1969–1980 жж. Ливия. 1969 ж. қыркүйек төңкерісі және мемлекет құрылымындағы өзгерістер (1969-1973 жж.) 1 қыркүйек 1969 ж. ливия лық армия офицерлерінің көтерілісі нәтижесінде Идрис режимі құлатыл ды. 6 қыркүйекте Идрис I өз еркімен тақтан түсті. Билік 12 офицерден құралған Революциялық басқару кеңесіне (РБК) өтті. Оны 29 жастағы капитан Муамар Каддафи басқарды. «1 қыркүйек төңкерісі» монархиялық жүйенің әлеуметтік-экономикалық сұрақтарды шеше алмауынан туды. Ол уақытқа дейін онда империализмге қарсы идеялар қалыптасқан еді. С1 қыркүйек төңкерісінің нәтижесінде монархия құлатылды.
11 желтоқсан 1969 ж. РБК уақытша конституция мәтінін жариялады. Оған сәйкес Ливиялық араб республикасы құрылды. РБК барлық заң шығару құқын иеленді. Министрлер кеңесін РБК тағайындады. Консти туциялық декларация социалистік бағыттағы қоғам құруды мақсат тұтты. Ақысыз білім, «әлеуметтік-саяси қайта құрулар жасауға» уәде берілді. Алайда ол жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын жекеменшік иелерінің мүдделерін орғады. Жаңа баслық теңсіз келісімдерді қайта қарау және АҚШ және Ұлыбритания әскери базаларын жоюға бағыт алды. 1970 ж. наурызда ағылшын әскерлері, ал маусымда американ әскерлері әкетілді. Ливия басшылары шетел капиталының ел экономикасына ықпалын шектеуге кірісті.
11 маусым 1971 ж. РБК – Араб социалистік одағын (АСО) құрды. Одан тыс барлық саяси әрекетке тиым салынды. АСО төрағасы болып М.Каддафи сайланды.
1970 ж. 1 жартысында Ливияда әлеуметтік-экономикалық қайта құру жұмыстарын кеңейту және тереңдетуге бағыт жалғасты; қоғамдық сұрақтарды шешуге жұмысшы бұқара араласуы кеңейді; американдық мұнай компаниялары ұлттандырылды. Сыртқы саясатта «бірікпеу және нейтралитет» концепциясы орнықты. Сонымен қатар Ливияның социалистік елдермен экономикалық, саяси және әскери салаларда қарым-қатынас орнатуы кеңейтілді.
Достарыңызбен бөлісу: |