Қырғи–қабақ соғысы кезіндегі Палестина мәселесі


«Халық төңкерісінің» бағдарламасы



бет19/34
Дата03.01.2022
өлшемі83.38 Kb.
#450481
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
африка и израйль

«Халық төңкерісінің» бағдарламасы Ливиядағы әлеуметтік-экономи калық және саяси реформалардың идеялық-теориялық платформасы «үшінші әлемдік теория» болды. Оны алғаш 1973 ж. мамыр айында М.Каддафи құрастырып, 1976-1979 жж. «Жасыл кітапта» баян етілді. Автордың айтуынша бұл теория «шынайы төңкерілісшіл ислам және араб ұлтшылдығы» принциптеріне негізделеді. Ішкі жоспар бойынша ол «қоғамдық халық бұқарасын», «тікелей халықтық билік» - «джамахирии» құруды ұсынады. Халық барлық мемлекеттік жұмыстарды басқару керек. Иделологиялық тұрғыда Каддафи капитализмді де, коммунизмді де жоққа телиді. Тарихтың басты қозғаушы күші ұлтшылдық пен дін деп тұжырымдап, «үшінші әлемдік теория» әлеуметтік дұрыстық принциптері Құранда және барлық жұмысшылардың тікелей өнеркәсіпті басқаруға тең дәрежеде қатысып, өндірілген тауарды өзара бөлісу керек дем айтады.

Сыртқы жоспар бойынша джамахири жүйесін қалыптастыру көзделді. «Үшінші әлем теориясы» дамушы елдер тарихын шешуге тиімді ең дұрыс жол деп көрсетілді. «Үшінші әлем теориясы» және төңкеріс бағдарламасының ықпалымен елде орын алған заң актілері қайта қарала бастадыф. 1974 ж. күзінде РБК шариатқа негізделген бірқатар заңдар шығарды. Қабылданған заңдар елге ішімдік әкелу, сату, өндіру, пайдалануға қатаң тиым салды. Шариатқа сәйкес жанұя және неке заңына өзгерістер еңгізілді. Алайда М.Каддафи конфепциясын еңгізу бірқатар қиындықтарға тап болды-Египет және Тунисті (1970 жж. басында) бірік тіру талпыныстарынан бастап, халық коммитеттерін құру және прокапи талистік күштердің әлеуметтік-экономикалық процеске қарсы келуге дейін. Революцияшыл басшылықтың демократиялық қайта құрулар жүргізуге бағыт алуы жергілікті буржуазия наразылығын тудырды. Елде саяси партиялар жоқ болу жағдайында оппозиция антирефолюциялық офицерлердің жартысын өкіметті құлатуға қолданды. 1975 ж. маусымында үкімет трибунасын атуға сәтсіз әрекет жасалды. Тамызда офицерлер тобы РБК мүшесі О.Мохейші басшылығымен төңкеріс жасауға талпынды. Бұл әрекет әшкереленген соң, олар шетелге қашты. Оппозицияның әрекеттеріне қарамастан, М.Каддафи «халықтық революция» шегінде істерін жалғастыра берді. 1975. 18 қараша декреті бойынша джамахирии органдарын бекітті – халық коммитеттері және профсоюздерді. 1976 ж. қаңтарда АСО орнына келген Жалпы халық конгресі (ЖХК) 1-сессиясы өтті. ЖХК жоғары заң шығару органына айналды. Конгрестің төрағасы болып А.С.Джеллуд сайланды.

«Жасыл кітап» негізімен «қоғамдық халықтық бұқара» құру жүйесі жалғасты. 1977ж. 2 наурызда Себхе қаласында ЖХК төтенше сессиясы өтіп, «тікелей халық билігі» жүйесі деклорациясы қабылданды. Құран «қоғам заңы» деп жарияланып, де-факто 1969 ж. Конституциялық заң күшін жойды. ЖХК бас төрағасы болып М.Каддафи сайланды. Ливия үкіметі Жоғары халық коммитеті (ЖХКОМ) болып өзгертілді, ал министрліктер – секретариаттар деп. Халықтық үкімет басшысы – А.Обейди. ЛАР – Социалистік Халықтық Ливиялық Араб Джамахириясы (СХЛАД) деп жаңашаландырылды. Ливияның саяси жүйесін ливиялық революциялық идеологтар ерекше деп бағалап, джаахири деп атайды. Көптеген елдерде бұл ел атауының синонимі ретінде қабылданады. 1977 ж. күзінде «елде революциялық коммитеттер» құрылды. Оған «революция бағытына» берілген дәне М.Каддафиге сөзсіз жүгінетіндер қабылданды. Ревком мүшелері мемлекет басқару ісінде шексіз билік иеленіп, ел басшылығына тікелей бағынды.

1979 ж. 1-2 наурызда Ливияның мемлекеттік құрылымына жаңа өзгерісте енгізілді. ЖХК сессиясы өткізіліп, онда М.Каддафидің «билікті революциядан бөлу» ұсынысы қаралды. М.Каддафи мен ЖХК бас төрағаларының 5 мүшесі Ливиядағы жоғары билікті өз қолдарына шоғыр ландырды. Өзінің іс-әрекетінде ол революциялық коммитеттерге және қарулы үшке сүйенді. Осылайша елде саяси ұйым құрылды.Елдегі саяси жағдайды дамытуда Ливия басшыларының сыртқы, халықаралық іс-әрекеті қатты әсер етті: Египет және Туниспен бірігу әрекеттері, социа листік елдермен байланыс орнату, әлемдегі барлық радикалды–анти империалистік және азаттық қозғалыстарға қолдау көрсету. Осылайша 1977 ж. 2-5 желтоқсанда Триполиде Ливия, Алжир, Сирия, НДРЙ және Палстинаны азат ету ұйымының кездесуі өтті. Нәтижесінде антиизраильдік сипаттағы Қарсылық және төзімділіктің ұлттық майдан (НФСП) құрылды. Осымен қатар Триполиде Жалпы арабтық ұлттық конгресінің (ОНК) жиыны өтті.

АҚШ әкімшілігі Ливияны өзінің Таяу шығыс және Африкадағы стратегиялық қарсыластарының қатарына жиі-жиі қоса бастады. «Үшінші әлемдік теория» бойынша елде «жаңа социалистік қоғам» құру идеясы мемлекеттік аппарат тарапынана қарсылық көрді. Осындай жағдайда билеушілер оппозициялық көзқрастармен және коррупциямен күресті жалғастырды. 1983 ж. көктемде ревком күшімен бұқаралық ақпарат құралдары мен университеттерде тазарту жүргізілді. 1986 ж. ливия халқының үлесіне ауыр күндер түсті. 15 сәуір 1986 ж. АҚШ әуе күштері Ливия территориясындағы бірқатар объектілерді бомбылады. Нәтижесінде жүздеге адамдар өлді, жараланды, және де М.Каддафиді 18-айлық қызы қаза болды.

Америка билеушілері осындай әрекетпен М.Каддафидің ықпалын әлсіретпек болса керек. Алайда ешқандай жарылыс болмады. Елді батысқа қарсы демонстрациялар шарпып өтті. М.Каддафидің беделі бұл жағдай ларда өсе түсті. 1988 ж. 12 маусымда барлық саяси тұтқындарды босату және оларға арналған түрмелерді жою туралы заң қабылданды. М.Каддафи Триполидегі бір түрмені қиратуда өзі қатысты. Құжат «Джамахири» дәуіріндегі адам құқы туралы хартия деп аталды.Жаңа құжат тек нақты конституциялық негі салып қана қоймай, сонымен қатар кең түрде экономикалық және саяси құқықтар берді: профсоюздар құруға, еңбек етуге құқық, білім алуға, көшу және тұрақты мекен етуге. Ерлер мен әйелдер теңдігі, жердің тек бір адамға тиесілі еместігі айқын көрсетілджі. Ұлы джамахири хартиясының ерекше бөлімі – «джамахири қоғамының мүшелері күш, зорлық террор қолдануды қолдамайтындығы» көрсетілді. Ливиялық билеушілер халықаралық террордан алшақтады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет