатты металл. Оның буы жалынды кірпіш түстес қызыл түске бояйды. Оның химиялық белсенділігі жоғары, сондықтан керосинде сақтайды. Ауада кальцийдің сыртын оның оксидінің жұқа қабаты каптайды. Ыстық сумен әрекеттеседі, нәтижесінде кальций гидроксиді және сутек газы бөлініп шығады. Қышқылдармен тұз және сутек түзіп әрекеттеседі. Жоғары температурада күкіртпен, азотпен, галогендермен оңай әрекеттеседі. Кальцийді 1808 жылы ағылшын химигі Хамфри Дэви ашты. Атауы латынның “calus” – “әк” деген сөзінен алынған.

wapn_z

Кальций металдарды алуда тотықсыздандырғыш және құймаларға қоспа есебінде қолданылады. Кальций оксиді СаО “сөндірілмеген әктас” деген атаумен құрылыста және шыны, цемент өндірісінде кең қолданылады. Кальций сульфаты (гипс) медицинада орнына салынған сынған сүйектерді бекітуде, сол сияқты құрылыста қолданылады. Кальций нитраты және кальций фосфаты минералды тыңайтқыш есебінде қолданылады.

wegiel_o

Көміртектің негізгі көзі – тас көмір. Синтетикалық алмазды өте жоғары температурада (4000 ºС шамасында) және өте жоғары қысымда (1,25 ГПа) графитті өңдеу жолымен алады. Синтетикалық графитті көміртек қосылыстарын қатты қыздырып алады.

wegiel_w

Көміртек табиғатта бос күйінде графит және алмаз түрінде, сонымен қатар көптеген көміртекті қосылыстар құрамында кездеседі. Көміртек тірі организмдердің ткандерінде және минералдар құрамында кездеседі. Құрамында көміртек көп минералдар — карбонаттар, оның ішінде магнезит және сидерит. Көміртек Жерде таралуы жөнінен 15-ші орында, жер қыртысындағы оның массалық үлесі 0,048%.

wegiel_wo

Көміртек қатты бейметалл. Ол барлық тірі организмдер үшін құрылыс материалы. Таза көміртек екі аллотроптық (тұрпаттастық) түрде кездеседі: алмаз және графит. Алмаз белгілі минералдардың ішіндегі ең қаттысы, бірақ морт сынғыш. Оның жылу өткізгіштігі жоғары. Алмаз кристалдары түссіз, мөлдір, бірақ кейде әртүрлі реңді болады. Мысалы қара түсті алмаздар бар. Графит жұмсақ, қою-қоңыр түсті, электр және жылу өткізгіштігі жоғары. Көміртектің тағы бір қызықты түрі – фуллерендер. Бұл 32-ден 600-ге дейін көміртек атомдарының сфералық формадағы қосылыстары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет