Біріккен Араб Республикасының құрылуы және құлауы. 1956 жылдан кейін Насер араб әлеміндегі ең әйгілі саяси жетекшілердің бірі болды. Египет «біріккен арабтардың» орталығы болды. Насердің артынан ерушілер араб елдерінің әрқайсысында болды, 1950 – 1960 жылдары насеризм Таяу Шығыстағы әйгілі қозғалыстардың брі болды.
1958 жылы Сирия Египетке бірігу ұсынысыен жасады. Насер бірнеше рет арабтарды бірігуге шақырғанг болатын, енді өзіне жасалған ұсыныстан бас тарта алмады. Алайда біріккеннен кейін Насер жалпы саяси желіні, сыртқы жаумен күресті, колониализмге қарсылықты түсінді. Насер ПАСВ бастамашылығын қабылдады, яғни толық мемелекеттік бірлестікті, ал ПАСВ оларға қойылған барлық мінндеттеріне, сонымен қатар саяси партияларды тарату мен саяси өмірге қатысу әскеріне жіберілмеу міндет теріне де келісті. Біріккен Араб Республикасын құру туралы Декларацияға сәйкес жаңа мемелекеттік қалыптасу негізі басқарудың египеттік жүйесі болып табылды. Өтпелі мерзім ағымында республика екі ауданнан құралуға тиісті болды–солтүстік (Сириялық) және оңтүстік (Египеттік). БАР астанасы болып Каир таңдалды, ал президенті – Насер.
Алайда Сирия мен Египет арасындағы одақ ұзақ болмады. Жылдам өскен оппозиция Сирияны БАР дан шығаруды жариялау үшін 1961 жыл дың қыркүйек айында сириялық әскерилердің сөйлегендерін қолданды.
Сирияның жоғары тап өкілдері ғана египеттік басқару формасына көңілдері толмады деп айтуға болмайды. Бірігу аяқталғаннан кейін белгілі болғандай ПАСВ жетекшілерінің арасында да көзқарастар шын мәнісінде келісім таппаған.
Достарыңызбен бөлісу: |