Қырғи–қабақ соғысы кезіндегі Палестина мәселесі



бет10/34
Дата03.01.2022
өлшемі83.38 Kb.
#450481
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
африка и израйль

1952 жылғы Революция. Әлеуметтік шиеленіс және жоғарыдағылардың дағдарысы кезінде «Еркін офицерлер» құпия ұйымы 1952 жылы шілденің 22 – нен 23 – не қараған түні Каирдағы билікті басып алады. Түрі жағынан бұл жай мемлекеттік төңкеріс болды. Одан кейінгі жағдайлар Бұл революцияны империалистікке және феоделдыққа қарсы болғанын көрсетті. Бұл азаттық қозғалыстың даму кезеңі мен Египеттің тәуелсіз дамуының басы болды. Билікке орта тап, ұсақ буржуазиялық интеллигенция келді. Фарук орнынан түскеннен кейін ел билігі Революциялық бұрық кеңесінің қолына өтті, оның жетекшісі генерал Мухаммед Нагиб және подполковник Гамал Абдель Насер. Египет республика болып жарияланды.

Жас офицерлердің нақты саяси бағдарламалары болмады. Бірақ олар ел экономикасының төмендеуі ағылшын үкіметінің үстемдіге және ірі жер иеленушілер мен буржуазияның ықпалы екеніне қатты сенді.

Алғашқы апталарда саяси полицияны жоққа шығаратын заң қабылдап, «паша» және «бей» титулдары жоққа шығарылды. Ең басты жаңалық аграрлық реформа болды, ол 1952 жылы 9 қыркүйекте қабылданды. Бұл Арабтық Шығыстағы ең алғашқы реформа болды.

Революцияға қарсы қауіпті жою үшін 1953 жылы 17 қаңтарда саяси партияларды тарату және олардың мүлігін кәмпескелеу жарияланды. Оның орнына бір ғана саяси ұйым – Азаттық ұйымы құрылды.

Египет үкіметі ең маңызды мәселенің шешілуіне қол жеткізді. 1953 жылы 12 ақпанда Каирде ағылшын – египет келісімі болып, Суданға өзін - өзі басқару құқығы берілді.

1954 жылы Насер РБК- басқарды, ал 1956 жылдан бастап елдің президенті болды. Насер үкіметінің ішкі саясаттағы алғашқы жетістік терінің бірі 1954 жылы 19 қазандағы ағылшын – египет келісімі. Ол келісім бойынша 20 ай ішінде ағылшын әскерін шығару. Бұл 1956 жылы 12 маусымда аяқталды.

1955 жылы Бағдад пактісі құрылып, Египет «араб қызығушылығының үкіметі» деп бағаланды. Сириямен бірге Египет араб мемлекеттеріне бірігуге қарсы компанияны басқарды.

1956 жылы 23 шілдеде Египет Республикасының Конституциясы қабылданып, президент Насер болып сайланды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет