Иодты чили селитрасын тазалағанда қосалқы өнім ретінде алады. Ол сондай-ақ теңіз өсімдіктерінің күлінен де алынуы мүмкін. Зертханалық жағдайда иодты калий иодидінің (Кℓ) сулы ерітіндісіне хлормен әсер еткенде алады



бет5/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#141595
1   2   3   4   5

wegiel_z

Көміртек (көмір) жылу және электр энергиясын алатын жанармай есебінде қолданылады. Графиттен электродтар, заттарды қыздыратын тигельдер және жағармайлар жасайды және алады. Графит стерженьдер ядролық реакторларда тежегіштер есебінде қолданылады. Алмаз бұрғылар, шыныкескіштер, абразивтік заттар жасауда қолданылады. Бриллиант (қырланған және тегістеп жылтырланған алмаз) — аса бағалы тас, сәндік бұйым есебінде кең қолданылады. Көміртектің абсорбциялық қабілеті жоғары түрі – белсендендірілген көмір фильтрлер жасауда, дәрілер жасауда пайдаланылады. Көміртектің С-14 изотопы арқылы тау жыныстарының жасын анықтайды. Атомдық массаның өлшем бірлігі (а.ө.б) көміртек атомының С-12 массасының 1/12 бөлігіне тең.

wodor_o

Өнеркәсіпте сутекті метанды (табиғи газдың негізгі бөлігі) сумен әрекеттестіріп немесе көмірді су буымен әрекеттестіріп алады. Зертханада сутекті металдардың қышқылдармен, мысалы мырышты тұз қышқылымен әрекеттестіру арқылы, немесе суды электролиздеу арқылы алады.

wodor_w

Сутек ғаламда ең көп таралған элемент. Ол жұлдыздардың негізгі құрамдас бөлігі. Сутек атомдарының ғарыштағы саны басқа элементтердің барлығының санын қосып есептегендегіден 6-еседей көп екені есептеліп шығарылған. Жерде де сутек кең таралған элемент. Ол негізінен қосылыс түрінде кездеседі. Сутектің ең көп таралған қосылысы — су. Сутек көміртек екеуі тірі табиғаттың басты құрылыс материалы. Бос күйіндегі сутектің іздері (көлемі бойынша 0,00005%) атмосфераның жоғарғы қабаттарында кездеседі. Жер қыртысы массасының 0,152% – сутектен тұрады. Жерде таралуы жөнінен сутек 10-шы орында.

wodor_wo

Қалыпты жағдайда сутек түссіз, иіссіз, дәмсіз, суда нашар еритін газ. Сутекті 1766 жылы ағылшын химигі Генри Кавендиш ашып, оны “жанғыш газ” деп атады. Сутектің үш тұрпаттық түр өзгерістері бар. Олардың өз атаулары, өз таңбалары бар: протий, дейтерий, тритий. Қалыпты сутектің массалық саны 1-ге тең, таңбасы Н. Массалық саны 2-ге тең ауыр сутек-дейтерий, таңбасы D. Тритий — сутектің ең ауыр тұрпаттық түр өзгерісі, массалық саны 3, таңбасы Т — радибелсенді, тұрақсыз.

wodor_z

Сутек аммиак және метанол алу өнеркәсібінде қолданылады. Ол сонымен қатар маргарин өндірісінде және жоғары температура беретін оттықтарда жанармай есебінде қолданылады.

wolfram_o

Вольфрамды вольфрам (VІ) оксидін сутекпен, көмірмен немесе алюминиймен тотықсыздандыру арқылы алады.

wolfram_w

Вольфрам табиғатта тек қосылыс түрінде, әдетте басқа металдармен бірге кездеседі. Вольфрамның негізгі минералдары шеелит және вольфрамит. Вольфрам Жерде таралуы жөнінен 58-ші орында. Оның жер қыртысындағы массалық үлесі құрайды.

wolfram_wo

Таза вольфрам күмістей ақ түсті жұмсақ металл, жұмсақтығы сондай, оны арамен кесуге болады. Аздап қосылған қоспалар оған беріктік пен морттық қасиет береді. Вольфрамның балқу температурасы өте жоғары 3410 ºС. Қыздырғанда вольфрам жарқырап ақ жарық шығарады. Вольфрам химиялық белсенділігі төмен элемент. Оған су, қышқыл, сілтілер әсер етпейді. Вольфрамның көп мөлшері аса қатты зат вольфрам карбидін WС алуға жұмсалады. Вольфрамды 1781 жылы швед химигі Карл Вильгельм Шееле ашты, ал 1783 жылы алғаш алған ағайынды д’Эльгуар. Атауы немістің “Wolf” “қасқыр” және “ызалы қасқырдың аузының көбігі” деген мағынаны білдіреді. Бірақ вольфрам атауы бұл элемент ашылғанға дейін-ақ қолданылған. ХІV-ХVІ ғасырларда қалайы өндірумен айналысып жүрген кеншілер қалайының кейбір рудаларын күйдіргенде оның біраз бөлігінің шлакқа кетіп қалатынын байқаған, осы руда кейін “қасқыр” (Wolf немесе Wolfert) вольфрам деп аталды. ХVІ ғасырдағы кеншілер — “қалайыны қасқырдың қойды жегені сияқты ұрлап жеп қояды” деп айтатын болған.

wolfram_z

Вольфрам жоғары сапалы болаттарға қоспа есебiнде қолданылады. Сондықтан да, оларды “вольфрамдық болаттар” деп атайды. Мұндай болаттар кескiр құралдар жасауда қолданылады. Вольфрамнан электрлiк қыздыру пештерiнiң, электр шамдарының спиральдарын жасайды. Вольфрам карбидi WC кескiр құралдар мен абразивтiк заттар жасауда қолданылады.

zelazo_o

Темiрдi домна пештерiнде руда құрамынан көмiрмен (кокспен) тотықсыздандыру арқылы алады. Таза темiрдi оның оксидiн сутегiмен тотықсыздандыру жолымен немесе темiр (II) хлоридiн электролиздеу әдiсiмен алады.

zelazo_w

Темiр жерде таралуы жөнiнен 4-шi орында, ал металдар арасында алюминийден кейiн 2-шi орында. Оның жер қыртысындағы массалық үлесi 4,6%. Бос күйiнде жерде сиректеу, бiрақ метеориттер құрамында ол жиi кездеседi. Барлық тау және топырақ құрамында темiр қосылыстары бар. Темiрдiң негiзгi рудалары: магнетит темiртас, қызыл темiртас, шпаттық темiртас және темір колчеданы.

zelazo_wo

Темір күмістей ақ түсті, қаттылығы орташа, соғылғыштығы жоғары металл. Темірдің ферромагниттік қасиеті, яғни магнит өрісінде магниттелетін қасиеті бар. Темірдің кюри нүктесі, яғни ферромагниттік қасиетін жоғалтатын нүктесі 770 ºС. Таза темір ауамен және сумен әрекеттеспейді. Бірақ темір құрамында оның бетінде оксидтердің қоспасынан тұратын тот қабатын құрайтын қоспалар болады. ¤те майда таза темір ұнтағы ауада өздігінен от алады. Темір өте ерте дәуірлерден бері белгілі. Оның дәлелі темірді бұдан 4000 жыл бұрын ежелгі Египетте шаруашылыққа қолданған.

zelazo_z

Таза темір сирек, негізінен электромагниттердің өзегін жасауда қолданылады. Керісінше темір құймалары өнеркәсіпте де, тұрмыста да өте кең қолданылады. Темір (ІІ) сульфиді Fe күкіртті сутек алуда қолданылады. Темір (ІІІ) оксиді бояу өндірісінде, шынылардың, металдардың және бағалы заттардың бетін тегістеп жылтырату үшін пайдаланылады.

zloto_o

Алтынды алудың ең қарапайым әдісі — руда құрамындағы қоспа құмды немесе кварцтық жыныстарды сумен шайқап жуу немесе алтынды ерітетін сұйықтықтармен өңдеп бөліп алу. Алтын қоры мол кендерде оны ашық әдіспен өндіреді.

zloto_w

Алтын табиғатта таза күйінде, күміспен бірге немесе мынандай минералдар құрамында өте сирек кездеседі: канаверит және сильванит.

Алтын жерде таралуы жөнінен 73-ші орында. Алтынның жер қыртысындағы массалық үлесі 1,1 % құрайды. Алтын өте аз мөлшерде теңіз суының құрамында кездеседі. Кейде алтын таза ірі кесек асылтас түрінде кездеседі. Ең үлкен асылтас 1869 жылы Австралияда Викторияға жақын жерде табылған. Оның салмағы 68 кг болды.



zloto_wo

Алтын соғылғыш, жұмсақ, ашық сары түсті ауыр металл, оны пышақпен кесуге болады. Оны 1,4 мм қалыңдыққа дейін жұқалап жаюға болады. Алтын бағалы, әрекетсіз металл, ауада өзгермейді, қышқылдармен, сілтілермен әрекеттеспейді, тек патша шарабында (тұз қышқылы мен азот қышқылының 3:1-көлемдік қатынастағы қоспасы) хлорлы сутектің алтын қышқылын түзе отырып ериді. Алтын хлормен әрекеттесіп, алтын (ІІІ) хлоридін түзеді. Алтын электр тогын және жылуды жақсы өткізеді. Алтынның құймадағы мөлшері каратпен өлшенеді. (алтынның құймадағы салмағының 24-тен бір бөлігі) Таза алтын 24 карат, І-дәрежелі таза алтын — 23 карат, ІІ-дәрежелі таза алтын — 18 карат, ІІІ-дәрежелі таза алтын — 14 карат. Алтын өте ерте дәуірден бері белгілі.

zloto_z

Алтынның күміспен немесе басқа металдармен құймалары зергерлік өндірісте, майда тиындар дайындауда және медицина мен стомотологияда пайдалынатын құрылымы өте жоғары дәлдікпен жасалынатын құралдарды жасауда қолданылады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет