Қырғи–қабақ соғысы кезіндегі Палестина мәселесі



бет9/34
Дата03.01.2022
өлшемі83.38 Kb.
#450481
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
африка и израйль

Соғыстан кейінгі Египет. Соғыс және саоғыстан кейінгі жылдардағы елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайында алға жылжушылық болып, өндірістік буржуазияның өскені анағұрлым білінсе де Египет экономи касында отарлық сипат өзгермеді.

1947 жылы египеттік пролетариаттың саны алғашқы 10 есептегенде 271 мың адам болды. Елде маман жұмысшылардың жетіспеуі байқалды; Жұмысшы табы әртүрлі ұсақ буржуазиялық, саяси буржуазиялық және саяси – діни ағымдардық ықпалында болды.

Спецификалық рөлде ұсақ қала буржуазиясы мен интеллигенция болды, олардың саны екінші дүние жүзілік соғыс кезінде өсе түсті. Бұл топтар саяси өмірде зор ықпалға ие болып, экономикалық жағынан тұрақсыздығымен ерекшеленді.

Ел тұрғындарының ең көп бөлігі – шаруалар. 1945 жылы елде 1,5 млн. жерсіз шаруалар болған, осы кезде 12 мың египеттік және шетелдік помещиктер өңделген жердің 36 пайызынан көбін иемденген. Осылайша соғыстан кейінгі ең өзекті мәселелердіәң бірі аграрлық мәселе болған. 1946 жылы 18–19 ақпанда Оқушылырдың Ұлттық комиттеті мен Жұмыс шылардың Ұлттық комитетінің біріккен отырысы болып, онда ортақ Жұмысшылар мен оқушылардың Ұлттық комитетін құру мәселесі қаралды. Бұл комитетке қала пролетариаттары, орта және аралық ұлттық буржуазия топтары қарады. Оған Вафд оппозициялық партиясының өкілдері солшыл вафдистер, коммунистік топ және кәсіподақтар өкілдері қатысы.

Азаттық қозғалыстың күшейген кезінде демократиялық кәсіподақтар Египеттің жұмысшы кәсіподақтар конгресіне бірікті. Шілде айының басында Конгресс барлық отансүйгіштерге 11 шілде Египетте Ағылшын үкіметінің орнауына 64 жыл толған күнде жалпы баскөтеруге шақырды. Жауап ретінде ірі қаржыгер және жериеленуші Сидки, демократиялық қозғалысқа тойтарыс беру мақсатында барлық солшыл ұйымдарды жауып, жұмыстарын тоқтатты, олардың қатарында Жұмысшылар мен оқушылардың Ұлттық комитеті және Египет жұмысшыларының кәсіподақ конгресі де болды.

Египет үкіметі Израилмен соғыста жеңіл жеңіске жетеміз деп ойлады. Алайда Египет барлық жағынан алғанда да соғысқа дайын емес еді, египеттік армияның жеңіліс табуынан елде үкіметке қарсы ереуілдер басталды.

1950 жылы Египетте парламент сайлауы өтіп, онда вафд партиясы жеңіске жетті. Партия жетекшісі Мұстафа Наххас жаңа кбинет құрады. Сайлаудан кейін демократиялық жаңа толқын басталды, олардың ең басты талабы тәуелсіздік болды. Алайда вафдистер елдің Англия дан азат етілуі келісімдер арқылы болу керек деп есептеді. 16 айға созылған бұл келісімдер нәтижесіз аяқталды. Англия Суэцк каналына жаңа әскерилерді әкеліп орналастыра бастайды, ал 60 мыңдай египеттік жұмысшылар мен әскерилер канал аумағынан кетті. Бұл оқиға елге және елден тыс жерлерге қатты әсер етті. Осының әсерімен партизан отрядтары құрылып, ол шетел үкіметіне қарсы қарулы күреске жалғасты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет