Иплом жұмысы тақырыбы


Түсіндіре оза оқыту технологиясы



бет3/19
Дата23.05.2022
өлшемі97.35 Kb.
#458538
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
дип инт ҚАЗАҚ ТІЛІ

Түсіндіре оза оқыту технологиясы. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілік саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы; бағдарламаның кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңуге, тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озатты, сосын орташаны, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады. Бірте-бірте толық дербестікке жету, сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік өзара көмек ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамытып меңгерту; түсіндіруді қабылдау.
Міндетті нәтижелерге негізделген деңгей саралап оқыту технологиясы. Білім, білік, дағдыны меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкін деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушыларды әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау. Білімінің базалық деңгейі барлық оқушылар үшін міндеттілік оқушыларға берілген тапсырманың сараланып, тапсырма оқушының күші жететіндей жайлы қолайлы болуы шарт.


Бағдарламалық оқыту технологиясы. Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізі оқытушылық тиімділігін арттыру, баланың жақсы қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаның оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен берілген.

Оқытудың компьютерлік технологиясы. Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастырып және қатынас қабілетін дамыту, жеке баланы «ақпараттық қоғамға» даярлау. Мұнда оқушының тікелей компьютермен қатынасу арқылы орындалады. Яғни баланың жақын қасиетттеріне қарай компьютерге бейім информатикамен есептеу технологиясының негізгі ұғымдарын білу, т.б.
Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту. Аталмыш бағдарламның ерекшелігі ішкі құрылымында. Құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғанысы кезеңдерінен түзіледі. Бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде үйрену не үйренгенін саралап салмақтап, оны қандай жағдайда, қаншалықты керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім жолына қайта қарап өзгерістер енгізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет