Соғыстан кейінгі жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыс 1945-1947 жж. Алжирдің соғыстан кейінгі статусы анықталу барысында алдынғы қатарға Алжир коммунистік партиясы және Франко-мұсылмандық демократиялық одақ шықты. 1945 ж. қазанында Францияның бірінші Атқарушы кеңесінде олар 26 орынның 14-ін иеленді. Алайда ұлттық факторды асыра бағалау,1946 ж. өзінде алжирлықтардың тәуелсіздік алуға талпынысы отарлауға қарсы күресте инициативның радикалды ұлтшыл күштерге көшуіне әкелді. Бұған елдегі саяси партиялардың іс-әрекетін заңдастыру ықпал етті. 1946 ж. наурызда құрылған Алжирдің Демократиялық Одағының Манифестінің лидері Ф.Аббас алға тартқан конституция жобасына сәйкес оның территориясында Франция федерациясы түрінде автономды мемлекет құру туралы ұсыныс болған еді. Бірақ оны Париж қолдамады. Бұл француз өкіметімен жақсы қарым-қатынастарды шектеді.
1946 ж. қарашада алжир халқының партиясынан тыс демократиялық еркіндіктердің алға шығу үшін Қозғалыс пайда болды. Ішкі қайшылықтарға қарамастан ол бұқара арасында өз позицияларын бекіте бастады. 1947 ж. ақпанда парламенттік күрес әдістерін қолдамайтындар мен «төңкерілісшілер» Арнайы ұйым құруға шешім қабылдады. Жаңа басшылық жаңа партияның барлық үш тобымен Мессали Хаджды жаулап алды. Арнайы ұйым басына бұрынғы француз армиясының унтер-офицері араб Ахмед бенБеллуді отырғызды. Ұлтты азат етуге алжирлік улемдер үлкен үлес қосты. Олар отарлауға қарсы үгіттеулерін 1946 ж. көктемде тұтқынға алынған көшбасшысы Башир аль-Ибрахим босатылған соң жаңдандырды. Ол өкіметтің мұслман культтарының күресіне араласуын тоқтатуды және 1945 ж. мамыр көтерілісінің қатысушыларын амнис тиялауды талап етті.
Сонымен қатар Алжирде Құрылымдық бейберекеттік орын алды: елде бұрынғы билеу жүйесі сақталды. Елде демократиялық бостандық бұзу, патриоттарды тұтқындау жалғасты, шаруаларды жеріздендіру үдеді, қала халқы арасында жұмыссыздық өсті. Бұл жағдайда ұлттық қанау фактілері ауыр тиді, әсіресе жұмысқа орналасу барысында алжирліктерді ашық түрде кемсіту. Осының бәрі демократиялық еркіндіктерді нығайту үшін Қозғалыстың беделін өсірді. 1950 ж. көктемде милиция Арнайы ұйымдардың жасырын бөлімдерін тауып алды. 1951 ж. олар түрлі жаза алды. Алайда 1952 ж. оның ең беделді мүшелері қашып кетті. Египетке кеткен Бен Белла, Махсас және басқалар Каирде штаб-квартира жасап, Қозғалыспен бақталастық бастады.
1951 ж. маусымында отарлау әкімшілігі көз бояушылықпен Франция парламентіне лжирліктерден мүшелер сайлады. Ол тұста ұлттық күресте берік позицияғатұрған Алжир коммунистік патиясы, Алжир манифестінің демократиялық одағы, Улемдер ассоцияциясы, Демократиялық еркіндіктер үшін Қозғалыс қарсы жауап ретінде 1951 ж. шілде айында Алжирлік қорғаныс және еркіндікті сыйлау шебін құрды. Оған кірген партиялар жалған сайлауды шынайы деп табуды талап етіп, толқулар ұйымдастырды. Ішкі қайшылықтарға байланысты Фронт 1952 ж. қарашасына дейін ғана өмір сүрсе де, оның бірге әрекет ету бойынша жинаған тәжірибесі одан кейінгі отарлауға қарсы күресте маңызды болды. Фронттың құлауымен ұлттық партияларда дағдарыс пайда болды. Олар ішінара көзқарастарына қарай бөліне бастады. Арнайы ұйымның жасырынып үлгерген бөлігі өзіндік фракциясын құрып, 1954 ж. көктемде Бірлік пен іс-әрекет революциялық комитетін ұйымдастырып, әскери қимылға дайындала бастады. 1954 ж. шілдеде Бен Мхиди, Битат, Будиафа, Дидуш, Бен Булаид қатысуымен Революциялық ұлттық кеңес құрылды. Кейінірек оларға Кабилии Белькасем Крим, және де шетелдік эмиграция көшбасшысы Айт Ахмед, Бен Белла, Хидер қосылды. Ақырғыдар дипломатиялық көмек пен әскери-техникалық жабдықталуға жауапты болды. 10 қазанда Бірігудің ұлттық кеңесі астындағы бағынышты күштерінің бәрін Ұлттық азат ету фронтына (ФНО )біріктірді, ал оның қол астындағы қарулы құрылымдарды – Ұлттық азат ету Армиясына (АНО).
Достарыңызбен бөлісу: |