Өздігінен дамыту технологиясы. Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала саласында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады. Монтессори педагогикасының ұраны баланың мұғалімге «мына менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер» деуіне жету. Баланың туғанынан азамат болғанға дейінгі барлық өмірі – оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады. Онда оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Мектепте сабақ болмайды, әр күн жалпы жиыннан басталады. Жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады.
1.1. Деңгейлеп оқыту технологиясы
Білім алушылардың даму деңгейінің біркелкі болмауынан, олардың жеке қабілеттерінің әртүрлі болуынан топта үлгермеушілер мен оқу үздіктері пайда болады.1 Сондықтан мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, тексеру, бағалау кезінде деңгейлеп, саралап оқытуды ұйымдастыруы тиіс.
Деңгейлеп оқыту идеясының авторы Н.П.Гузик сыныптағы оқушыларды да, соған сәйкес оқу бағдарламаларын да А, В, С – үш деңгейге бөлуді ұсынады.
«А» - бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының бұл деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу дағдысын, есте сақтау тәсілдерін білуді, т.с.с. талап етеді.
«В» - бағдарламасын орындамас бұрын «А» бағдарламасындағы тапсырмаларды әрбір оқушы орындауға міндетті. «В» - бағдарламасы қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл бағдарламаға бірінші деңгейдегі материалды кеңейтетін, негізгі білімді дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша мәліметтер енгізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең түсінуге көмектеседі.
«С» - бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығармашылықпен қолданылатын деңгейге көтереді. Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді. Өз білімімен мәселелер шешуде оқушыға оның логикалық
Достарыңызбен бөлісу: |