Иодты чили селитрасын тазалағанда қосалқы өнім ретінде алады. Ол сондай-ақ теңіз өсімдіктерінің күлінен де алынуы мүмкін. Зертханалық жағдайда иодты калий иодидінің (Кℓ) сулы ерітіндісіне хлормен әсер еткенде алады



бет3/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#141595
1   2   3   4   5
prazeodym_z

Празеодимді магний құймасына қосып оған беріктілік береді. Мұндай қорытпаларды авиациялық қозғалтқыштарға пайдаланады. Металл пісіргенде киетін көз әйнектердің сары түсті шынысында празеодим немесе неодим қоспалары бар. Празеодимнің қосылыстарын органикалық синтездегі катализатор ретінде қолданады.

proaktyn_o

Протактинийді урандық кеннен (урандық үгіндіден) алуға болады. 1961 жылы 60 тонна осындай кеннен мөлшері 125 грамм шамасында протактиний алынды.

proaktyn_w

Табиғатта протактиний урандық кендерде болмашы мөлшерде кездеседі. Ол табиғаттағы өте сирек кездесетін элементтердің бірі.

proaktyn_wo

Протактиний — күмістей ақ радибелсенді металл. Ол актиноидтар ұяласына жатады. Ең ұзақ өмір сүретін изотопын 231 Ра жартылай ыдырау периоды 32700 жыл. Протактинийді неміс химигі Отто Ган және австрия физигі Лизе Майтнер ашқан. Оның аталуы гректің “protos- “бірінші” және actіnos– “сәуле” деген сөздерінен алынған. Бұл атауда протактинийдің актиний түзілуінің қатарындағы бірінші элемент екендігі меңзелген.

proaktyn_z

Протактинийдің іс жүзінде қолданылмайды.

promet_o

Прометий радибелсенді ыдырау нәтижесінде түзіледі: 147Nd=147Pmұ6. Металдық прометийді прометий (ІІІ) фторидін литиймен тотықсыздандырып алады. Прометий ядролық қалдықтарда аз мөлшерде болады.

promet_w

Прометий — жасанды элемент, табиғатта кездеспейді.

promet_wo

Прометий — күмістей ақ металл. Ол лантаноидтар ұяласына жатады. Оның химиялық қасиеті неодимнің қасиетіне ұқсас. Ол ауадағы оттекпен әрекеттесіп, прометий (ІІІ) оксидін Pm2O3 түзеді. Ол азотпен әрекеттесіп прометий (ІІІ) натридін PmN, хлормен — прометий (ІІІ) хлоридін PmCl3 түзеді. Прометий тұздарды радибелсенді және қараңғыда ақшыл-көк немесе сары-жасыл түспен жарқырайды. Прометий — тұрақсыз элемент. Ең ұзақ өмір сүретін прометий-147 изотопының жартылай ыдырау периоды 17,7 жыл, ал ең қысқасы прометий-140 изотопынікі небәрі 2 секунд. Прометийді жасанды жолмен 1947 жылы Чарльз дю Буа Корье, Якоб Марински және Лоуренс Гленделин ашқан. Алдын ала 1912 жылы элементтің бар екендігі болжанған. Аталуы ертедегі гректердің Зевс құдайынан отты ұрлап алып, оны адамдарға сыйға берген — Прометей алыбының құрметіне қойылған.

promet_z

Прометийдің кейбір қосылыстары радибелсенді сәуле шығару көзі ретінде қолданылады.

rad_o

Радийді уран кендерін, оның ішінде урандық ұнтақты өңдеу кезінде алады.

rad_w

Радий барлық урандық кендерде болмашы мөлшерде кездеседі. Радийдің негізгі көзі урандық ұнтақтар, оның өзінде де 100 кг рудада небәрі 0,14 г радий болады. Радий Жердегі таралуы бойынша 85-ші орынға орналасады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 6 10-11% құрайды.

rad_wo

Радий — күмістей ақ металл, жылуды және токты жақсы өткізеді. Радийдің жаңа кесіндісі металдық жылтыры бар болады, бірақ ауада тез қарайып, радий нитридінің Ra3N2 жұқа қабыршақты қабатымен жабылады. Радий — радибелсенді элемент, қараңғыда көк түсті жарық береді. Радийдің химиялық белсенділігі өте жоғары. Сумен қызу әрекеттеседі де радий гидроксидін Ra(OH)2 түзеді; қышқылмен әрекеттесіп тұз түзеді. Радийдің буы мен оның қосылыстары жалынды қызыл-күрең түске бояйды. Радийді 1898 жылы Мария Склодовская-Кюри және Пьер Кюри ашқан. Аталуы гректің “radіus” - “сәуле” деген сөзінен пайда болған.

rad_z

Радийдің радибелсенді қасиетін қатерлі ісікті емдеу үшін қолданады — радиация ісікпен шалдыққан тінді бұзады. Радий шығаратын, -радиация, кейбір заттарды, мысалы мырыш сульфидін, жарық шығартады.

radon_o

Радон — 235-уранның, 238-уранның және 232-торийдің радибелсенділік ыдырау кезіндегі өнімі.

radon_w

Табиғаттағы радон ауада және минералдық суларда болмашы мөлшерде кездеседі. Ол радийдің радибелсенділік ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Сол сияқты жер қыртысындағы да аз мөлшерде кездеседі.

radon_wo

Радон — түссіз, иіссіз және дәмсіз радибелсенді асыл газ. Оның атомдары екі атомдық молекулаларға бірікпеген, қосылмаған. Радон — белгілі газдардың арасындағы ең ауыр газ. Радонды Гейгер есептеуішімен байқауға болады. Радонды неміс химигі Фридрих Эрнест Дорн 1900 жылы ашқан. Радон аталуы өзінің өнетін көзінен — радийден алынған.

radon_z

Радонды медицинада қатерлі ісікті емдеу үшін пайдаланады.

ren_o

Ренийді рений (VІІ) оксидін сутекпен тотықсыздандырып алады.

ren_w

Табиғатта рений тек қосылыс түрінде ғана кездеседі. Ренийдің өз минералы жоқ, бірақ ол молибден кенінде бірге жүреді. Оның аздаған мөлшерін молибденитте байқауға болады. Ол Жердегі таралуы бойынша 78-ші орынға орналасады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 4 10-8% құрайды.

ren_wo

Рений — күмістей ақ, ауыр және өте қатты металл. Күшті қыздырғанда ол жұмсақ және соққыланғыш болып қалады. Металдық рений оттектің, азоттың, сутектің және қышқылдардың басым көпшілігінің әсеріне тұрақты, олардың арасында тұз қышқылының да әсеріне тұрақты, бірақ та азот қышқылымен әрекеттеседі. Ренийді 1000 ºС градусқа дейін қыздырғанда оттекпен реакцияға түсіп, рений (VІІ) оксидін Re2O7 түзеді. 1925 жылы ренийді неміс химиктері Ида мен Вальтер Ноддак және Отто Карл Берг ашқан. Оның бар екендігін 1871 жылы Д.И. Менделеев болжаған болатын. Ренийді Рейн өзенінің құрметіне атаған.

ren_z

Ренийді қорытпаларға қосымша ретінде пайдаланса, олардың қаттылығы мен жемірілуге тұрақтылығы жоғарылайды. Ренийдің қорытпаларын, мысалы дыбыстан жылдам ұшатын ұшақ бөлшектерін өндіруде қолданады. Рений мен платинаның қорытпаларын электродтар үшін материал ретінде пайдаланады. Металдық ренийді катализатор ретінде қолданады.

rod_o

Родийді кендерден платинаны бөліп алған соң қалатын қалдықтардан алады.

rod_w

Родий әдетте таза түрінде, жиірек платинамен бірге, кейде сульфидті-никелді кендерде де кездеседі. Родий Жердегі таралуы бойынша 79-шы орынға орналасады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 2 10-8% құрайды.

rod_wo

Родий – күмістей ақ металл, бірқалыпты қатты және созылғыш. Судың, оттектің және қышқылдың, патша шарабының әсерлеріне тұрақты. Родийді 1803 жылы ағылшын химигі Уильям Хайд Волластон ашқан. Аталуы гректің “rhodon” – ”қызғылт” деген сөзінен алынған.

rod_z

Родий — платиналық қорытпалардың құрамдас бөлігі және олардың беріктілігін жоғарылатады. Родийдің қорытпасын зертханалық жабдықтардың өндірісінде пайдаланады. Родий мен күмістің қорытпасын зергерлік бұйымдарға қолданады.

rtec_o

Сынаптың негізгі көзі — ашық-қызыл түсті сынап сульфиді, киновар HgS. Сынап жоғары температура кезінде кеннен оттекпен, темірмен немесе кальций оксидімен тотықсыздандыру арқылы жеңіл алынады.

rtec_w

Табиғатта сынап таза күйінде де, қосылыстар күйінде де кездесе береді. Барынша кең таралған минерал — ашық қызыл сынап сульфиді, киноварь HgS. Сынап Жердегі таралуы бойынша 68-ші орынға орналасқан. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 5 10-6% құрайды.

rtec_wo

Сынап — кұмістей ақ металл. Ол қалыпты жағдайда сұйық күйінде кездесетін жалғыз металл. Сынап электрді жақсы өткізеді де жылуды нашар өткізеді. Сынаптың басқа металдармен қорытпасын амальгамдар деп атайды. Сынаптың буы мен оның қосылыстары аса күшті у болып келеді. Егер шамалы сынап төгілсе, оны күкірт ұнтағын сеуіп зарарсыздандырады (мұндайда сынап (ІІ) сульфиді түзіледі де оны жинау әрі жеңіл, әрі қауіпсіз) немесе мырыш ұнтағын себеді (мұндайда мырышты амальгама түзіледі, ол да қауіпсіз). Сынап өте ерте заманнан белгілі. Сынап біздің эрамызға дейін 1500 жыл бұрын белгілі болып, оны киновардан ала білген. Сынапты Египетте, Индияда, Месопотамда және Қытайда тұтынған; оны адам өмірін ұзартатын құпиялы дәрмек ретінде санаған, ол “ажалсыздық дәрісі” ретінде қабылданған, оған сенген.

rtec_z

Металдық сынапты термометрлерде, барометрлерде және вакуумдық қорғыларда қолданады. Сынап өзінде көптеген металдарды ерітіп, олармен сұйық немесе қатты қорытпаларды-амальгамдарды түзе алады, оларды кварцтық шамдарды өндіру кезінде пайдаланады. Сынапты сондай-ақ кендерді тазалау процесінде де қолданады.

rubid_o

Рубидий литий тобындағы басқа элементтерді алу кезіндегі қосалқы өнім ретінде түзіледі. Ол сондай-ақ рубидий хлоридінің RbCl балқымасын электролиздеу арқылы немесе рубидийдің гидроксидін RbOH магниймен тотықсыздандырып алынуы мүмкін.

rubid_w

Рубидий жоғары химиялық белсенділігі салдарынан табиғатта тек қосылыс түрінде ғана кездеседі. Рубидий ең алдымен калиймен және цезиймен бірге әртүрлі минералдар қоспасы түрінде кездеседі. Рубидий Жердегі таралуы бойынша 22-ші орынға орналасады, оның жер қыртысы массасындағы үлесі 9 10-3% құрайды.

rubid_wo

Рубидий — кұмістей ақ, өте жұмсақ және жеңіл, жақсы ток өткізгіш металл. Рубидий және оның қосылыстары жалынды күлгін түске бояйды. Рубидийде жоғары химиялық белсенділік бар, сондықтан оны жермай (керосин) ішінде сақтайды. Рубидий ауада өзінен-өзі тұтанып, рубидий оксидін Rb2O түзеді. Рубидий сумен әрекеттесіп, сутекті ығыстырады. Аталуы латынның “rubіdus” – “қою қызыл” деген сөзінен пайда болған, бұл оның спектрлік сызығының түсіне орайлас. 1860 жылы рубидийді неміс ғалымдары — химик Роберт Вильгельм Бунзен және физик Густав Роберт Кирхгоф ашқан.

rubid_z

Рубидийді электронды-сәулелік түтікті дайындағанда және фотоэлементтердің ішкі жағындағы қаптаушы қабат ретінде пайдаланады.

ruten_o

Рутенийді платинаны тазалаған кезде қосалқы өнім ретінде алады.

ruten_w

Рутений әдетте таза түрінде, көбінесе платинамен бірге кездеседі. Рутений Жердегі таралуы бойынша 74-ші орынға орналасады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 10-7% құрайды.

ruten_wo

Рутений — сұрлау ақ, қатты және омырылғыш асыл металл. Рутенийді қыздырғанда ауадағы оттекпен әрекеттесіп, рутений (ІV) оксидін RuO2 түзіледі. Температураны көтергенде ол галогендермен және күкіртпен әрекеттеседі. Аталуы Россия атауының латыншасынан пайда болған. Рутенийді бірінші болып 1844 жылы орыс химигі Карл Карлович Клаус алған. Вильгельм Оссан рутенийдің бар екенін 1828 жылы айтқан.

ruten_z

Рутений қорытпаларға қосымша ретінде пайдаланылады. Рутений мен платинаның қорытпасын зергерлік істе қолданады. Рутенийдің қорытпасын қаламұш дайындау үшін жұмсайды. Рутенийді сондай-ақ катализатор ретінде де пайдаланады.

rutherford_wo

Резерфордий — жасанды жолмен синтезделінген радибелсенді металл. Резерфордийді бірінші болып 1964 жылы Г.Н. Флеров басқарған орыс зерттеушілерінің тобы 22-неонның иондарымен 242–плутонийді соққылап алған. 1969 жылы Альберт Гиорсо басқарған американ зерттеушілерінің тобы бұл элементті 12-көміртек пен 13-көміртектің қоспа иондарымен 239-калифорнийді соққылап алды. Резерфордийдің тұрақты изотопы 261 RF жартылай ыдырау периоды 65 секунд. Элемент әйгілі физик Эрнест Резерфордтың құрметіне аталған.

samar_o

Самарий оның тұздарын — мысалы самарий (ІІІ) хлоридін SmCl3 литиймен тотықсыздандырып алады. Сондай-ақ самарийді самарий (ІІІ) оксидін Sm2O3 бариймен тотықсыздандырып алуға болады.

samar_w

Табиғатта самарий тек минералдардың құрылымындағы қосылыс түрінде ғана, сондай-ақ церийдің, торийдің, лантанның және басқа да лантаноидтардың фосфаттары қоспасы түрінде болатын самарскит немесе монацит сияқтыларда кездеседі. Самарийге монацит массасының 2,8% шамасы тиесілі. Самарий Жердегі таралуы бойынша 40-шы орынға орналасады. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 7,9 10-3% құрайды.

samar_wo

Самарий — көктеу-сұр, қатты және омырылғыш металл. Ол лантаноидтар ұяласына жатады. Ауада ол самарий (ІІІ) оксидінің жұқа қабыршағымен жабылады да оны онан әрі тотығудан сақтайды. Температураны көтергенде (150 ºС) ауадағы самарий тұтанады. Қышқылдарда еріп, олардан сутекті ығыстырады. Самарийдің тұздары әдетте сары түсті болады, кейбіреулері — қою қоңыр. Самарийді 1879 жылы француз химигі Поль Эмиль Лекок де Буабодран ашқан. Аталуы самарскит минералының атынан пайда болған, ал ол өз ретінде, тау-кен инженері В. Самарски құрметіне аталған.

samar_z

Самарийді ядролық реакторлардың реттеуші өзекшелерін дайындау үшін пайдаланады. Ол сондай-ақ лазерлерді құрастыру кезінде де қолданылады. Самарий қосылған шыны әйнек инфрақызыл сәулелерді жұтады.

seaborg_wo

Сиборгий — жасанды жолмен синтезделінген радибелсенді металл. Сиборгийді бірінші рет 1974 жылы Дубнадағы ядролық зерттеу Институтында бір топ орыс ғалымдары хром иондарымен әртүрлі қорғасын изотоптарының қоспасын соққылау кезінде алған. Барынша тұрақты сиборгий изотопы 263 Sg жартылай ыдырау периоды 0,8 секунд.

selen_o

Селен мыс кендері мен күкіртті өңдеген кезде қосалқы өнім ретінде алынады.

selen_w

Табиғаттағы селен өте мардымсыз мөлшерде кездеседі. Оның қосылыстары басқа элементтердің кен орындарында ілеспелік қоспа түрінде, ең бастысы сульфидті минералдарда болады. Селендік минералдар тым сирек. Селенге бай жалғыз минералға — эйкайрит CuAgSe жатады. Селен Жердегі таралуы бойынша 67-ші орынға ие. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 5 10-6% құрайды.

selen_wo

Селен — металл, ол ең басты екі аллотропты түрде кездеседі: металдық жылтыры бар омырылғыш кристалдар түзетін, сұр селен, және қызыл-қоңыр ұнтақ түрінде болатын, аморфты селен. Селен — жартылай өткізгіш, оның қараңғыдағы электрөткізгіштігі төмен, ал жарықта тез өседі. Селен — химиялық белсенді элемент, ауада көгілдір жалын шығарып жанады, селен (ІV) оксидін SeO2 түзеді. Галогендермен әрекеттеседі. Сутекпен әрекеттесе келіп, селенді сутекті SeH2 түзеді. Селен және оның қосылыстары улы. Селенді 1818 жылы швед химигі Йенс Якоб Берцелиус ашқан. Аталуы гректің “selene” – “ай” деген сөзінен пайда болған.

selen_z

Селенді түзеткіштер және фотоэлементтер өндірісінде қолданады. Аморфты (қызыл) селенді шыны-әйнекті бояуға пайдаланып, оған ашық-қызыл рең береді.

siarka_o

Әдетте күкіртті ашық әдіспен алады. Күкіртті алудың басқа жолы, Фраш әдісі ретінде белгілі, оның мәні сол, ол жер астында жатқан күкіртті сол жерде ыстық су буымен қыздырып балқытады, сонан соң оны қысылған ауа көмегімен жер бетіне шығарады. Күкірттің тағы бір көзі — күкіртті сутек H2S. Ол табиғатта бос күйінде де кездеседі, сол сияқты өндірістік процестерде де түзіледі. Күкіртті сутектің тотығу өнімдері күкірт пен су: 2H2S+O2=2H2O+2S. Күкірт сондай-ақ күкірт (ІV) оксидін көмірмен (кокспен) немесе иіс газымен (СО) тотықсыздандыру арқылы да алына алады: SO2+C=CO2+S.

siarka_w

Табиғаттағы күкірт бос күйінде де, әртүрлі қосылыс түрінде де, ең бастысы сульфидтер мен сульфаттар түрінде болады. Күкірт жануарлар мен өсімдік ақуыздарының құрамына енеді. Ол көмірде, мұнайда, табиғи газда болады. Күкірт Жердегі таралуы бойынша 17-ші орында. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 0,026 % құрайды.

siarka_wo

Күкірт — сары омырылғыш бейметалл. Әдетте ол қатты кристалдық масса күйінде кездеседі. Күкірттің дәмі жоқ, бірақ өзіне тән иісі бар. Жеңіл тұтанады. Қоршаған орта үшін ең қауіптісі күкірт (ІV) оксиді SO2. Ол көмірдің және мұнай мен оның өнімдерінің жануы нәтижесінде түзіледі, онда әдетте күкірт қосылыстары қоспа ретінде жүреді. Мұндайда күкірт (ІV) оксиді ауаға жіберіліп, онда су буымен әрекеттесе келіп, қышқыл түзіледі де қышқылды жаңбыр деп аталатын түрде жерге түседі. Күкірт адамзатқа өте ертеден белгілі, оны зарарсыздандыру үшін, сол сияқты зиянды күштер мен рухтарды, аруақтарды қуып жіберу және емдеу үшін пайдаланған. Күкіртті жеке химиялық элемент ретінде 1777 жылы Антуан Лоран Лавуазье мойындаған.

siarka_z

Күкірт кеңінен қолданылады. Ол күкірт қышқылының H2SO4 және көміртек сульфидінің CS2 өндірісі үшін пайдаланылады. Күкірт каучукті резинаға айналдыру (түрлендіру) үшін жұмсалады (мұндай процессті вулкандау деп атайды). Күкіртті сіріңке, отшашу және оқ дәрісі өндірісінде қолданады. Күкірттің қосылыстарын тері ауруларын емдеу үшін медицинада пайдаланады. Күкіртті сондай-ақ ауылшаруашылығында және бояулар өндірісінде де қолданады.

sod_z

Сұйық натрий ядролық реакторлардағы салқындатқыш ретінде қолданылады. Натрийді натрийлік шамдарда пайдаланады — ток өткізгенде натрий буланады да өзіне тән сары түсті жарық шығарады. Металдық натрий көптеген маңызды қосылыстарды синтездегенде жұмсалады, мысалы натрий цианиді NaCN сияқтыларды. Натрий сол сияқты кейбір органикалық қосылыстарды тотықсыздандырушы ретінде пайдаланылады.

sod_o

Металдық натрийді натрий тұздарының балқымаларын электролиздеу кезінде алады.

sod_w

Натрийдің химиялық белсенділігі жоғары болғандықтан табиғатта тек қосылыс түрінде ғана кездеседі. Теңіз суындағы натрий басымдықпен натрий хлориді NaCl түрінде кездеседі – оның концентрациясы 2,8% шамасында болады. Натрийдің кейбір қосылыстары, натрий хлориді сияқтылар (тас тұзы, NaCl), натрий нитраты (чили селитрасы NaN немесе криолит Na3AF3, бай кен орындарын түзеді. Натрий Жердегі таралуы бойынша 6-шы орынға орналасады, оның жер қыртысы массасындағы үлесі 2,3% құрайды.

sod_wo

Натрий күмістей ақ жұмсақ металл, жұмсақтығы соншама, оны пышақпен кесуге болады. Жаңа кесілген жері жұқа натрий оксиді Na2 O қабыршағымен тез жабылады және металдық жылтырағын жоғалтады. Натрийдің химиялық белсенділігі аса жоғары болғандықтан оны жермай (керосин) ішінде сақтайды. Ол сумен тасқынды әрекеттесіп, реакция нәтижесінде натрий гидроксиді NaOH түзіледі де сутек H2 бөлінеді. Натрий судан жеңіл. Ол ауада ашық сары жалынмен жанады. Натрийді 1807 жылы ағылшын химигі Хамфри Дэви ашқан.

skand_o

Скандийді скандий (ІІІ) хлориді ScCl3 балқымасын электролиздеу кезінде немесе скандий (ІІІ) фторидінің ScF3 кальциймен реакцияласуынан алады.

skand_w

Табиғаттағы скандий тек қосылыс, стеретит ScPO4Ł2H2O және тортвейтит SC2[Sі2O7] түрінде ғана кездеседі. Скандий Жердегі таралуы бойынша 35-ші орында. Оның жер қыртысы массасындағы үлесі 1,6 10-3% құрайды.

skand_wo

Скандий — күмістей ақ, жеңіл және жұмсақ металл. Ол ауада скандий (ІІІ) оксидінің Sc2O3 өте жұқа қабыршағымен жабылады. Сумен әрекеттесіп, мүлдем ерімейтін скандий (ІІІ) гидроксидін Sc(OH)3 түзеді. Скандийді 1889 жылы швед химигі Ларс Фредрик Нильсон ашқан. Бұл элемент жайлы орыс химигі және периодтық кестені жасаушы Д.И. Менделеев сегіз жыл бұрын айтқан, және оның қасиетін болжаған. Скандийдің бірнеше изотопы бар, олардың арасында тек тұрақтысы 46 Sc.

skand_z

Скандийді қайрақтастық материалдар өндірісінде және катализатор ретінде қолданады. Скандий мен магнийдің қорытпаларын ядролық реакторларда пайдаланады.

srebro_wo

Күміс – созылғыш және иілгіш, ақ жылтырақ металл. Оны жұқалап тегістеуге болады. Оның жылу және электр өткізгіштігі өте жоғары. Күміске оттек әсер етпейді, бірақ озонда тотығады. Күміс күкіртсутекпен күміс сульфидін түзе отырып әрекеттеседі. Балқыталған күміс өзіне оттекті сіңіре алады, бірақ ол металл суығанда тез шығып кетеді. Күміс өте ерте заманнан белгілі. Алхимиктер күмісті Ай белгісі деп есептеген.

srebro_o

Күмісті күміс хлоридін AgCl сода қосып қыздыру жолымен алуға болады.

srebro_w

Күміс табиғатта таза күйінде немесе қосылыстар қүрамында кездеседі. Ең маңызды күміс рудаларының бірі – аргентин немесе күміс жылтыры және күміс хлориді AgCl. Күміс аздаған мөлшерде басқа металл (қорғасын Pb, мыс Cu) рудаларында да кездеседі. Жерде таралу жағынан күміс 66 орында. Оның жер қыртысындағы массасының үлесі 7 құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет